Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет2/138
Дата01.04.2024
өлшемі2.62 Mb.
#497175
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Кіріспе 
 
Қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту, жаңа стандарттарды енгізу, жас 
ұрпақтың санасын рухани-адамгершілік бағдарларға аудару ізгілендіру мен 
білім алудың тең мүмкіндіктерінің идеясы өзектіленуде. Атап айтқанда, 
идеяларды ізгілендіру, дараландыру «Білім туралы» Заңда ерекше білім алу 
қажеттіліктері бар (бұдан әрі - ЕБҚ) балалардың және олардың ата-аналарының 
құқықтары туралы ереженің пайда болуына, білім алудың нысаны мен білім 
беру ұйымдарын өз бетінше анықтауға алып келді.
Инклюзивтік тәсіл бағытындағы білім беру ұйымы қызметінің негізгі 
бағыты – бұл ерекше білім алуды қажет ететін балаларды әдетте, 
құрдастарымен дамитын және «бірдей дәрежедегі серіктестер» құқығындағы 
ересектер ұжымына, мектептік өзін-өзі басқару арқылы мектеп өміріне «қосу», 
инклюзивті кеңістіктегі қатысушылар тұрғысынан қабылдаушы «толеранттық» 
жағдайын қалыптастыру болып табылады. 
Инклюзивтік білім беруді енгізу «тосқауылсыз орта» (пандустар, бір 
қабатты мектеп дизайны, сурдоаудармашылар штатын енгізу, жалпы қолдану 
орындарын қайта жабдықтау және т.б.) деп аталатын тек ұйымдастырудың 
қиындықтарымен ғана емес, сонымен бірге жалпы таралған таптаурындар мен 
нанымдарға, оның ішінде педагогтер, оқушылар мен олардың ата-аналарының 
қарастырылған білім алу нысанын қабылдауға дайындығы немесе бас тартудан 
тұратын ілеуметтік сипаттағы кедергілерге де тап болады. 
Инклюзивті білім беру саласындағы маңызды міндеттер – инклюзияның 
тиісті мақсаттарына білім беру ұйымдарының мәдениетін қалыптастыру болып 
табылады. Бұл кез-келген білім беру немесе әлеуметтік-мәдени ұйымның білім 
беру ортасына қойылатын талаптарды белгілейді: ол әртүрлі мүмкіндіктері бар 
ересектер мен балалардың білім беру қарым-қатынастарына қосылу үшін дайын 
болуы керек. 
Егер дені сау бала айналамыздағы әлемді тек сабақта ғана емес, сонымен 
қатар, көбінесе балалар өздерінің құрдастарымен тікелей қарым-қатынас жасау 
мүмкіндігіне сабақтан тыс уақытта ие болады, ал үйде оқитын ерекше білім
алуды қажет ететін балалар бұл мүмкіндіктен айырылады. Сақталған зият 
кезінде мұндай балаларда әлеуметтендіру тәжірибесі аз болады, олардың 
қоршаған әлем туралы тануы үстірт болып табылады, болашақ олар үшін 
белгісіз болып көрінеді. Көптеген балалар, оқыту мен тәрбиелеу мақсатында 
отбасы, мамандар және қоғам қабылдаған күш-жігерге қарамастан, ересек адам 
болып, әлеуметтік-экономикалық өмірге қосылуға дайын емес екендігін 
көрсетеді. 
Осының барлығы білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті, 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға төзімділік қарым-қатынасты, 
оқушыларды ЕБҚ оқушыларға деген достық қарым-қатынасы үшін 
ынталандыруды қалыптастыру қажеттілігіне негізделеді. Әлеуметтік қолдау 
үшін балалардың бірге ойнап, бірге жұмыс істеуі өте маңызды.Сонымен қатар, 



«ерекше» балаларға масылдық сезімінен арылуға көмектесу қажет. Оларға 
мектеп өміріне өз үлестерін қосу үшін мүмкіндіктер беру керек.
Мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыру ерекше білім 
алуды қажет ететін оқушыларды мектептік қоғамға табысты қосудың маңызды 
жағдайларының бірі болып табылады. Тиімді жұмыстың міндетті шарты – бұл 
білім беру ұйымдарындағы барлық қызметтердің өзара байланысы мен 
бірлескен жұмысы: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, медициналық. 
Ерекше білім алуды қажет ететін баланы тәрбиелеп отырған отбасын білікті 
қолдау бала тұлғасына әсер ететін қосымша ықпалдардың алдын алуға, өзінің 
мүмкіндктерін, қабілеттерін сезінуге көмектеседі. 
Мектепте инклюзивті мәдениет құндылыұтарының бірыңғай жүйесін 
құру немесе оны сипаттау қарапайым мәселе емес. Дегенмен, инклюзивті 
мектептер үшін ортақтастық, ынтымақтастық және теңдік принциптерін іске 
асыру бағытында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру векторы басымдық 
болып табылатыны ешқандай күмәнсіз екені белгілі. Оқытуда инклюзивтік 
тәсілдермен жұмыс істейтін мектептер үшін әсіресе жылулық пен қамқорлық 
ахуалы тән: бұл әрбір оқушыны қабылдайтын мектеп. Мұндай мектептерде 
ұжымға тиістілік сезімі, тығыз әлеуметтік байланыс барынша қажет, сонымен 
қатар мұнда айналасындағыларға қамқорлық жасауға назар аударылады.
Инклюзивті мәдениет тосыннан пайда болмайды, ұжымшылдық және 
теңдік сияқты құндылықтарды мектеп өміріне енгізу жөніндегі күштердің 
нәтижесі болып табылады. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру 
мәдениетін қалыптастыру аспектісінде теңдік, ортақтастық, ынтымақтастық 
басымдылықтарының құндылықтары оқушылардың әртүрлілігіне позитивтік 
қарым-қатынас жетекші болып табылатын әлеуметтік және білім берудің 
инновациялық процесі, қарқынды дамитын тәсіл ретінде инклюзивті білім 
берудің негізгі принциптерімен тікелей байланысты, ал жеке ерекшеліктері 
проблема ретінде емес, тану процесін сапаландыру мүмкіндігі ретінде 
қабылданады.
Сондықтан, инклюзивті мәдениет – инклюзивті білім берудің 
мақсаттарына сәйкес жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ете отырып, қажеттіліктердің алуантүрлілігін қабылдауды қоғам 
дұрыс қабылдайтын, қолдайтын, жинайтын инклюзивті қоғамның мәдениетін 
қалыптастыру, жалпы алғанда, педагогикалық қоғамдастық пен қоғамды 
үздіксіз жетілдіруді сақтау, қабылдау, ынтымақтастықпен ынтыландыру үшін 
маңызды негіз болып табылады. Атап айтқанда, мектеп білім беру кеңістігіне 
қатысушылардың барлығының назарын білім беру және ерекше білім алуды 
қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселелеріне аудара отырып, 
инклюзивті қоғам құруды насихаттауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет