Метрология, стандарттау



бет27/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

3.7 Өлшем межеліктері


Өлшеу құралдарының межелігі — бұл өлшенетін шаманың бірізділік мәндерінің қатарына сәйкес келетін белгі мен сандардың тәртіпке келтірілген жиынтығы.
Цельсий межелігінде есептеудің басы ретінде мұздың еру температурасы алынған, ал негізгі интервал ретінде (тіреу нүктесі) – судың қайнау температурасы. Температураның бірлігі болып табылатын бұл интервалдың жүзден бір бөлігі – Цельсий градусы (°С).
Метрологиялық тәжірибеде межеліктердің бірнеше түрлері белгілі: атау межелігі, рет межелігі, қатынастар межелігі, абсолютті межелер, шартты межелер.
Атау межеліктері — бұл құрамында нөл және өлшем бірліктері жоқ сапалы межеліктер, мұнда «көп-аз» сияқты қатынастар болмайды. Түстер (түстер атласы) межеліктері мысал бола алады. Өлшем боялған заттың түс үлгілерімен (түс атласындағы эталонды үлгілермен) ойша түрде салыстырылуымен жасалады. Себебі әрбір түс көптеген реңге ие, мұндай салыстыру тек тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар визуалды ерекше қадағалай алу мүмкіндіктер сипатына ие сарапшының қолынан ғана келеді.
Рет межеліктері. Қасиеттің мөлшерлі пайда болуының өсуі немесе кемуіне қарай шамалардың қасиетін қатынастар эквиваленті ретінде және рет ретінде де сипаттайды. Бұл межеліктерде нөлдік белгі бар, бірақ өлшем бірліктері болмайды, себебі шама қасиетінің қай санда көп немесе аз болатынын анықтау мүмкін емес. әдетте рет межеліктері өлшенетін шаманың мәнін баллдармен (жер сілкінісінің күші, жел күші және т.с.с.) сипаттайды.
Аралықтар межеліктері (түрліліктер). Шамалардың қасиеттерін балама және рет қатынастарының көмегімен ғана емес, сонымен бірге сол қасиеттің мөлшерлік пайда болу арасындағы аралықтардың сомалануын және үйлесімділігін қолданумен сипаттауға болады. Аралықтар межеліктері шартты нөлдік мәндерге ие, ал аралықтар келісім бойынша анықталынады. Мұндай межеліктер уақыт және ұзындық межеліктері.
Қатынастар межеліктерінде нөлдік мән бар, ал өлшем бірлігі келісім бойынша анықталынады. Мысалы, таразы межелігі, нөлдік белгіден бастап, қажетті өлшеу дәлдігіне қарай әртүрлі градуирленуі мүмкін.
Абсолютті межеліктер әрқашан да физикалық шамалардың өлшем бірліктерінің анықтамасына ие.
Шартты межеліктер — бұл физикалық шамалардың межеліктері, олардың бастапқы мәндері шартты бірліктерде көрсетілген, кейде оларды метрлік емес деп атайды. Оларға минералдар мен металдардың қаттылық межеліктерін жатқызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет