Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет50/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   138
 
 
 


121 
Қорытынды
Инклюзивтік мәдениет ‒ бұл инклюзивті құндылықтардың қолданылуын 
қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы мектеп мәдениетінің бір бөлігі, оның 
жоғары деңгейі жалпы инклюзия процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді, 
даулы жағдайларды болдырмауға және процестің әрбір қатысушысына әлеуетті 
зиян келтіруге мүмкіндік беретін отбасы мен мектептің өзара тәуелді қарым-
қатынастарын дамытуға ықпал ететін сенімнің бірегей микроклиматы. 
Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты ‒ білім 
алушылардың жалпы (оның ішінде инклюзивтік) мәдениетін қалыптастыру, 
белсенді азаматтық ұстанымды, білім алушылардың адамгершілік және 
психологиялық жетілуін қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие ортасын құру, 
балаларды кез келген кемсітуді болдырмайтын, білім беру процесінің барлық 
қатысушыларына толерантты қатынасты қамтамасыз ететін, ерекше білім беру 
қажеттілігі бар әрбір бала үшін ерекше жағдайлар жасайтын инклюзивті білім 
беру моделін құру болуы тиіс. 
Педагогтың, сынып жетекшісінің, білім беру ұйымдарының басқа да 
мамандарының басты мақсаты ‒ балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау
баланың әлеуметтік, зияткерлік және эмоциялық салалардағы психикалық даму 
деңгейін арттыру, баланың жалпы білім беретін мектепке және құрдастар 
қоғамына табысты кірігуі болып табылады. Оларға әлеуметтік бейімделуге,
қоғамда өз орнын табуға көмектесу керек. 
Сондай-ақ, барлық білім беру процесіне қатысушылардың әлеуметтік-
психологиялық мәдениетін, толерантты санасын қалыптастыру; денсаулық 
сақтау ортасын дамытуды қамтамасыз ететін, қоғамда оқушылардың сапалы 
білім алуына және әлеуметтенуіне ықпал ететін жағдайларды жетілдіру; өмір 
сүрудің маңызды салаларында баланың өз орнын табуы үшін жағдай жасау 
қажет, онда оның қабілеттері мен мүмкіндіктері барынша ашылады. 
Білім беру ұйымының инклюзивтік мәдениетін қалыптастыру ‒ 
инклюзияның идеологиясы мен құндылықтарын қабылдауды, білім беруде 
инклюзивтік тәсілдің артықшылықтарын түсінуді, инклюзивті мектеп 
құндылықтарын тек мектеп әкімшілерінің арасында ғана емес, сонымен қатар, 
ең бастысы, педагогтар, оқушылар және ата-аналар арасында ‒ мектеп 
қоғамдастығының барлық қатысушыларының арасында бөлуді қалыптастыру 
бойынша негізін қалаушы және айтарлықтай күрделі және қарама-қайшы 
процесс. 
Осылайша, білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті 
қалыптастыру ‒ бұл 
• 
білім беру ұйымы қызметкерлерінің ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге дайындығы және қабілеті:
-
инклюзивті білім беру қағидаттары мен құндылықтарын қабылдау; 

педагогтар үшін инклюзивті практика бойынша тренингтер өткізу; 


122 

ынтымақтастық және кооперация: инклюзивті білім беру 
қатысушыларының командалық өзара іс-қимылы; 

білім беру ұйымдарының мамандарына және, ең алдымен, арнайы білімі 
жоқ мамандарға консультациялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру; 

инклюзивті білім беру мамандарының біліктілігін жүйелі түрде көтеру. 
• 
Инклюзивті білім беру жағдайларында оқушылардың бірлесіп оқуға 
және өзара іс-қимыл жасауға дайындығы мен қабілеті: 

оқушылар үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға 
төзімділікті қалыптастыру бойынша тренингтер жүйесін өткізу ‒ қалыпты 
дамып келе жатқан оқушылардың бойында төзімділікті, ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды түсінуді қалыптастыру, эмпатияны дамыту, 
әдеттегі оқушылардың өздерін даму ерекшеліктері бар құрдастарымен
салыстыруы бойынша белсенді жұмыс формаларын пайдалану; 

балалар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты үйлестіру, ерекше білім 
беру қажеттілігі бар балаларды ұжымға қосу, оқушыларды өзара іс-қимылдың 
конструктивті формаларына оқыту бойынша тұлғааралық өзара іс-қимыл 
тренингтерін өткізу; 

ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқу-тәрбие процесіне 
қосу, оған мұғалімнің ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың белсенді 
қатысуы үшін қажетті жағдай жасауы, ынтымақтастық атмосферасын 
ұйымдастыруы арқылы қол жеткізіледі. 
• 
Ата-аналармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру: 

ата-аналарды инклюзивті білім беру ерекшеліктері туралы 
ақпараттандыру, олардың инклюзивтік құндылықтарды қабылдауы; 

отбасы мен білім беру ұйымының ынтымақтастығы – оқу-тәрбие 
процесінде ерекше білім алу қажеттілігі бар баланың ата-аналарының белсенді 
қатысуын қамтамасыз ету; 

инклюзивті процеске қатысушы отбасыларының өзара іс-қимыл 
жасасуы (бірлескен қызметті ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар 
балалар мен қалыпты дамып келе жатқан балалар отбасыларының сыныптан 
тыс және мектептен тыс іс-шараларға белсенді қатысуы). 
Инклюзивтік мәдениетті инклюзивті білім беруді табысты іске асыру 
факторы, инклюзивтік саясат пен практиканы іске асыру нәтижесі ретінде ғана 
емес, сонымен қатар жалпы қоғамның өзгеруінің негізі ретінде де қарастыруға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет