Методические указания к практическим работам


Зертханалық жұмыс №2. «MYWORLD» мәліметтер қорын құру



бет2/7
Дата21.06.2016
өлшемі1.52 Mb.
#151556
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7

Зертханалық жұмыс №2. «MYWORLD» мәліметтер қорын құру


Тақырыбы: ADO технологиясын қолдану

1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау

2 қадам – қосымшаның басты формасын қалыптастыру

3 қадам – ADO технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу

1 қадам – Ms-Excel -ден Ms-Access-ке мәліметтерді экспорттау





  1. Өзіңіздің жұмыс папкаңызда қосалқы «MyWorld» атауы бар папканы құрыңыз.

  2. Ms-Access бағдарламасын іске қосыңыз. Ms-Access-ті іске қосу менюінен «Жаңа мәліметтер қоры» пунктін таңдаңыз. Экранда «Жаңа мәліметтер қорының файлы» атты терезе пайда болады. Бұл терезеде Сіз құрған «MyWorld» папканы табыңыз және оған кіріңіз. «Файл атауы» өрісінде «MyWorld» мәнін басыңыз, содан кейін «Құру» батырмасын басыңыз.

  3. Ms-Access-тің ішінде «MyWorld: мәліметтер қоры» атты терезе пайда болады.

  4. Келесі команданы орындаңыз: Файл – Сыртқы мәліметтер – Импорт. Пайда болған терезеде Елдер.xls (папка Дайындаулар) папкасын табыңыз. Әрі қарай шебердің белгілерін қадағалаңыз. Нәтижесінде «MyWorld: мәліметтер қоры» терезесінде «Елдер» атты кесте пайда болады.

  5. Егер Access-те маңызды элементтердің атаулары (мысалы, кестелердің атаулары және өріс деп те аталатын кесте бағаналарының атаулары) бос орынға ие болса, онда ол әрі қарай бірқатар мәселе туғызуы мүмкін. Сондықтан оларды қайта атаумен айналысамыз.

  6. «Елдер» кестенің жарлығын белгілеңіз, МҚ терезесінде «Конструктор» батырмасын басыңыз. Сіз кесте конструкторы терезесіне түсесіз.

  7. Бұл терезеде «Атауы» өрісіне «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін 50 етіп белгілеңіз.

  8. Барлық басқа өрістерге «Өрістің өлшемі» қасиетінің мәнін «Ұзын бүтін» етіп белгілеңіз.

  9. «Өріс9» өрісінің атауын «ЖұмысшыЕр» деп өзгертіңіз.

  10. «Өріс12» өрісінің атауын «ЖұмысшыӘйел» деп өзгертіңіз

  11. «Қалалық ерлер» өрісінің атауын «ҚалаЕр» атауына өзгертіңіз.

  12. «Қалалық әйелдер» өрісінің атауын «ҚалаӘйел» атауына өзгертіңіз.

  13. «Ауылдық ерлер» өрісінің атауын «АуылЕр» деп өзгертіңіз.

  14. «Ауылдық әйелдер» өрісінің атауын «АуылӘйел» деп өзгертіңіз.

  15. «Сақтау» батырмасын басыңыз және кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін деген пайда болған ескертуге «Иә» (орындауды жалғастыру) деп жауап беріңіз.

  16. Одан кейін конструктордың терезесінде «Түр» (саймандар тақтасында шетінен сол жағында) батырмасын шертіңіз және кестенің барлық мәліметтері өздерінің орнында екендігіне көз жеткізіңіз.

  17. Ms-Access-пен осымен жұмысты аяқтаңыз.



2 қадам – қосымшаның басты формасын қалыптастыру





  1. Delphi-ді іске қосыңыз және жаңа жобаңы құрыңыз. Оны алдында Сіз құрған «MyWorld» папкасына сақтаңыз (UnMainмодульдің атауы, MyWorld жоба файлының атауы).

  2. Форманың қасиетін объектілердің испекторы көмегімен келесідей өзгертіңіз:

    Қасиет

    Қасиеттің мәні

    Name

    fmMain

    Caption

    Страны мира

  3. Енді басты формаға Panel команентін орналастырыңыз және оның қасиеттерін объектілердің испекторы көмегімен құрастырыңыз.

    Компонентттің қасиеті

    Қасиеттің мәні

    Name

    paTop

    Align

    alTop

    Height

    25

  4. Формаға тағы да бір тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:

    Компонентттің қасиеті

    Қасиеттің мәні

    Name

    paBot

    Align

    alBotttom

    Height

    25

  5. Формаға үшінші тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:

    Компонентттің қасиеті

    Қасиеттің мәні

    Name

    paLeft

    Align

    alLeft

    Width

    120

  6. Формаға Splitter компонентін орналастырыңыз (стр.Additional).

  7. Формаға тағы да бір тақтаны орналастырыңыз және оған келесідей қасиеттердің мәнін бекітіңіз:

    Компонентттің қасиеті

    Қасиеттің мәні

    Name

    paMid

    Align

    alClient

  8. paTop тақтасына SpeedButton батырмасын орналастырыңыз (стр. Additional) және оған келесідей қасиеттерді бекітіңіз:

    Компонентттің қасиеті

    Қасиеттің мәні

    Name

    BtnHelp

    Top

    1

    Left

    1

    Glyph

    Көп нүктелі батырманы шертіңіз және экранда пайда болған терезеде Load батырмасын басыңыз. Экранда .bmp. кеңейтілуі бар файлды іздеу үшін терезе пайда болады. Бұл терезеде Дайындаулар папкасына кіріңіз және Help.bmp . файлын таңдаңыз.

  9. paMid тақтасына RxDBAware бетінен RxDbGrid компонентін орналастырыңыз, оның Align қасиетін alClient-та етіп бекітіңіз. paBot тақтасына DataControls бетінен DBNavigator компонентін орналастырыңыз, оның Align қасиетін alRight -та етіп бекітіңіз. Сізде суретте көрсетілгендей шығуы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет