4
1
«ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ МАЗМҰНЫ
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
(1-
4 СЫНЫПТАР)
Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604
бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669
тіркелген).
«
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту мақсаты –
білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары,
робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық
технологиялармен жұмыс
жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.
Бағдарламаның мақсаттары:
білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі
заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы
ақпараттар беру; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана
отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және
программалау, іздеу,
жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату
дағдыларын қалыптастыру; білім алушылардың әртүрлі қолданбалы
программаларды қолдану арқылы өз
идеяларын ұсыну дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ету; байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық
үшін ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдалануын
ынталандыру; білім алушыларға компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері
мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.
Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім
алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел
тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге
асыру
қарастырылған.
Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде
дамуы - білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және
азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және
шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық
құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады.
Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен
білігінің қалыптасуына
бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді
функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану,
сын тұрғысынан
ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және
жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең
ауқымды дағдылар жатады.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
пәні бойынша оқу
жүктемесінің жоғары шекті көлемі 1 сыныпта аптасына 0,5 сағат, жылына 17
сағат, ал 2 – 4 сыныптарда аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат болып табылады.