Метрология, стандарттау


Cтандарттарды енгізу. Стандарттарды таңбалау



бет14/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

1.14 Cтандарттарды енгізу. Стандарттарды таңбалау.
Өнімдерді таңбалау

Стандартты кәсіпорынға енгізілді деп есептейді, егер де олармен анықталған нормалар, көрсеткіштер және талаптар олардың таралу аумағымен сәйкес қолданылса және егер де шығарылатын өнім сол стандарттың барлық талаптарына сәйкес болса. Стандарттарды және техникалық талаптарды енгізу мен орындауды ҚР Мемстандарты, оның орталықтары, стандарттарды және өлшеу техникаларын қадағалайтын мемлекеттік зертханалар, сонымен қатар ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары қадағалайды. Өнімді жобалау, өндіру және пайдалану кезеңінде стандарттардың орындалуын және тиімділігін Мемстандарт органдарымен кешенді тексерілуі маңызды мәнге ие. Егер де стандарт пен техникалық шарттарды уақытымен сәйкес ендірмесе, кәсіпорын және ұйым басшылығы еңбек туралы заңнамаға сәйкес тәртіпті жауапкершілігін атқарады. Стандарттар және техникалық шарттар талабына сәйкес емес, жинақталмаған, сәйкес емес ыдыс пен қаптамадағы, таңбалау талаптарының бұзылуымен, құрылымды кемшіліктері және басқа да ақаулары бар өнімдерді жеткізгені үшін жеткізуші (дайындаушы) ҚР азаматтық заңнама Негіздерімен қарастырылған жауапкершілікті атқарады. Сонымен қатар өнеркәсіп кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартады. Стандарттарды міндетті түрде орындау ғана стандарттаудан келетін әсерді береді. Сондықтан стандарттар заң күшіне ие және оларды орындау тек көндіру әдістерімен ғана емес, мемлекеттік мәжбүрлеу әдістерімен де жүзеге асырылады. ҚР СТ 1.11-99 «ҚР МС Өнімнің каталогты беттерін толтыру, ұсыну, есептеу және сақтау тәртібіне», ҚР СТ 1.16-2000 «Стандарттау, сертификаттау ережесі және сертификатталған өнімдер бойынша нормативті құжаттардың міндетті талаптарын орындаудағы мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру тәртібіне» сәйкес Қазақстанда ҚР Мемстандарттарымен қолданылатын мемлекеттік стандарттарға өнімді сәйкестендіру белгісімен таңбалау енгіздірілген.


Егер де өнім оған міндетті түрде қарасты болса, белгімен таңбалау сертификаттауды алмастыра алмайды. Осы нормативті құжаттарға сәйкес кәсіпорын-дайындаушылар өз бастамаларымен ерікті түрде сәйкестік белгісін қолдана алады (1.14.1 - сұлба), егер де олардың өнімдері мемлекеттік стандарттардың талаптарына толық сәйкес өндірілсе. Бұл белгімен өз өнімін таңбалау құқығына ие болу үшін мұндай өнімді дайындаушы сол немесе басқа да мемлекеттік қолдау шараларына үміткер бола алады.



1.14.1 – сұлба - Стандарттарға сәйкестікті растайтын белгілер:


а – Ресей; б – Ұлыбритания; в – Оңтүстік Корея; г – Германия; д – Франция;


ж – Қазақстан; е – Жапония.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет