1)Оқылым.(1б) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау,көтерілген мәселеге баға беріп,мәліметтер мен пікірлерді өңдеу білу
1-тапсырма.Мәтіннің негізгі ойды анықтаңыз (0,5 б)
2-тапсырма.Мәтінде берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеп,көтерілген мәселені анықтап баға беріңіз (0,5 б)
Бүгінгі таңда жаһандану – қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоютын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үрдіске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық-мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үрдісті жан-жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Жаһандану кеңістігіндегі әрбір ұлттық мәдениет рухани жағынан екі бағыттарда дамуы мүмкін – прогрессивті және регрессивті. Ол, әрине, ұлттық мәдениеттің ішкі потенциалына, менталитеттік деңгейіне, тектілігіне (тарих, этнопсихологиялық ерекшелік, өсу мен даму процестерінің дәйектілігі мен тиянақтылығы) және жаһандану процесінің табиғатына (позитивтілігіне немесе негативтілігіне) байланысты. Жаңа мыңжылдық табалдырығында тұрған қоғамымыздың өтпелі кезеңінде ертеңгі болашақ мәдениет, дәстүрлі құндылықтар мен өркениетті құндылықтар, дәстүрлер және жаңартулар, заман талабы мәселелерінің ара-қатынасын шешуде туындайтын сұрақтардың жауабын өткен заманнан, Уақыт пен Тарих шеңберінен іздеу қажет. Қазақ мәдениеті әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өзіндік табиғи-ландшафттық жағдайларда – ерте кезден Батыс пен Шығыс мәдениеттерін байланыстырып келген Еуразияның орталық территориясындағы Ұлы дала ареалында қалыптасты. Орталық Азияның халықтары мен ертедегі тайпаларының палеолит, қола дәуірінен бастап мәдени дәстүрлері ғаламдық жалпыадамзаттық заңдылықтардың динамикасы ағымындағы социомәдени процестерді бастан кешіріп, номадизмге тән көшпелі мал шаруашылығының ықпалымен қалыптасты. Кейін толық құралып біткен жергілікті, төл (автохтонды) дәстүрлер әртүрлі шекаралас, жапсарлас жатқан халықтар мен елдердің мәдени ықпалын бойына сіңіре отырып, қазіргі мәдениеттанымдық теориялық тұрғыдағы зерттеулерді талап ететіндей күрделі және біртұтас феномен – дәстүрлі этномәдениетті дүниеге әкелді.
Дәстүр мен Жаңашылдық арақатынасы кез-келген ұлттың әлеметтік-мәдени динамикасында, әсіресе транзитті қоғамдарда күрделі және қайшылықты мәселелердің қатарына жатады. Олардың өзара әсерінің негізгі үш формасын айқындауға болады: біріншісі – жаңашылдыққа қарсылық көрсете отырып, оны теріске шығару және ескі тәртіпке сүйену; екіншісі – жаңашылдыққа бейімделе отырып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі – жаңашылдықты өзгерте отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру.
Егер мәдени Жаңашылдық қоғамға тереңінен сіңіп, ал мемлекет – Дәстүрдің сақтаушысы болса, онда бұл талас соңғысының мүддесіне шешілмейді. Қазақстандық қоғамда ұлттық дәстүрді қайта жандандыру бұқаралық сипат ала алған жоқ. Сондықтан тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі қалыптарды бұза отырып, нарыққа бейімделу барысында жаңашылдық пен таңсық атаулының барлығын байыбына барып сараламай қабылдауда немесе жөн-жосықсыз жұтуда. Тұрғындардың келесі бір бөлігі – орта және онан жоғары буын өкілдері реформаға қарсы шығып, ескіні қайтаруды талап етіп, дәстүршілдікті көксейді. Жаңа жағдайға тез бейімделе алғандар – негізінен қала жастары. Бірақ бұл жерде жаңашылдық дәстүрге сай формаларға бейімделген. Бұл қоғамда мәңгүрттену үрдісінің етек алып келе жатқандығын байқатады.
ХХ ғасырдың ортасына дейін дәстүрлердің барлығы, инновацияны мүлде қабылдамайтын, тек тежеуші күш деп саналған М. Вебердің көзқарасы үстем болды. Батыс мәдениеттануы қоғамдарды дәстүрлі және модернистік қоғамдар деп бөлді. Кеңестік кезеңнен кейінгі ғылымда белгілі бір дәрежеде бұл дилемма толығымен қабылданбайды. Себебі дәстүр мәдени құндылықтарды тасымалдау беру механизмдерімен, яғни мәдениеттің өз қызметімен теңестіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |