Аңшылық келісім жиырма жылдан қырық тоғыз жылға дейін жасалады. - Аңшылық келісім шарттарды қамтиды, олардың ішінде:
- Аңшылық алқаптың орналасқан жері, шекаралары мен алаңы, оның шекараларында орналасқан және жалға берілетін жер және орман учаскелері туралы мәліметтер
- Берілетін жер және орман учаскелері үшін жылдық жалдау ақысының мөлшері
- Аңшылық шаруашылығы-бұл аңшылық жануарларды молықтыру және олардың санын көбейту, оларды қорғау, биотехникалық және аңшылық шаруашылық іс-шараларын жүргізу, аңшылық ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында пайдаланушыға бекітілген аңшылық алқаптар.
- Аңшылық алқаптарының қорғаныш және ұялық сапасын жоғарлату
- 1. Қорғаныс ремиздерді құру
- 2. Аңдармен құстардың індерін, ұяларын сақтау
- Қорғаныс ремиздерді жануарларға арнап егілген егістіктер, үстеме қоректендіру аландар, суаттар, тұздықтар, тынығу аймақтар маңында ұйымдастырылады. Мұндай ремиздерде жануарлар жыртқыштар мен ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғанады.
- Жануарларға жасанды қорғаныштарды даярлау
- 1. Орманды алқаптардың қорғаныс жағдайын жақсарту.
- 2. Ашық алқаптардың өнімділігін жоғарлату.
- 3. Су жануарларына қолайлы жағдай жасау.
- Ремиздерді ауылдар мен шаруа қожалықтардың территорияларында олардың басшыларымен келісіп құруға болады. Ол үшін мәдени өсімдіктер үшін сапасы төмен учаскелер қолданылады, оларға жыралар, құрғап қалған өзен арналары, бос аландар, құм басқан территориялар пайдаланылады.
- Ремиз құру мақсатымен бұл жерлерге астық тұқымдасының өкілдерін, дрок, долана, итмұрын, таңқурай, шырша, жабайы алма, шетен өсіріледі.
- Егер мүмкіндік болса ремиздің сыртына қарай тікенді бұталарды егіп ортасына қоректік маңызы бар сұлы, қара құмық, тары, жералмұрт сияқты өсімдіктерді өсіреді, сонда ремиздің қорғаныс қызметімен бірге қоректік жағдайы да жақсарады.
- 1. Аңшылық алқаптардың қорғаныс жағдайлары дегеніміз олардың территориясында жануарларға жыртқыштардан, ауа райының қолайсыз әсерінен қорғанып, жасырынатын орындар болуын айтады.
- Әрбір жануарлардың мекен ету алқаптар қорғаныс жағдайларына қойылатын талаптары бірдей емес.
- Бұғы тәріздес тұяқтылар сирек өскен орманды талап етеді, қабандарға керісінше қалың ағаш немесе қамыс қажет, сусар, бұлғын сияқты жыртқыштарға құлаған ағашы көп орман керек. Осыған орай әрбір жануарға жүргізілетін алқаптардың қорғаныс қасиеттерін жоғарлату шаралары әртүрлі келеді. Қорғаныс жағдайды жақсарту аңшылық алқаптың өнімділігін біршама өсіреді. Ол үшін орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде кәрі, қуыстары бар, аңдар мен құстар ұя сала алатын ағаштарды кеспей сақтау керек.
- Аңшылық алқаптардың қорғаныс жағдайлары
- Ашық аңшылық алқаптарға дала, шөл, ауыл шаруашылық егістіктер жатады. Оларда аңшылық құстар мен аңдар аз мекендейді. Егер ашық алқаптар жанында немесе арасында орман учаскелерімен, бұталар, қамыс өскен аландар кезіксе, мұнда сұр шіл, бөдене, қырғауыл, құр, ор қоян, елік, борсық сияқты жануарлар қоныстанады.
- Ашық алқаптардың қорғаныс қасиеттерін жоғарлату үшін орман жолақтарын өсіреді, биік шөптерді егеді. Бұталардың, басқа да биік өсімдіктердің бұтақтары қалың болуы үшін олардың төбесін қырқып отырады.
- Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту.
- 1. Ашық алқаптардағы азықтық өсімдіктер
- 2. Су алқаптарының өсімдіктері
- Аңшылық алқаптардағы жануарлардың саны азықтық қорға тікелей байланысты. Ең маңызды биотехниялық шаралардың бірі – алқаптардың қоректік базасын жоғарлату. Оны көбейту үшін қоректік өсімдіктер өсіреді, қорекке жеңіл қол жеткізу және оны қорытуды жақсарту, минералды азық қосу.
- Қоректік өсімдіктерді орманды қайта қалпына келтірудің барысында отырғызады. Ол үшін орманның төменгі қабатына (ярусына) азықтық жағынан бағалы ағаш пен бұталарды еңгізеді. Ашық алқаптарда қорғаныс қоректік ремиздер ұйымдастырады, олардың құрамына кіретін өсімдіктер қоректік қасиеттерімен қатар қорғаныс ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
- Аңшылық жануарларын қоректендіру.
- 1. Азықтың түрлері
- 2. Қоректің сапасы
- Аңшылық жануарларына қажетті азықтарға толық мінездеме беру үшін, олардың құрамына қандай түрлі азықтар енеді және оны сапалық қасиеттерін жете білу керек. Азықтар екі топқа бөлінеді органикалық және минералдық азықтар.
- Органикалық топқа өсімдік және жануар тектес азықтар енеді. Өсімдік тектес азықтар: ағаш және бұтақты тұқымдастардың тұқымы жемісі, жидектер, саңырауқұлақтар, ағашты-бұтақты азықтар (қабықтар, тармақтар, қылқан жапырақтар, жапырақтар, бүршіктеі сырғалар, гүл шоғырлары) шөптес өсімдіктер, балдырлар, мүктер және қыналар. Жануар тектес азықтар екі топқа жіктелінеді: омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Омыртқалы жануарлар тобына кебінесе (көлемі) кішкентай топтар - тышқан түрлес кеміргіштер, кішкентай сүтқоректілер, құстар, балықтар және бауырымен жорғалаушылар. Омыртқасыздарға - шыбын-шірке құрт-құмырсқа, бақашақтар, құрттар енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |