Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет4/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қоғамдық шаралар өткізу 
туралы.
Оң өзгерістердің негізі азаматтардың белгілі бір идеяларды түсінуде 
жатыр.Көптеген жағдай әрқайсымыздың күнделікті өміріміздің қалай 
жақсаратындығын түсінуімізге байланысты. «Инклюзивті мәдениет»- 
инклюзивті саясат- инклюзивті тәжірибе» триадасында ең бірінші «инклюзивті 
мәдениет» тұжырымдамасы басты рөлді атқарады, себебі онсыз 
қоғамды құру 
мақсаттарына сәйкес келетін саясатты әзірлеу және табысты тәжірибені дамыту 
мүмкін емес.
Инклюзияны дамыту тұтастай қоғамның, адамдардың ауқымды 
топтарының көзқарастары мен құндылықтарын өзгертуді талап етеді. Бұндай 
өзгерістер бір мезгілде емес, біраз уақытты қажет етеді.
Ақпараттық жұмыс инклюзивті білімнің мәнін терең түсіну қажеттілігін, 
қоғамға шыдамды, толерантты, ашық және өзгерістерді тез қабылдайтын тұлға 
қажет екендігін ескеру керек.
Қоғамдық кампаниялардың түрлері мен құралдары 
Қоғамдық шаралардың әртүрлі типологиялары пайдаланылады: 



• 
Медиа- кампаниялар (жүзеге асыру үшін тек қана БАҚ ғана 
қолданылады); 
• 
Коммуникациялық кампаниялар (БАҚ ғана емес, басқа да 
коммуникациялық байланыс рессурстары: тікелей электронды пошта 
парақтары, директ-мейл парақтары, визуалды үгіт ұқұралдары т.б.); 
• 
Кешеді кампаниялар (шерулер, акциялар, флэшмобтар және т.б.). 
Ақпараттық кампания белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге,
планируются с определенными целями и задачами, с протяженностью во 
времени, интенсивностью и распространен ұзақ мерзімге, қарқындылығы мен 
таралуына байланысты құрылады. Ақпараттық кампанияны таңдау, ең алдымен
нақты кампанияның мақсаттарына байланысты.
Кез-келген 
ақпараттық 
кампания 
кампанияның 
алдын-ала 
тұжырымдамасын жасаудан басталады.
Мақсаттар мен міндеттерді белгілеу негізінде анықталады: 

мақсатты аудиториялар;

әсер етудің қосымша арналары (орталық және аймақтық БАҚ); 

кампанияның сипаты мен стилі, жаңалықтар мен жарнамалаудың, бідің 
кампанияға байланысты жоспарланған немесе кенеттен өткізілетін іс-шаралар 
мен басылымдардың арақатынасы); 

және басқалары 

Ықпал ету арналары ретінде ақпараттық агенттіктер, бұқаралық және 
мамандырылған БАҚ , баспа және электронды (теледидар, радио, интернет) 
көрінеді.
Кампанияның мақсаты- қоғамның назарын көп балалардың қоғамдық 
өмірден тыс қалатындығына аудару. ЕБҚ бар балалар арнайы мектептерде 
немесе үйде оқиды, нәтижесінде әлеуметтену прцесіне толық қатыспайды. 
Кампания бұл жағдайда қоғамға инклюзивті білім беру балама болатындығын 
хабарлайды, яғни ЕБҚ бар балалардың жалпы білім беретін мектептерде 
мүгедектігі жоқ балалармен қатар білім алу процесі.
ЕБҚ бар балалармен мәдени-сауықтыру жұмысы және әлеуметтік 
оңалту кең қолданылады. Аталған бағыт мүгедекке әлеуметтік өзара 
әрекеттестік пен коммуникацияға қатысудың қолайлы жүйесіне қол жеткізу 
мен қолдауға көмек көрсетуге, қажетті мәдени құзыреттілік деңгейіне 
бағдарланған, бұл өмір сүру салтында позитивті өзгерістер үшін қаражатты 
және оның еркіндігі есебінен қоғамда барынша толық интеграциялануды 
қамтамасыз етеді.
Қоғамдық науқан барысында акциялар, әлеуметтік роликтерді көрсету 
және талқылаулар өткізіледі. Балалардың ерекшеліктері мен мүмкүндіктеріне 
қарамастан әрбір бала үшін басымдылық тұрғысынан айтылатын инклюзивті 
юілім беру туралы бейнероликтерді ұсынамыз. Бейнероиктер аудиториясы – 
мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары.
1. http://www.youtube.com/user/rooiperspektiva#p/search/0/LMq0phPH2lU
2. http://www.youtube.com/user/rooiperspektiva#p/search/1/4Ky6RAzlQwg 


10 
Аталған бағыт ЕБҚ ететін балаларға әлеуметтік өзара әрекеттестік пен 
коммуникацияға қатысудың қолайлы жүйесіне қол жеткізу мен қолдауға көмек 
көрсетуге, қажетті мәдени құзыреттілік деңгейіне бағдарланған, бұл өмір сүру 
салтында позитивті өзгерістер үшін қаражатты және оның еркіндігі есебінен 
қоғамда барынша толық интеграциялануды қамтамасыз етеді.
Мектеп балалар үшін уақытының барынша басым бөлігін өткізетін орын, 
бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, басқа адамдармен танысады, жаңа достар 
табады. Мектеп ұжымына бірден ену кез келген уақытта қолайлы бола 
бермейді, әсіресе мүгедектігі мен дамуында ерекшеліктері бар балалар 
арасында мұндай жағдайлар кездеседі. Мектепте қолайлы ахуал болуы үшін 
ата-аналар, педагогтер, тьюторлар, оқушылардың өздерінің тараптарынан 
барынша күш-жігер талап етіледі.
ЕБҚ бар балалардың басқа балалармен қарым-қатынас орнату тәсілдері 
әртүрлі болады: бұл бірлеске іс-шаралар, спорттық жарыстар, жалпы 
қызығушылықтар мен әуестенулер болуы мүмкін. Әсіресе, балалар жаңаша 
бағытта оқуды жақсы көреді, беймәлімдерді тануға қызығады, алған білімдерін 
практикада және конкурстарға қатысу кездерінде қолданғандары үшін қуанады.
Мектептерге инклюзияны кіргізу үшін белсенділік танып жүрген 
қоғамдық ұйымдардың белсенділері әртүрлі балалар оқитын мектепте 
өткізілген кез келген іс-шара мынадай принциптердің негізінде 
қалыптастырылатынын ескеру керек:
• 
ЕБҚ бар балалар үшін жеке ештеңе істемеу: ЕБҚ бар балаларға 
арналған барлық іс-шаралар қарапайым балалардың бірге қатысуымен 
жоспарланады;
• 
Топтар ішінде ЕБҚ бар балаларды ерекшелемеу, оларды «бірінші 
кезекке» шығармау (әйтпесе топ толық болуды тоқтатады да, екі топқа 
бөлінеді); 
• 
Қайырымдылық мақсатта ештеңе ұйымдастырмау (егер ЕБҚ бар 
балаларға сыйлықтар берілетін болса, онда осындай сыйлықтар ұжымдағы 
барлық балаларға берілуі керек). 
Мүмкіндігінше, педагогикалық ұжым осы принциптермен танысуы және 
өздерінің жқмыстарына пайдалануы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет