Жаттығу жұмысы. 153-жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А: Ана тілі. 1997. Б-117.
Талдау үлгісі: көрікті – көр- негізгі түбір, көр+ік –туынды түбір, -ік – етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, көрік+ті, көрік –туынды түбір, -ті – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ, омоним қосымша (-ті - табыс септік жалғауы; -ті- жіктік жалғауының 3 жағы; -ті- жедел өткен шақ жұрнағы), синтетикалық тәсіл.
Жаттығу жұмысы. Төмендегі сөздерді сызбадағы үлгімен талдаңыз. Парыз, қазына, мұра, қызметкер, қоғамдық, елбасы, көзқарас, дағды-дәстүр
Негізгі түбір сөздерді сатылай кешенді талдау
- Бұл сөз бір құрамнан тұр: адам.
- Тұлғасына қарай – адам – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау
- Бұл сөз екі құрамнан тұр: ұлт+ттық.
- Тұлғасына қарай:
а) Ұлт – негізгі түбір (Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі).
ә) Ұлттық –туынды түбір(Себебі, синетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір зат есімге сөз тудырушы өнімді (-тық) жұранғының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
- Құрылысына қарай –дара. Себебі, бір ған негізгі түбірен тұр.
- Бұл сөз үш құрамнан тұр: қайрат+ кер+ лік.
- Тұлғасына қарай:
а) Қайрат – негізгі түбі;
ә) Қайраткер – туынды түбі;
б) Қайраткерлік – туынды түбір (себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы жұрнақ арқылы негізгі түбірден туынды түбір; туынды түбірден туынды түбір жасалып тұр).
- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
Аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау (біріккен, кіріккен сөздерді сатылай кешенді талдау)
-Бұл сөз: әлеумет және таны+у+шы болып төрт құрамнан тұр.
-Тұлғасына қарай: әлеуметтанушы – туынды түбір. Себебі: а) аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен (әлеуметтаны);
- синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы –у; -шы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.
- Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.
- Бұл сөз жаз+дың күн+і болып төрт құрамнан тұр.
- Тұлғасына қарай –жаздыгүні – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірігуінен жасалған туынды сөз.
- Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен сөз. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, кірігіп, тұрақталған құрама сөз.
Қос сөздерді сатылай кешенді талдау
-Бұл сөз екі құрамнан тұр: тау-тау.
-Тұлғасына қарай –тау-тау - туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған - туынды сөз.
-Құрылысына қарай –күрделі. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, қосарланып, тұрақталған құрама сөз.
-Қайталама қос сөз. Себебі, бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған.
Тіркесті сөздерді сатылай кешенді талдау
- Бұл сөз төрт құрамнан тұр: сөз+тап+тар+ы.
- Тұлғасына қарай-сөз таптры –туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдең тіркесінен жасалған туынды сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |