Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
Сабақ кестесі балалардың жеке ерекшеліктерін, психофизикалық мүмкіндіктері мен қызуғышылықтарын есепке ала отырып, мектептің оқу жоспарына сай, 40 минуттан аспайтын сабақтың ұзақтығы, кемінде 10 минут болатын үзіліс ұзақтығын ескере отырып жасалады. Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық үзілісі бар. Орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын есепке алу сынып журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сынып журналын орта білім беру ұйымының әрбір мұғалімі электронды немесе қағаз түрінде жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (немесе директор) мұғалімдерге әр пәнге бөлінген сағат санына сәйкес оқу жылында білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын ағымдық есепке алуға журналдағы беттер санын бөлу туралы нұсқау береді. Мұғалім білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексереді және бағалайды, сондай-ақ мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын әр сабақта белгілейді. Ашылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізілген сабақтың күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды "ж" әрпімен белгілейді. Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады. «Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген білім алушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы ескертулерді жазуға арналған. Жазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген күннің бағанына қойылады. Әр оқу тоқсанының қорытынды бағаларын мұғалім пәннің тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды. Сонымен қатар тоқсандық бағалар білім алушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі. Үйде оқытылатын білім алушылардың тегі, үлгерімі, сыныптан сыныпқа көшу туралы, аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация нәтижелері, мектепті бітіру туралы мәліметтер оқушы тіркелген сәйкес сыныптың журналына енгізіледі. Сонымен қатар, әр үйде оқытылатын білім алушыға сабақтың өткен күні, өткен материалдың мазмұны, сағат саны жазылатын жеке сабақтарды есепке алу журналы (немесе «үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналы») болады (3- кесте). Оқыту мен аралық аттестация (мерзімі мен формасы) білім алушының ата-анасымен (немесе заңды өкілдерімен) келісілген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалауда әрекеттегі бағалау жүйесі қолданылады. Бағалар «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналында» қойылады. Қажет болған жағдайда әр сабақта ата-ана оқыту мазмұнымен және оқушының бағаларымен танысу туралы журналға қолын қояды. «Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналындағы» бағалар педагогтердің жұмыс уақытын есепке алу табелін толтырғанға дейін айына бір рет сынып журналына көшіріледі. Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бақылауды мектеп директорының бұйрығына сәйкес осы бағытта жетекшілік ететін директордың орынбасары жүзеге асырады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері, сыныптан сыныпқа көшу туралы ақпарат және мектепті бітіру туралы мағлұматтар сынып журналына уақытында енгізіледі. Үйде оқытылатын білім алушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешімді оқушыны (үйде) жеке оқыту үшін құрастырылған оқу жоспарының барлық пәндерінен білім беру бағдарламаларын меңгеруін талдау және жағымды жылдық бағалар болуының негізінде мектептің педагогикалық кеңесі қабылдайды. (білім беру мекемесінің атауы / название организации образования) жүктеу/скачать 0.49 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |