Метод грекше



бет3/3
Дата16.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#139741
1   2   3

3. Өнімді оқыту әдістері
Өнімді оқыту – объективті және субъективті білімдік өнімді жасаудың нәтижесі болатын, білімдік қызмет кезінде болып жатқан адамның жеке өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі және процесі. Оқушының сыртқы өнімдері, оның сапалы ішкі жетілдіруі және өзіндік жүзеге асыруын бір уақытты қамтамасыз етіп және анықтай отырып, оның жағдайының шегінде болмыстың әлеуметтік және мәдени түрлерін құрады.

Өнімді тұлғалы бағытталған білімді қамтмасыз ету көзқарасында А.В.Хуторской өнімді оқытудың бір топ әдістерін қарастырады. Білімнің өнімді бағытына негізделген оқыту, білімдік қызметтің мынадай түрлеріне сүйенеді және оқушыларға мүмкіндік береді:

1. Қоршаған ортаны тануға;

2. Білімдік өнімді онымен бірге құруға;

3. Білімдік процесті ұйымдастыруға.

Қызметтің бұл түрлерін когнитивке, креативке және ұйымдастырушылық қызметке сай деп атайды.

Оқытудың когнитивті әдістері немесе оқу танымының әдістері, ғылыми әдістеріне, метапәндік және оқу пәндік әдістеріне бөлінеді. Ғылыми әдістері – бұл физикадағы, математикадағы, географиядағы және басқа ғылымдағы зерттеу әдістері. Бұларға салыстыру, ұқсастық, жинақтау, топтастыру және басқа әдістер жатады.

Оқу пәнінің әдістері, бір жағынан ғылыми теориясынан алынған, екінші жағынан нақты білімдік салаларды және заттарды тікелей меңгеруге жатады. Бұл негізгі білімдік объектілердің зерттеулік әдістері, мәдени-тарихи ұқсастықпен оқушылардың білімдік өнімінің салыстыру әдістері, негізгі мәселелер мен оқу курстарының тақырыбын зерттеуінің дәстүрлі әдістері.

Оқытудың когнитивті әдістерінің ерекше түрі – білімнің метамазмұнына сәйкес метатәсілдер болып саналатын метапәнділер.

Танымдық әдістердің ерекшелігі – оны қолдану білімдік өнімді құруға, яғни креативті нәтижеге әкеледі. Сондықтан танымдық әдістер, сондай-ақ креативті болып саналады. Бірақ берілген әдістерді қолданудың бастапқы мақсаты объектіні тану болып табылады, сондықтан оның негізгі ерекшелігі креативті процестермен емес, когнитивтімен байланысқан.

А.В.Хуторской келесі әдістерді бөледі:

1. Эмпатия әдістері басқа объектінің жағдайында адамның «сезінуін» көрсетеді. Эмпатия әдісін табысты қолданудың шарты оқушылардың белгілі бір жағдайы, мұғалімнің құрған көңіл-күйі. Бастапқыда бұл қандай да бір қуанышпен балалар көңіл бөлетін ойын түрінде болуы мүмкін. Сонан соң білімдік нәтижелер алынғаннан және түсіндірілгеннен кейін, оқушылар берілген әдіске күрделі қарамай, оны шын оқу әдісінің деңгейіне алады.

Ағаштың, тастың, мысықтың, бұлттың, майшамның және басқа да білімдік объектілердің мәнісіне төселуге мынандай сөздік жазуларды қолдануға көмектесед: «сіздің алдыңызда тұрған гүлді өзіңіз деп есептеңіз, сіздің басыңыз – гүл, денеңіз – сабақ, қолыңыз – жапырақ, аяғыңыз – тамырлар...» дегенді ойлап көріңіз. Оқушы жақсы «төселу» кезінде объектіге - өзіне сұрақтар қояды, сезімдік деңгейде қабылдауға, түсінуге, жауабын көруге ұмтылады. Мұнда туылған ойлар, сезімдер, сезінуі оқушының білімдік өнімі болады, содан кейін олармен ауызша, жазбаша, белгімен, двигательді, музыкалы немесе суреттемелі түрде көрінуі мүмкін. Берілген жағдайда объектіні бақылау өзін-өзі бақылауына ауысады.

Мұндай жаттығулар ойлау қабілетін және әр түрлі көзқарастағы жағдайды түсінуді дамытады, танымға санасын ғана емес, сезімін де кірістіруге үйретеді.

Берілген әдіс әдеттен тыс тиімді болып шықты, өйткені балалардың әдетте қолданылмаған мүмкіндіктерін кірістіреді. Төменгі мектеп жасындағы бақылайтынды ойлау қабілеті тән, олардың «адамдандыру» әдісін қолданып, қоршаған дүниені сезіммен тану керек.

2. Мағыналық көріну әдісі. Бұл өткен әдісті тереңдету және жалғастыру. Мұнда белсенді сезімді – ойлы танымдық қызметтен тұратын оқушының белгілі бір күйін құру талап етіледі. Мұғалім оқушыларға мағыналық, сұрау үшін келесі сұрақтарды ұсынуына болады: Бұл объектінің себебі қандай, оның шығу тегі не? Оның ішінде не болып жатыр, ол неден тұрады? Басқа емес, неге ол осындай? Берілген әдісті мақсатты қолдану жөніндегі жаттығулар оқушылардағы интуация, ояну тәрізді танымдық сапаларды дамытуға әкеледі.

3. Бейнелеп көріну әдісі – объектіні эмоционалды –бейнелі зерттеу. Мысалы, санға, пішінге, сөзге, белгіге немесе шынайы объектіге қарап, ондағы көрген бейнелердің суретін салып, неге ұқсайтынын бейнелеу ұсынылады. Білімдік өнім оқушылардың бақылау нәтижесі тәрізді, сөздік және графикалық бейнелі түрде көрінеді, яғни оқушылар өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін жазады және суреттейді.

4. Символдық көріну әдісі. Бұл әдіс объектінің және оның символының арасындағы байланысты оқушының ізденуінен және салуынан тұрады. Символ мен оның обектісінің қатынасының жағдайын анықтағаннан кейін, мұғалім оқушыларға қандай да бір объектіні көру мақсатымен бақылауды, оның символын графикалық, белгілік, сөздік немесе басқа түрде бейнелеуді ұсынады. Жасаған «символдарды» балалардың түсіндіруі және талқылауы басты орын алады.

5. Эвристикалық сұрақтар әдісі. Ежелгі римдік педагог және шешен Квинтилиан талдап жасаған. Қандай да бір оқиға немесе объекті жөнінде мәлімет ізденуі үшін келесі 7 сұрақ қойылады: Кім? Не? Не үшін? Қайда? Қалай? Қашан? Берілген сұрақтарға жауаптар және олардың барлық мүмкін болатын байланыстары маңызды идеялар мен зерттелетін объектіге сәйкес шешімдер тудырады.

6. Салыстыру әдісі. Әр түрлі оқушылардың мәліметтерін атақты ғалымдар, философтар, әр түрлі аналогтарды өзара салыстырған кездеьқалыптасқан мәдени-тарихи аналогтармен салыстыру үшін қолданылады. Берілген әдіске оқыту үшін оқушыларға сұрақтар ұсынылады: Салыстыру деген не? Ылғи және барлығын салыстыруға бола ма? Сендердің ойларыңша не салыстыруға келмейді және салыстырылмайтынды салыстырып көріңдер.

7. Эвристикалық бақылау әдісі. Бақылау – оқушының білім бұлағы, яғни оны оқытудың эвристикалық әдісіне жатқызуға болады. Берілген әдістің мақсаты – балаларды бақылаудың көмегімен білімді алуға және құруға үйрету.

8. Фактілер әдісі. Оқушылардың физикалық сезім мүшелерін саналы меңгеруі танымдық қызметінің жүйелі дамуын талап етеді. Бәрінен бұрын, бұл фактіні іздеу, факт еместерден олардың айырмашылығы тәрізді таным кезеңіне жатады. Не көріп отырғанын, естігенін, сезгенін, олардың не ойлағанын айыру оқушыларға оңай емес екендігін тәжірибе көрсетеді.

Білімдік объектілердің физикалық сезім мүшелерінің көмегімен нақты қабылдануының қажеттілігі оқытудың берілген әдісін қолдануды және білімнің әдеттегі мазмұнының өзгеруі мен қайта қарауын талап етеді.

9. Зерттеу әдісі. Оқушыларға тапсырылған объектіні келесі жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсат – жұмыс жоспары – объект туралы факт – тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, гипотезалар – рефлексті пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылар. Барлық айтылған қадамдарды жүйелі орындап, әр оқушы өзінің практикалы жеке білімдік нәтижесін алады.

10. Ұғымдарды құрастыру әдісі.Оқушыларға жасалынған жұмыстарын теориялық қорытындылау мынандай жүйеде ұсынылады: фактілер – олар туралы сұрақтар – жауаптар гипотезі – теориялық модельді салу – модельдің салдары – модельдің дәлелдемелері – модельді қолдану – мәдени аналогтардың модельді салыстыру. Теориялық модельді оқушылардың құрастыру тәсілдері оқып жатқан білім саласынан немесе тақырыбынан тәуелді педагогпен қойылады.

11. Гипотеза әдісі. Оқушыларға тапсырма ұсынылады – мұғалімнің қойған сұрағына немесе проблемасына жауаптардың мәліметтерін құрастыру. Бастапқы мақсаты мәліметті құрастыру үшін негізгі таңдау болып табылады. Оқушылар негізі ұстанымдарын немесе проблемаға көзқарасын ұсынады, гипотезаны құруға әр түрлі ғылыми, әр түрлі жоспарлы әдісті меңгереді. Сонан соң едәуір толық немесе нақты сұраққа өз жауаптарының нұсқаларын логикаға және интуацияға сүйеніп тұжырымдайды. Гипотеза әдісі «егер... не болады» түріндегі болжамдық тапсырмаларды шешу кезінде дамиды. Болашаққа саяхат әдісі алдын ала дағдыны, болжауды, гипотетикалықты дамыту тәсілі ретінде қандай да бір білім саласында тиімді.

12. Қателер әдісі. Берілген әдіс процестерді тереңдету үшін қателерге төтеп берген негативтік қарым-қатынасын өзгертуді, қатені және псевдоқатені конструктивті қолдануына оны ауыстыруды ұйғарады. Қате жалпы алынған қарсыластықта туатын қайшылықтардың, құбылыстардың, ерекшеліктердің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Қатеге көңіл аудару оны түзету мақсатымен ғана емес, себебін, оны табу тәсілін білу үшін де маңызды болуы мүмкін. Қатенің «дұрыспен» өзара байланысын табу оқушылардың эвристикалық қызметіне жағдай жасайды, оларды қандай да бір білімнің вариативтілігі мен қатыстылығына әкеледі.

13. Ұғымдарды құрастыру әдісі. Оқушылардың оқылған ұғымдарын қалыптастыру олардағы бар ұсыныстардың маңыздалуын басталады. Мұндай жұмыстың нәтижесі тақтада жазылатын, бірігіп қалыптастырылған ұғымның анықтамасы – ұжымдық шығармашылық өнім болып табылады.

Сонымен бірге мұғалім балаларға әр түрлі оқулықтың немесе басқа кітаптың авторлары келтірілген ұғымдардың басқа тұжырымдамаларымен танысуды ұсынады. Әр түрлі тұжырымдамалар оқып жатқан ұғымдар жөніндегі олардың тұлғалық өзін-өзі тану ретінде оқушылардың дәптерлерінде қалады.

Креативті әдістер оқушылардың тұлғалық білімдік өнімін құруға бағытталған. Басты нәтижесі жаңа өнімді алу болып табылады.

Ойлап табу әдісі – бұл олардың белгілі бір саналы іс-әрекетінің нәтижесіндегі оқушыларға белгісіз алдыңғы өнімін құру тәсілі. Әдіс келесі амалдардың көмегімен жүзеге асады:


  • Жаңа объектіні құру мақсатында бір объектінің сапасын екінші объектінің сапасымен орнын басу;

  • Басқа ортадағы объектінің қасиетін табу;

  • Оқылып жатқан объектінің элементін өзгерту және жаңа, өзгертілген объектінің қасиетін бейнелеу.

Бейнелі сурет әдісі оқылып жатқан объектінің қабылдау және түсіну оқушыда сол объекті қабысып біріккендей, біртұтас бөлінбегендей әсер күй туғызады. Нәтижесінде оқушыда гүлдің, ағаштың, бұлттың, жердің немесе бүкіл Ғарыштық бейнелі суреті пайда болады. Адамға танылатын объектінің тұтас бейнесін бере және құра білу өте маңызды болғандықтан, оқушыларға табиғаттың немесе бүкіл негізгі терминдердің көмегімен табиғаттың іргелі негіздерін, олардың арасындағы байланыстарды көрсету ұсынылады. Осындай жұмыс кезінде әр оқушы әр түрлі ауқымды ойлап, ғылымның әр саласына өз білімдерін қатыстырып қана қоймайды, бейнеленетін шындықтың мәнісін біледі және сезінеді де. Мұндай тапсырманы жылына 2-3 рет ұсына отырып, оқушылар әлеміндегі өзгерістерді бағалауға, оқыту процесінде қажетті түзетулерді енгізуге болады.

Гиперболизация әдісі. Таным объектісі кеңейеді немесе кішірейеді, оның жеке бөлімдері немесе сапасы: ең ұзын сөз, ең кіші сан ойлап табылады, үлкен бастарымен немесе қысқа аяқтарымен басқапланеталықтар бейнеленеді; ең ащы қияр немесе ең тәтті шай дайындалады. Мұндай елестетулердің бастау нәтижесі шындықтан қиялға шығу негізінде баланс жасайтын «Гиннес Рекордтарын» беруі мүмкін.

Агглютинация әдісі. Оқушыларға шындыққа жанаспайтын сапаларды, қасиеттерді жалғастыру, мысалы, ыстық қарда, күз шыңын, жоқтың көлемін, тәтті тұзды, қара түсті, әлсіздіктің күшін, жүгіріп жүрген ағашты, ұшып жүрген аюды, мияулап жүрген итті бейнелеу ұсынылады. «Мимен шабуылдау» (С.А.Осборн). Әдістің басты мақсаты – ойлау инерциясынан және стереотиптердің талқылауынан қатысушыларды босату нәтижесіндегі идеялардың мүмкіндігінше көпшілігін жинау. «Шабуыл» дайындықтан басталады – дайындау жөніндегі сұрақтарға тез жауап табу. Содан кейін тағы да қойылған мақсат нақтыланады, қарастыру барысы ескеріледі, сонан соң – старт.

Әркім өз идеясын айтып, толықтырып, нақтыландыруына болады. Топтарға айтылып жатқан идеяларды қағазға түсіріп отыру мақсатымен, эксперт қойылады. «Шабуыл» 10-15 минутқа созылады. «Шабуыл» үшін дәстүрлі емес шешімдер талап ететін сұрақтар ұсынылады. Мысалы, катушкаға оратылған мыс сымның ұзындығын, оны шешпей қалай анықтау керек? Компассыз, танымайтын планетада магниттік өріс бар ма, жоқ па, мұны қалай анықтауға болады? Қосымша жарық түсірмей, су астындағы заттарды көру тәсілі ұсыныңдар.

Жұмыс келесі топтарда өткізіледі: идеяның генерациясы, идея бағасының және проблемалық жағдайдың талдауы, қарама-қарсылық идеясының генерациясы. Идея генерациясының кезеңінде сынның қандайына болса да тыйым салынады. Репликалар, әзілдер, еркін түрдегі жағдай қалай болса да мадақталады. Содан топтағы алынған идеялар жүйеленеді, жалпы принциптері мен ықпалдары бойынша біріктіріледі. Әрі қарай таңдап алынған идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкін болатын кедергілер қарастырылады. Жасалған сыни ескертулер бағаланады. Аяғында сыни ескертулерге және қарама-қарсы идеяларға түспеген идеялар алынады.

Берілген әдістің негізінде сабақтар құрылуы мүмкін.

«Мимен шабуылы» ережелер:

1. «Ми шабуылы» кезінде басшылар мен бағынушылар жоқ – жүргізушілер мен қатысушылар бар.

2. «Мимен шабуылдау» шаблондық ойлауды шыдатпайды. Стереотиптер мен дәстүрлерден босану қажет. Әзіл-сықақ пен еркіндік шабытқа көмектеседі.

3. Еркін пайымдау. Қатысушылардың ұсынған ойлары шындықтан алыс, қиялға жақын болғанымен, ол қолдау табы тиіс.

4. Әріптестерге олардың идеяларын нақтылау және дамыту мақсатында сұрақтар қою ұсынылады. Әріптестерді мадақтау және қолдаудың маңызы зор.

5. Өзара сыни ескертпелер және аралық бағалау жасауға мүлдем болмайды. Талқылау барысында ешнәрсе де қалыс қалдырылмайды. Егер ұсынылған идеялар кейбіреулерге ұнамаған жағдайларда : «Иә, бірақ басқаша да болады» деп айтқан орынды.

6. Өз ойыңды нақты да қысқа тұжырымдау керек. Идеялар қанша көп болса, соншалықты жақсы болады.

7. Естеріңізде болсын: оптимизм мен сенімділік адамның ойлау қабілетін он есе арттырады!

«Мимен шабуыл» процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:

1. Оқу проблемаларын тұжырымдау, оның шешімін іздеу міндеттерін негіздеу. Ұжымдық жұмыстың шарттары мен ережелерін анықтау. 3-5 адамнан тұратын, озық идеяларды бағалайтын және таңдайтын жұмысшы және сарапшы топтарын құру.

2. Сергіту. Жаттығу түріндегі тапсырмалар мен сұрақтарға тез жауап іздестіру. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларға икемсіздіктен, ұялшақтықтан, тұйықтықтан арылуға көмектесу.

3. Қойылған проблема «шабуыл». Қойылған міндет тағы да нақтыланады, талқылау ережелері еске салынады. Идеяларды генерациялау мұғалімнің белгісі бойынша барлық топтарда бір уақытта басталады. Әркім өз идеясын дауыстап айтады. Ұсынылған идеяларды сынауға болмайды, оларды тек толықтыру және жинақтау керек.

4. Сарапшы топтарының озық идеяларды бағалауы және таңдап алуы.

5. «Мимен шабуылдаудың» нәтижелерін хабарлау. Топтар жұмысының қорытындысын талқылау. Озық идеяларды бағалау, оларды көпшілік болып қорғау.



Морфологиялық жәшік әдісі немесе көп өлшемдік матрица әдісі (Ф.Цвики). Жаңа, кездейсоқ және ерекше идеяларды белгілі және белгісіз элементтердің әр түрлі комбинацияларын құру арқылы табу. Элементтердің әр түрлі комбинацияларынан алынатын белгілер мен байланыстардың талдауы проблемаларды анықтаумен қатар жаңа идеяларды іздестіруде де қолданылады.

Инверсия әдісі немесе үндеу әдісі. Стереотипті тәсілдер нәтижесіз болған жағдайда шешімнің принципті қарама-қарсы баламасы қолданылады. Мысалы, бұйымның беріктігіне оның салмағын ұлғайту арқылы қол жеткізуге тырысады, ал тиімдісі – жазық бұйым дайындау, яғни қарама-қарсы шешім болып табылады. Немесе объекті сырттай зерттеледі, ал проблеманы шешу оны іштей қарастыру арқылы жүргізіледі.

Қызметті ұйымдастыру түріндегі әдістер топтарға біріктірілген жекелеген әдістердің жеткілікті саны түрінде беріледі.

Оқушының мақсаттану әдістері: мұғалімнің ұсынғандарынан оқушының мақсат таңдауы; балалар құрған мақсаттарды классификациялау және одан әрі жіктеу; оқушылардың мақсаттарын шынайылық, жемістілік тұрғысынан талқылау; оқушылардың берілген алгоритмдердің көмегімен мақсаттар құруы; оқушылардың білім беру мақсаттары мен міндеттерінің жеке таксономияларын құру; рефлексияның нәтижелері негізінде мақсаттарды қалыптастыру; жеке және ұжымдық мақсаттардың, оқушының, мұғалімнің, мектептің мақсаттарының ара қатынасы; мектепте құнды нормалар мен ережелер дайындау.

Оқушының жоспарлау әдістері. Оқушыларға өздерінің білім алу қызметінің белгілі бір уақытта аралығына – сабақ, күн, апта немесе тақырыпқа, бөлімге, шығармашылық жұмысқа – жоспарлау ұсынылады.Жоспар ауызша немесе жазбаша, қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, ең бастысы ол оқушының өз мақсаттарын жүзеге асырудағы негізгі кезеңдері мен қызмет түрлерін белгілеу керек. Жұмыс барысында жоспар өзгеруі мүмкін, толықтырылады немесе алмастырылады; оқушы өзгерістерді тіркейді, олардың себептерін ашады, ал жұмыстың соңында жоспарлаудың рефлексиясын жүзеге асырады.

Оқушылардың білім алу бағдарламасын жасау әдістері. Жекелей білім беру бағдарламасын жасау оқушыдан әдістер кешенін - өз оқу пәндерін ойша елестетуді; қызметті басты мақсаттары мен бағыттарын ұстануды; олар әр алуан болған жағдайда өз бетінше анықтау әдісі арқылы оқылатын сұрақтар мен тақырыптарды таңдауды; жоспарлау әдісін; өз мақсаттарына жету жолдарының шарттарын анықтау әдісін; адекватты өзінше бағалау және рефлексия әдісін – иеленуді талап етеді.

Шығармашылық норма әдісі. Оқушылардың жекелей және ұжымдық қызметтің нормасын дайындауы әдіснамалық әдістерді – қызмет рефлексиясын, оның элементтерін анықтау, қызметтің субъектісін және олардың қызметтік құқығын орнату, ұйымдастырылған және тақырыптық ауқымын беру, ережелер мен заңдарды тұжырымдау – қолдануды талап ететін эвристикалық процесс.

Шығармашылық нормасы процесіндегі әдістемелік, педагогикалық, рефлексиялық қабілеттерді дамытатын тапсырмалардың мысалдары. Нұсқаулар құру: «Сөзді қалай айту керек», «Сөзді қалай оқу керек», «Міндеттерді қалай шешу керек», «Құбылыстарды қалай бақылау керек», «Әуенді қалай тыңдау керек» және басқалар.



Оқытуды өзінше ұйымдастыру әдістері: оқулықпен, құралдармен, нақты объектілермен жұмыс істеу; міндеттерді шешу, жаттығуларды орындау; үлгілер, шығармашылық зерттеулер дайындау және басқалар. Оқушылардың жекелей білім алу бағдарламасын – бағдарламаларды дайындау әдістері, оларды басқа бағдарламалармен (мұғалімнің,оқушының) үйлестіру, бағдарламаларды, нәтижелерді бағалау әдістерін іріктеу – атқарудағы өзінше ұйымдастыру әдістерінің маңызы бар.

Өзара оқыту әдістері. Оқушылар топтарда немесе ұжымдық сабақтарда бүкіл сынып болып өздеріне мүмкін педагогикалық әдістерді қолдана отырып, мұғалімнің қызметін атқарады.

Сынау әдісі. Жолдасының білім алу жетістігіне, оның ауызша жауабына , оқулық материалына, көрсетілген бейнефильмге сын көзбен қарай білу, олардың мазмұнын талдау, басты сәттерін бөліп көрсету – оқушының өз бетінше анықтауының қажетті шарты болып саналады. Оқытуға сынау әдісін енгізуге дайындық жұмыстары алдын-ала дайындықты қажет етеді. Алғашқы сынауларды арнайы тірек схемасының көмегімен жасайды. Оқушылардың бағалары мен пайымдаулары марапатталады. Сынауға оң көзқарастар қалыптастырылады.

Сынауларды құру үшін төмендегі схемалар пайдаланылады.



Ауызша сөз сөйлеуді сынау схемасы:

  • Сөз сөйлеуде не ұнады, не туралы ұтымды айтылды?

  • Сөз сөйлеу, мазмұндаудың жалпы құрылымы мен логикасы қалай құрылған?

  • Тақырып толығынан ашылды ма, келтірілген мысалдар жеткілікті ме?

  • Байқалған ауытқушылықтар, қателер, қарама-қайшылықтар. Шығып сөйлеушіге қарсылық білдіру.

  • Шығып сөйлеуді толықтыру. Шығып сөйлеушіге ескертпе жасаужәне ризашылық білдіру.

  • Шығып сөйлеудің жалпы бағасы.

Оқулықтың, кітаптың немесе мақаланың мәтінін сынау схемасы:

  • Оқылған мәтін неге арналған?Мәтінде не қызықтырды және неге?

  • Ондағы бастысы не?Мазмұндаудың негізгі бағыттары қандай?

  • Мәтінде қандай жаңа ақпараттар немесе әдеттегіден тыс ұстанымдар байқалды?

  • Мәтіннің мазмұны түсінікті ашылды ма?Оның қай жерлері қиындау?

  • Оқу барысында қандай сұрақтар туындады?Қосымша нені білгісі келеді?

  • Оқығаннан қандай қорытынды шығарылды?

Бейне немесе кинофильмдерді сынау схемасы:

  • Фильм неге арналған, оның авторлары нені көрсеткісі келеді?

  • Фильмде қандай құбылыстар, ұғымдар, қондырғылар және басқа объектілер қарастырылған?

  • Фильмде қандай материал негізгі болып табылады? Ол қалай бөліп көрсетілген?

  • Фильмде не қызығырақ және ұтымдырақ көрсетілген?

  • Қандай сәттер жеткілікті толық және анық ашылмаған?

  • Фильм оқылатын тақырыппен қалай байланысқан?

  • Фильм бойынша қорытынды жасау.

Шешілген міндеттерді сынау схемасы:

  • Міндеттерді қандай объектілер мен процестер туралы сөз болды?

  • Оны шешудің қажеттігі қандай?

  • Міндеттер қандай тәсілмен шешілген? Оны шешудің басқа да жолдары бар ма?

  • Міндеттерді шешуде қандай құбылыстар, ұғымдар, заңдар, тұжырымдар пайдаланылды?

  • Міндетті практикалық қолданудың мәні қандай? Шешілген міндеттің қорытындысы қандай?

Оқушылардың сыны шығармашылық қызметтің басқа да табыстарымен бірдей бағаланады. Оқушылардың сынын талдау оқушылармен кері байланыс орнатуға, олардың білімдерін сараптауға, одан әрі оқытуды іріктеуге мүмкіндік береді.

Бақылау әдістері. Тұлғалық бағытталған оқыту білім беру қызметін бағалаудың негізін өзгертеді. Дәстүрлі оқытуда оқушының білім алу жетістігі оның бекітілген үлгіге жақындау дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы берілген мазмұнды неғұрлым дәл және толық қайталаса, білім беру қызметінің бағасы соғұрлым жоғары болады. Тұлғалық – бағытталған оқытуда оқушының білім алу жетістігі берілгеннен ауытқушылық дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы ғылыми және мәдени маңызды ауытқушылықтарға берілгеннен неғұрлым көп қол жеткізсе, оның білім алу жетістігінің бағасы жоғары болады.

Рефлексия әдістері. Оқытудың білім беру нәтижесі – тек оушының мойындағандары ғана. Егер оқушы не істегенін және неге оқығанын, өз қызмет тәсілдерін, туындаған проблемаларды, оларды шешу жолдарын және қол жеткен нәтижелерді ойлы тұжырымдай алмаса, онда оның білім алу нәтижесі одан әрі білім алу мақсатында пайдалануға мүмкін емес, тұйық, беймәлім күйде қалады.

Оқушылардың өз қызметін мойындауын ұйымдастырудың екі түрі болады:

1). Оқу процесі барысында іске асырылатын ағымдағы рефлексия;

2). Қызметтің тұйық кезеңін логикалық немесе тақырыптық тамамдайтын қорытынды рефлексия.

Ағымдағы рефлексия оқушылардың ойлау қызметін ұйымдастыруды ұсынады: пәндік қызмет циклін орындағаннан кейін (математикалық, тарихи, тілдік т.б.) а) Пәндік қызметтің тоқтауы; б) рефлексивтік қызметтің белсенділігінің артуы болады, яғни балалардың назарын атқарылған пәндік қызметтің басты элементтеріне, оның бағыттарына, түрлеріне, кезеңдеріне, проблемаларына, қарама-қайшылыққа, нәтижелеріне, пайдаланылған қызмет тәсілдеріне аудару.

Рефлексивтік қызмет пәндік қызметі құрылымдандырады. Рефлексивті әдістің мақсаты – атқарылған пәндік қызметтің әдістемелік нұсқасын анықтау және соның негізінде пндік қызметті жалғастыру. Рефлексивті әдісті қолданудың нәтижесі құрастырылған ұғымдар, тұжырымдалған қарама-қайшылықтар, ашылған функционалдық байланыстар мен заңдылықтар, оқылатын пән бойынша теориялық құрылым болып табылады. Рефлексивті қызмет оқу процесінің әдістемелік тасымалдаушысы қызметін атқара отырып, пәндік қызметпен тығыз араласады.

Қорытынды рефлексия ағымдағыдан рефлексияланатын кезеңінің ұлғаюымен, сондай-ақ мұғалімнің нақтылық және талапкерлік деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Қорытынды Рефлексияның формалары, әдістері және мазмұны мұғалімнің білім беру бағдарламасына енеді. Сабақтың, күннің, аптаның, тоқсанның, оқу жылының аяғында оқушыларға арнайы сабақтар ұсынылады. Онда олар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз қызметтерінің рефлексиясын атқарады:

Оқу жылы бойында атқарған көлемді істерім қандай? Жыл бойы қалай өзгердім? Менің үлкен жетістігім не? Оған қалай және қайтіп қол жеткіздім? Менің кездестірген ең үлкен қиыншылығым? Мен оны қалай жеңдім немесе жеңемін? Бұрын менің қолымнан не келмеді, ал қазір келеді. Менің білімдегі өзгерістерім қандай? Өзімнің білмейтіндігім туралы не түсіндім? Мен математикадан, сөйлеуден нені үйрендім?Қызметтің қандай жаңа түрлері мен тәсілдерін пайдаландым және игердім? Осы оқу жылындағы менің білім алуымның негізгі кезеңдері қандай, олардың ерекшеліктері неде?



Өзінше бағалау әдістері. Оқушының өзінше бағалауы қорытынды лекциядан өрістейді және білім беру циклін аяқтайды. Өзінше бағалау сандақ және сапалық сипатта болады: сапалық көсеткіштер оқушының білім алу бағдарламасы негізінде тұжырымдалады немесе мұғалім белгілейді; сандық көрсеткіштері – оқушының мақсатқа жетуінің дәрежесін білдіреді. Оқушының қызметінің сандық және сапалық бағалауы – оның мәдени-тарихи аналогтарымен салыстырылатын, мұғалімнің, сыныптастарының, тәуелсіз сарапшылардың бағасы түріндегі білім алудағы жетістігі.

Оқытудың дәстүрлік практикасында мұғалім сабақтың көп бөлігінде түсіндіреді, көрсетеді, сұрайды, үлгі бойынша тапсырмалар береді және оқушының белсенді танымдық қызметіне өте аз уақыт бөледі. Проблемалық, зерттеулік және практикалық әдістер жеткіліксіз пайдаланылады. Осының салдарынан оқушылардың өз бетінше пайымдау олардың стереотиптік шешімдері қолдауы танымдық объектілермен және оқулықпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдері таңдау нашар дамиды.

Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен – білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.

Тұлғалық бағытталған оқытуда оқыту әдісін таңдауының басты факторы оқушының табысты қызметін ұйымдастыру болып табылады. Әр уақытта оқытудың формасын, әдістерін таңдай отырып, оқушы сабақта білім алуда қандай табысқа жетеді деген сұрақ қою керек. Бұл табыс оқылатын тақырыпқа қатысты, оқушының шамасына орай қызықты, олардың жекелей мүмкіндіктері қызығушылықтарына сай болуы керек.

Оқытудың әдістері мен құралдарын таңдауға оқу курсының және нақты материалдың ерекшеліктері әсер етеді. Гуманитарлық бағыттағы пәндер арнайы құруды қажет етпейтін әр алуан проблемаларды жинақтайды. Анық логикалық байланыстарға және пастулаттарға ие пәндердің (математика, тілдер) проблемалар қоюға мүмкіндіктері аз болады, соған қарамастан оқытудың логикалық әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Табиғи циклдағы пәндерде проблемалар қоюға практикалық және зертханалық жұмыстар көмектеседі.

Әдістерді таңдау оқу материалы элементтерінің байланыс сипатына да қатысты болады. Егер жаңалары алдыңғыларымен жанама байланысса және талқылау арқылы шығарылған жағдайда проблемалық және зерттеулік әдістерді қолданған дұрыс. Қажет жағдайда оқушылардың білім алу проблемасын шешетін жағдайды қамтамасыз ету керек, мұғалім тек қана қажетті ақпаратты оқушылардың оны іздестіруіне артық уақыт шығындамай хабарлау мүмкін. Яғни репродуктивті әдістер маңызды білім беру мақсаттары мен объектілері болмаған, оқушылардың олардың негізгі жұмыстарына қажетті қызмет ақпаратын немесе технологиясын жеткізу қажеттігі болған жағдайда ғана жарамды болып табылады.

Сондай-ақ уақыт факторының да маңызы зор. Проблемалық немесе эвристикалық оқытуды ұйымдастыру көп уақытты керек етеді, балаларды табысты қызметке үйретеді.

Әдістерді таңдауда ізденістік әдістер пайымдауды дамытуды тиімді болғандықтан, барлық сабақтар тек проблемалық болуы керек деген көзқараспен қарауға болмайды. Әрбір сабақ проблемалық болуы мүмкін емес, бірақ әрбір сабақ оқушының тұлғалық білім алу деңгейінің өсуін қамтамасыз етуі керек.

Пайымдауды қалыптастыру – оқытудың маңызды, бірақ жеке дара міндеті емес, сондықтан да эмоционалдық, адамгершілік, рухани дүниесін дамытатын әдістер қажет.

Мұғалімнің оқытудың әдістері мен формаларын таңдаудағы субъективизмі өте орынды.



Көптеген педагогтардың оқытудың ұнамды жүйелерін қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні белгілі. Бұл жағдайда қайсыбір әдістеменің кемшіліктері мұғалімнің қызығушылық шеберлігімен толықтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет