Метрология және метрологиялық өлшем бірлігін қамтамасыз ету Өлшеу аймақтары мен түрлері


Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты



бет5/6
Дата06.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#462054
1   2   3   4   5   6
Дәріс 3-1

Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - ол Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының сұраныстарын сенімді емес өлшеу нәтижелерінен сақтау.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттарына келесілер жатады:
- отандық және импортталған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы;
- фундаменталды зертеулердегі өлшеу сенімділігі;
- материал және әнергия ресурстарының сенімді есептелуі;
- қоршаған ортаны қорғау, адам өмірімен еңбек қауіпсіздігі және т.б.
Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ) – бұл бірыңғайлылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мүмкіндігін жасауға бағытталған метрологияның іс-әрекеттері, ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде өлшеудік мемлекеттік жүйесі (МӨЖ), ол - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар мен іс-әрекеттер үлгілерін мемлекеттік басқару жүйесі.
ҚР ӨМЖ негізгі мақсаты - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге арналған құқықты, нормативті, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық шарттарды құрастыру.
ҚР МӨЖ негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттердің басқаруды тиімді принциптерін зерттеп дайындау;
- шамалар бірліктерінің, эталондарын жасау мен жетілдіру;
- метрология саласындағы негізгі түсніктемелер, терминдер және анықтамаларын бекіту;
- метрология саласындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралык, аймактық және ұлттық ережелер нормалары және талаптармен үйлестіру;
- өлшеу сапасын ақпаратты қамтамасыз ету.
ҚР ӨМЖ негізгі принциптеріне келесілер жатады:
    • өлшеу нәтижесі ҚР аумағында қолдануға заңдастырылып рұқсат етілген шама бірліктерімен жазылуы;
    • өлшеуді берілген ықтималдық қойылған шегінде жататын қателікпен іске асыру;
    • шама бірліктер мөлшерлерін шамалар бірліктер эталонынан өлшеу құралдарына беру;
    • өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттерді заң мен нормативті құжаттарға сәйкес жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет