Методические указания Форма ф со пгу



бет2/8
Дата18.05.2022
өлшемі163.5 Kb.
#456992
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8
Пәнді оқыту мақсаты:
Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтар мен тәсілдерін, теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымына талдау жасай отырып кешенді түрде оқыту.
Пәннің міндеттері:
--Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын айқындау;
- Сөзжасам жүйесі мен атау теориясының байланысын саралау;
- Сөзжасам жүйесі және мотивация (негіздеме);
- Сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарын анықтау;
- Сөзжасам жүйесіндегі негізгі тәсілдерді саралау;
- Туынды сөз табиғатын талдау;
- Сөз таптарының сөзжасамын айқындау;
-Синтетикалық сөзжасам;
- Фонетикалық сөзжасам;
- Семантикалық сөзжасам;
- Аналитикалық сөзжасамды оқыту.

Студенттер білуі тиіс:
- Сөзжасамның жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды;
- сөзжасамдық және морфологиялық аспектілердің астасып жататын тұстарын;
- тілдік (сөзжасамдық) элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін;
-сөзжасам тәсілдерін, сөз жасаушы тілдік нұсқалар мен сөзжасамдық типтерді;
- сөздердің жасалу үлгілерін;
- сөзжасамның заңдылықтарын;
- сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығын.


Студенттер істей білуі тиіс:
- Сөзжасамға қатысты жаттығуларды грамматикалық, морфологиялық еңбектерден орындай алуы;
- тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс;
- сөзжасамдық талдау.


2 Пререквезиттер:
- Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы;
- Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы;
- Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы;
- Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны


1-тақырып. Кіріспе
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тілі білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері.
1. Сөзжасамның зерттелуі. Сөзжасам – дербес сала болып қалыптасуы.
2 Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының байланысы. Сөзжасамның морфологиямен байланысы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. 3 Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. 4 Сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы ғалымдардың ой-пікірлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет