Метрология, стандарттау


Сынақтың негізгі түрлері және олардың ерекшеліктері



бет39/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

3.15 Сынақтың негізгі түрлері және олардың ерекшеліктері

Объекті қасиеттерінің сипаттарын бағалау, олардың берілген талаптарға сай болуын анықтау, сонымен бірге сынау процесінде оның іс-әрекетінің сапасын талдау мәліметтері сынақ нәтижелері болып табылады.


Сынақ жүргізетін техникалардың міндеті бұйымдарды сынау шарттарын іс-жүзіндегі пайдалану шарттарына жақындату және оның қасиеттерінің негізгі өзгерістерін мөлшермен анықтау.
Механикалық, климаттық, биологиялық және электрмагнитті факторлар негізгі әсер ету факторлары болып табылады.
Механикалық әсер етуге статистикалық, динамикалық және дірілді ықпалдар жатады. Олар созылу, қысу, ию, бұрау, қию, бұйым жасалынған материалдардың басып енгізілуі және қажуы салдарынан бұзылуларды туғызады. Сондықтан механикалық әсерлердің жағдайларында жұмыс жасауға арналған бұйымдар белгілі бір жүктемені көтеруі қажет. Материалдардың механикалық қасиеттері беріктілікті, илемділікті, қаттылықты соққы тұтқырлығын және т.б. сипаттайды. Серпімділік шегі, аққыштық шегі, беріктік шегі сияқты сипаттар материал беріктілігінің критерилері болып табылады. Параметрлердің көптігі және түрлілігі сынақ әдістерін бірыңғайлауға ұмтылумен түсіндіреді. Әртүрлі белгілер бойынша жіктелетін сынақтың көптеген сандары бар.
Тағайындаулар бойынша зерттейтін, бақылайтын, салыстыратын және анықтайтын деп бөлінеді.
Жүргізу дәрежесі бойынша сынақтың келесі санаттарын ажыратады:

  • мемлекеттік — басты ұйыммен немесе мемлекеттік комиссиямен өткізілетін өнімнің маңызды түрлерін сынау;

  • ведомстваралық — бірнеше ведомстволармен әзірленетін объектінің құраушы бөліктерін қабылдау үшін өнімдерді сынау;

  • ведомстволық — мүдделі комиссиямен өткізілетін сынақтар.

Өнімді жасау кезеңдерін есепке алатын келесі сынақтар бар:

  • жетілдіретін — өнім сипатына енгізілетін өзгерістердің әсерін бағалау үшін және сапа көрсеткіштерінің қажетті мәндерін алу үшін өнімдерді әзірлеу кезінде жүргізілетін сынақтар;

  • алдын-ала — өнімнің қабылдау сынақтарына дайындығын анықтау үшін өнімдердің тәжірибелік үлгілерін және (немесе) тәжірибелік тобын сынау;

  • қабылдайтын — өндіріске және (немесе) тағайындамасы бойынша қолдануға өнімнің өзара тиімді қойылуын анықтау үшін тәжірибелік үлгілерді, өнімдердің немесе бұйымдардың тобын сынау.

Дайын өнімнің түріне қарай сынақтар келесі түрде болуы мүмкін:

  • санатты — өнімнің берілген түрін тапсырылған көлемде шығаруға кәсіпорынның дайындығын бағалау үшін жүргізілетін анықтау сериясын немесе алғашқы өнеркәсіп тобын сынау;

  • қабылдау-өткізу — қабылданатын бақылау кезінде өнімдерді сынау;

  • ұсынушылық — өнімді тапсырыс берушіге немесе тұтынушыға ұсынар алдында техникалық бақылау қызметімен жүргізілетін өнімдерді сынау;

  • кезеңдік — өнім сапасының тұрақтылығын бақылау үшін жүргізілетін және шығарылымды жалғастыру мүмкіндігі үшін шығарылатын өнімді сынау; сынақ мерзімі мен көлемі нормативті–техникалық құжаттамамен көрсетіледі;

  • типтік — құрылымға, рецептурасына немесе техникалық процесіне енгізілетін өзара тиімді өзгерістерді бағалау үшін шығарылатын өнімді сынау;

  • сертификатты — міндетті және ерікті сертификаттау кезінде және нормативті базамен жарияланатын нормативті құжаттармен қарастырылған сынақтар.

Объектілерді сынау әзірленген бағдарламалар мен әдістерге сәйкес жүргізілуі қажет.
Сынақ бағдарламасы — сынақтың объектісін және мақсатын; жүргізілетін эксперименттердің түрлерін, бірізділігін және көлемін; сынақты өткізу тәртібін, шартын, орнын және мерзімін; қамтамасыз етуді және есептілікті; сынақты қамтамасыз ету және жүргізу жауапкершілігін анықтайтын міндетті құжат.
Сынақ әдістемесі — объекті қасиеттерінің сипатын анықтау бойынша әдісін, құралын және сынақ шарттарын, сынақ іріктемелерін, операцияны орындау алгоритмін, нәтижелердің дәлдігі мен шүбәсіздігін бағалау арқылы алынған мәліметтерді ұсыну формасын, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қосатын міндетті құжат.
Сынақтар белгілі бір тәртіпте және көрсетілген ережелер (жоба бойынша) бойынша жүргізіледі.
Мысалы, сенімділікке тексеру үшін жүргізілетін сынақ жобасы N*Т — бұл сынақ жобасы бойынша шекті күйі (қабыл алмау) N бұйымды бір уақытта сынайды және бұйымның (оның құраушы бөлігінің) шекті күйіне (қабыл алмау) жетпеген әрбірі үшін Т жұмыс көлеміне қол жеткізгеніне қарай сынақты тоқтатады.
Сенімділікке тексеру үшін жүргізілетін сынақ жобасы N*N — бұл сынақ жобасы бойынша барлық N бұйымдардың (олардың құраушы бөліктерінің) шекті күйіне жетуіне дейін (қабыл алмау) N бұйымдарды сынақтан өткізу.
Өзге де сынақ жобалары қолданылуы мүмкін.
Сынақ көлемін және көрсеткіштер бағасын анықтау әдістері бірқатар қажет шарттармен және экономикалық тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты таңдалған сынақ жобасына тәуелді.

4 ШТАНГЕНҚҰРАЛМЕН СЫЗЫҚТЫ ӨЛШЕМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет