Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»



бет1/7
Дата08.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
#185777
түріМетодические указания
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым

министрлігі
Д. Серікбаев атындағы

ШҚМТУ


Министерство

образования и науки

Республики Казахстан
ВКГТУ

им. Д. Серикбаева




УТВЕРЖДАЮ Декан факультета машиностроения и транспорта _______________М.В.Дудкин «___» ______________ 2014 г.






ЖОЛ ЖҮРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық (мамандану «Жол жүрісін ұйымдастыру»)


ОРГАНИЗАЦИЯ ДОРОЖНОГО ДВИЖЕНИЯ
Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта» (специализация «Организация дорожного движения»)

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Көлік және логистика кафедрасында мемлекеттік жалпы білім беру стандартының үлгі қалып негізінде 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық (мамандану «Жол жүрісін ұйымдастыру»)

Көлік және логистика кафедрасының мәжілісінде қарастырылды


Кафедра менгерушісі В.Н. Вдовин
№______ хаттама ___________2014 ж.

Машинажасау және көлік факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде басылымға ұсынылды.

Төраға А.В. Вавилов
№______ хаттама ___________2014 ж.

Құрастырған: А.А. Мәкенов

М.Р. Лұқпанов

Норма бақылау Т.В. Тютюнькова


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4


1 Жол-көлік оқиғаларын тіркеудің қалыптарын және әдістерін оқып үйрену 5


2 Көлік ағынының құрамы мен қарқындылығын оқып үирену 9

3 Жаяу жүргіншілер ағынының қарқындылығын оқып үйрену 14


4 Стационарлық бекеттегі көлік құралдары қозғалысының лездік

жылдамдығын оқып үйрену 18

5 Стационарлық бекеттегі реттелмелі жол қиылысындағы көліктер

кідірісін оқып үйрену 22

6 Ағындағы көлік құралдары арасындағы жоларалықтарды оқып үйрену 26


7 Қозғалыстағы автокөлік-зертханасы көмегімен ағындағы көлік құралдары

қозғалысының сипаттамасын оқып үйрену 30


8 Жол-көше желісі объектісіндегі қозғалысты ұйымдастыруды тексеру 35


Өз бетімен оқуға арналған әдебиет 38

А Қосымшасы 39

Б Қосымшасы 40

КІРІСПЕ
«Жол жүрісін ұйымдастыру» пәнінен тәжірибе сабақтарын орындау, 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру мен көлікті пайдалану» мамандығының сырттай және іштей оқу түрлері бойынша оқитын студенттерді кәсіби тұрғыда дайындаудың маңызды сатысы болмақ.

Әдістемелік нұсқаулықтар студенттерді дайындаудың қажеттіліктерін ескере отырып келесі бағыттар бойынша жасалған:

ЖКО тіркеудегі алғашқы құжаттарды өңдеу мен талдау бойынша тәжірибелік машықтарын игеру;

Көліктер және жаяу жүргіншілер ағындарының негізгі сипаттамаларын оқып үйрену;

Жол жүрісі туралы ақпарат жинаудағы тәжірибелік машықтарды игеру мен оны өңдеудің тұрақты тәсілдерін меңгеру (онымен қоса есептеу техникасының құралдарын қолданып);

«Жол жүрісін ұйымдастыру» курсының теориялық негіздерін бекіту.

Көрсетілген жұмыстар «Көлік және логистика» кафедрасының арнайы мамандандырылған зертханасында, сондай-ақ Өскемен қаласының көшелері мен жолдары ның желісінде өткізіледі. Жұмыс бағдарламасына сәйкес 30 сағаттан бөлінген сегіз тәжірибелік жұмыстар қарастырылған. Әрбір тәжірибелік жұмыс бойынша студенттер міндетті түрде мұқабалық беті бар жеке дәптерге есеп түрінде орындайды (А Қосымшасы). В қосымшасында есептерді орындау бойынша және орындалған жұмыстарды қорғау жөніндегі бірыңғай талаптар бар. Тақырыпты тереңірек меңгеру үшін ұсынылушы әдебиеттер тізімі келтірілген.

Тәжірибе сабақтарының алдында студенттер оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулықтардың қажетті тарауларын, техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын өз беттерімен оқып үйренулері тиіс.

1 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН ТІРКЕУДІҢ ҚАЛЫПТАРЫН ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІН ОҚЫП ҮЙРЕНУ

Жұмыс мақсаты: Жол полициясы бөлімдерінде қолданылушы, жол-көлік оқиғалары жөніндегі алғашқы құжаттармен танысу, ЖКО тірке карточкасын толтыру бойынша тәжірибелік дағдыларды қабылдау.


1.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар
Автөкөлігі дамыған барлық елдерде жол-көлік оқиғаларын тіркеу ұйымдастырылған, ол арнайы құжат – ЖКО тіркеу ережелерімен бақыланады. Әдетте осы ережелер арқылы төменде көрсетілгендер бекітілген:

ЖКО туралы мағлұматтарды жинау бойынша міндеттер жүктелген мемлекеттік органдар;

Жол-көлік оқиғасы, қаза болушы, жаралы, материалдық шығын және басқа да түсініктер анықтамалары.;

Ақпаратты жинау мен өңдеудің тәртібі, ЖКО туралы мәліметтер құрамы, оларды басқарушы торапқа тәуелділігінің дифференциациясын ;

ЖКО туралы мәліметтердің толықтығы мен нақтылығын, олардың жол-көше желісі жағдайының, ауа-райының және басқа да ЖКО туындауы мен апаттық жағдайларына әсерін тигізуші факторлармен келісімін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

ЖКО тіркеудің мемлекеттік жүйесі мен есебі қарастырады, яғни жол-көлік оқиғаларын есепке алу жүргізіледі:

Ішкі ісітер органдарымен (ІІБ);

Көлік құралдарының иелерімен (КҚ);

Жол және коммуналдық ұйымдармен.

ЖКО тіркеу екі негізгі мақсатты көздейді:

1) апаттық жағдайдың бағасы мен ЖКО нәтижесінде қоғамның тартқан зиянын анықтауды;

2) ЖКО туындауының шарттары мен себептерін талдау және олардың орнын толтыру жөніндегі шараларды қабылдау.


ІІБ тіркеу жүйесі аясында осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешімін таппақ:

а) ЖКО туралы нақты мәліметтермен қамтамасыз ету;

б) ЖКО туралы мәліметтер алудағы шұғылдылықты қамтамасыз ету(ЖКО туралы мәліметтердің шұғыл жиналуы нақты реттелген тәртіпте қамтамасыз етіледі);

в) ЖКО туралы мәліметтерді уақытылы және еш қатесіз жариялау;

г) алынған мәліметтерді ЖКО алдын алу бойынша тиімді шараларды жасауда қолдану.

Қазақстан Республикасының бүкіл территориясы бойындағы ЖКО туралы мәліметтерді тіркеу мен жинау тәртібі жол-көлік оқиғаларын тіркеу ережелерімен белгіленген, оған сәйкес қозғалыстағы кем дегенде бір көлік құралымен болған ЖКО, көлік құралына, жүктерге, жол және басқа да құрылыстар мен бөгде меншікке зиян келтірген, немесе адамның өлімі мен дене жарақатын келтірген ЖКО тіркеуге жатқызылады.

Берілген анықтамадан белгілі болғандай, оқиғаны жол-көлік оқиғасы деп жіктеу үшін екі шарт қажет болады.

Біріншіден, ЖКО –ға қозғалыстағы көлік құралының қатысуы тиіс.

Екінші шарт ретінде адамның өлімін және оларға қандай да бір дене жарақатын келтіруші, азаматтар мен ұйымдарға материалдық шығын келтіруші секілді оқиғаның зиянды әрекеттерінің болуы жатады.

Өлген деп ЖКО орнында көз жұмған немесе оқиғадан соң 7 тәулік ішінде көз жұмған тұлғалар жатқызылады. Жаралыларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем тағайындалған және бір күннен артық уақытқа госпитальдеу қажеттігі немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан дене жарақаттарын алған адамдар жатқызылады. Дене жарақаттары деп өте ауыр, ауыр және жеңіл дене жарақаттары, оның ішінде көгерулер, тілінулер, қан ағулар, жеңіл тері жарақаттары т.б. түсіндіріледі.

Материалдық шығынға көлік құралының, жүктердің, жолдардың және басқа да ғимараттардың немесе басқа да мүліктердің зақымдануынан туындаған шығындар кіреді. Мұнда есептеу мен талдау жасауға шығынның мөлшеріне тәуелсіз барлық жол-көлік оқиғалары жатады.

Бірақ мемлекеттік статистикалық есепке адам өлімі мен жарақаттануы енген жол-көлік оқиғалары туралы барлық мәліметтер енгізілген. Жол-көлік оқиғасы бойынша мемлекеттік статистикалық есеп ішкі істиер органдары арқылы, осы органдардың берген мәліметтері негізінде, қызмет көрсетуші аймақ территориясында жүргізіледі. Мәліметтері мемлекеттік статистикалық есепке енетін әрбір жол-көлік оқиғасына арнайы жол-көлік оқиғасын есепке алушы карточка толтырылады.

Статистикалық мәліметтерді зерттеу жол-көлік оқиғалары туындауының себептері мен жағдайларының заңдылықтарын анықтаудағы әдістердің бірі ретінде танылады.

Көп жағдайларда талдауға қажетті мәліметтерді жинау арнайы құжаттың көмегімен жүзеге асады, онда әрбір жол-көлік оқиғасы туралы алғашқы мәліметтер тіркеледі, яғни жол-көлік оқиғасын есепке алушы карточка. Бұл карточкаға апаттықтың жағдайы мен себептерін зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуші келесі мәліметтер түсіріледі:

Жол-көлік оқиғасының уақытын, орнын және жағдайларын;

ЖКО негізгі себептері – жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы(жүргізушілермен, жаяу жүргіншілермен және т.б.), қанағаттанарлықсыз жол жағдайлары, көлік құралының ақауы. Жол қозғалысын бұзушы жүргізушілер бірқатар қосымша көрсеткіштер арқылы сипатталады: жасы, жынысы, өтілі және т.б.;

«Жол қозғалысы» автоматтандырылған, ақпараттық-іздестіру жүйесінің әртүрлі ішкі жүйелері үшін қажетті реквизиттер;

Жәбірленушілер туралы мәліметтер – жынысы, жасы және т.б.

Жәбірленушілермен жүргізілетін ЖКО тіркеу карточкасы екі бөлікті қамтиды: ақпараттық және кодтық. Ақпараттық бөлігі талдауға жатқызылатын, ЖКО туралы барлық мәліметтер енгізілуші 12 тараудан тұрады. Ақпараттық бөлікті толтыру(бірінші тараудағы карточка номері мен типінен басқа) алғашқы құжаттарды толтырушы және ЖКО тіркеуші ІІБ қызметкерімен жүргізіледі.

ЖКО тіркеу карточкасын мәтіндік түрде немесе «ЖКО тіркеу карточкасын толтыру жөніндегі анықтамалық кестедегі» мағыналы ақпараттың мәндеріне сай келетін цифрлық индекстер көмегімен толтырады. Карточка үш көлік құралы мен төрт жәбірленуші туралы мәліметтерді толтыруға арналған. Сондықтан, оқиғада 4 адамнан көп адам жәбірленсе немесе онда үштен көп көлік құралы қатысса, онда негізгі карточкамен қатар қосымша карточкалардың қажетті саны толтырылады.

1.2 Жұмысты орындау тәртібі

Тапсырманы орындау үшін алдымен ЖКО бойынша алғашқы толтырылатын құжаттар тізімімен, толтыру тәртібімен және құрамымен таныс болуымыз керек. Содан соң ЖКО тіркеу карточкасы негізінде оқытылушы ЖКО бойынша мазмұнын құру қажет болады(мысалды қараңыз). Мазмұнында көліктердің жүргізушілерінің сипаттамаларын, ЖКО орны мен уақытын, көліктер мен оларға тиесілі заттарды, оқиға зардаптарын, көліктердің техникалық бүлінулерін көрсету қажет. Содан соң қарастырылушы ЖКО бойынша 1:200 масштабта ЖКО сұлбасын тұрғызу қажет(миллиметрлік қағазда). ЖКО мазмұнын баяндау мысалы.

1997 ж. 7 мамырда сәрсенбіде сағат 11. 20 минутта Лениногорск – Секисовка автокөлік жолының, жол полициясының БӨБ-нен 3600 шаршы метрінде, ішінде екі адамы бар - Бердыгожин Булат Мухамедович, 22 жаста, Лениногорск қаласы, Гоголь көшесі 41-21 үй тұрғыны, және еш жерде жұмыс істемейтін, сонымен бірге жүргізуші, 22 жаста, Лениногорск қ. Киров көшесі 17 үй тұрғыны, « В » категориялы көлік жүргізуге құқық беретін куәлігі бар мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет істейтін Матеев Канат Каубекович бар, мемлекеттік номері 97 – 15 ВА, ВАЗ – 2121 автокөлігі аударылып қалды.

Аударылу көлікті басқарудың бірінші сағатында, жолда жылдамдықты асырудан, жүргізушінің көлікке ие бола алмауы себепті көлік жолдан тайып кетіп, аударылғаннан болды. Көлікті басқару кезінде жүргізуші сау болатын. Аударылу болған күні ауа-райы ашық,бұлтсыз еді. Аударылу нәтижесінде жүргізуші Макеев К.К. алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды, және моргқа апарылды, ал Бердыгожин Б.М. денсаулығы жеңіл зардап шекті(бас сүйек- ми жарақаты), нәтижесінде аудандық ауруханаға жатқызылды. Аударылу кезінде көліктің артқы, екі жақ жанындағы, алдындағы шынылары сынды, сондай-ақ көліктің қорабы мен рамасы қатты соққы алған, осыған орай оларды әрі қарай жөндеу мүмкін болмай отыр. Мазмұнына қоса ЖКО сұлбасы қарастырылған.


1.3 Бақылау сұрақтары

1 Жол-көлік оқиғасының анықтамасы.

2 ЖКО негізгі түрлері. Олардың сипаттамасы.

3 Шығындарының ауырлығы бойынша ЖКО жіктелуі.

4 ЖКО тіркеуді кім жүргізеді?

5 ЖКО тіркеудің негізгі мақсаттары.

6 Ішкі істер органдарындағы қандай оқиғалар тіркеуге жатады?

7 Ішкі істер органдарының ЖКО туралы қандай мағлұматтары мемлекеттік статистика есебіне енгізіледі?

8 Жәбірленушілері бар ЖКО–ның есеп карточкасының ақпараттық бөлігін толтыру тәртібі.

2 КӨЛІК АҒЫНЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН

ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жұмыстың мақсаты: Көлік ағынының құрамы мен қарқындылығын анықтаудың әдістемесін оқыту және алынған нәтижелерді өңдеуді меңгеру, жол-көше желісінің бөліктерінің өткізу қабілетінің резервтерін бағалау.

2.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар

Көлік ағынының қарқындылығы мен құрамы жол қозғалысының сипаттамасы үшін қажетті жиі қолданылатын көрсеткіштерге жатады.

Көлік ағынының құрамы ондағы әртүрлі көлік құралдарының қатынасымен сипатталады және жол қозғалысының барлық параметрлеріне маңызды әсер етеді. Көлік ағынының құрамы жолға да әсер етеді, ол автокөліктердің габариттік өлшемдерінің арасында едәуір айырмашылықтардың болуымен түсіндіріледі, әсіресе көлік құралдарының ұзындығының динамикалық габаритімен.

Көлік ағынының факті бойынша құрамына әртүрлі көлік құралдарының әсерін есепке алу үшін шартты түрде қабылданған жеңіл автокөлікке келтіру еселіктерін Ккел қолданады, олар көліктердің динамикалық габариттерін салыстыру арқылы анықталады. Келтірілген қарқындылықты Nкел есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:


, (2.1)
мұнда: Nжең, Nжүк, Nав, Nап – сәйкесінше бақылау уақыты кезіндегі көлік ағынындағы жеңіл, жүк көліктерінің, автобус, автопоездтардың саны;

Кжүк, Кав, Кап – жүк көліктері, автобустар мен автопоездтар үшін келтіру еселіктері.

Жол-көше желісінде әрқашанда қозғалысы өзінің максималды өлшемдеріне жеткен жекелеген жол бөліктері мен зоналары да, сонымен қатар басқа жол бөліктерінде бұл өлшем бірнеше есе төмен болатындай-да жерлер кездеседі. Жол қозғалысы мәселесінде жыл, ай, тәулік, тіпті сағат бойындағы қозғалыстың біркелкі еместігіне аса мән беріледі.

Қозғалыстың сағат ішіндегі біркелкі еместігі уақыттық біркелкі еместік еселігімен бағаланады, ол сағат бойындағы магистральдағы немесе берілген жол бағытындағы қозғалыстың қарқындылығының ауытқуымен сипатталады. Берілген уақыт бірлігіндегі қозғалыс көлемінің үлесі ретінде немесе қарастырылып отырған уақыттағы қозғалыстың бақыланушы қарқындылығының сағаттық қарқындылыққа қатынасы ретінде анықталады:
, (2.2)
мұнда: Кб.е(t) - t уақыт интервалындағы қозғалыстың біркелкі еместігінің еселігі;

t - бақылау уақыты, мин;

Nкел(t) - t уақыт интервалындағы бақыланушы келтірілген қарқындылық, бірлік/сағат;
, (2.3)
мұнда: Nкел(60) - қозғалыстың сағаттық келтірілген қарқындылығы, бірлік/сағат.

Қалалық байланыс жолдары қызметін сипаттаушы маңызды көрсеткіш ретінде олардың өткізгіштік қабілеті жатады. Көп жолақты жолдың өткізгіштік қабілетін есептеуде Pм – бұл құбылыста көпжолақтылық еселігін Ккж ескеру қажет.

Көпжолақты өткізу бөлігінің есептік өткізгіштік қабілеті Pк мына теңдеу арқылы анықталады:

, (2.4)
мұнда: Pө - бір ғана қозғалыс жолағының есептік өткізгіштік қабілеті, бірлік/сағат, (Pө=1200-1600 бірлік/сағат);

Кк - көпжолақтылық еселігі (Кк 2-жолақты жолдағы бір жақты бағыт үшін 1,9, 3-жолақты жол үшін – 2,7, ал 4-жолақты жол үшін – 3,5 қабылданған);

- қиылыстардың әсерін есепке алушы еселік (= 0,4-0,6).

Жолдың жүктелу деңгейі жүктелу еселігімен Zi, анықталады, ол қозғалыс қарқындылығының, қарастырылушы жол немесе көше бөлігіндегі қозғалыстың өткізгіштік қабілетіне қатынасымен анықталған. Берілген жағдайда қозғалыстың әр бағыты үшін жүктелу деңгейі келесі теңдеу арқылы анықталады:


, (2.5)
Үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін өткізгіштік қабілетінің резерві қажет, және сондықтан да оның мәнін Z  0,85 қабылдау қажет.


2.2 Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық
Көліктер құрамын анықтау мен қозғалыс қарқындылығын санау қала көшелерінің қиылыстарында жүргізіледі. Бұл үшін арналған бөлік, көліктердің белгіленген қозғалысы бақыланатын, реттелуші қиылыстан 200-300 м қашық жер таңдалынады.

Қозғалыс қарқындылығын есептеу механикалық есептегіштерді қолдану арқылы жүргізіледі, немесе өтуші көліктер хаттамаға тіркелініп отырады. Қозғалыс қарқындылығын санауда және көліктер құрамын анықтауда студенттер 2-3 адамнан бригадаға бөлінеді, бір жолақты қозғалыспен ағана жұмыс істейді

Тәжірибелік жұмысты істемес бұрын көшенің схемасын сызып алу керек. Сұлбада қозғалыс жолақтары санын, енін, көліктер санын, зерттелуші көшенің жақын бекеттеріне бағытталуы мен олардың аталуын көрсетеді.

Сағаттық қозғалыстың біркелкі еместігін анықтау мақсатында қозғалыс жиілігін санау әртүрлі уақыт кесіндісінде жүргізіледі (5, 15, 30, 45, 60 мин).



2.3 Жұмысты орындау реті

Қозғалыс қарқындылығын санау тұтас бақылау арқылы және бір сағат бойы жүргізіледі. Барлық бригадалар бір уақытта жұмысты бастайды. Көліктер құрамы бойынша мәліметтер әртүрлі бақылау аралықтары үшін хаттамаға кіргізіледі (кесте.2.1).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет