9 қараша 2004 жылғы № 603-II Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы өнімдердің, қызметтердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдалынатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – техникалық реттеу объектілерінің көрсетілген талаптарға сәйкестігін растау бойынша белгілі бір саладағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқығын ресми мойындау бойынша аккредиттеу органы арқылы жүргізілетін рәсім;
2) аккредитттеу аттестаты – сәйкестікті растау органының және (немесе) сәйкестік пен аккредитеуді растау саласындағы жұмыстарды жүргізу ережелеріне сәйкес берілетін көрсетілген талаптарға сай болуын растау бойынша белгілі бір саладағы жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларының (орталықтар) құқықтарын куәланыратын куәлік;
3) аудит (сәйкестікті растау саласындағы) – сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдардың және (немесе) сынақ зертханаларының жұмыстарын жүйелі, тәуелсіз құжаттандырылған талдау, сонымен қатар өтініш берушінің бастамасымен сертификатталған өнімдерді, қызметті, процестерді, сапа менеджмент жүйелерін көрсетілген талаптарға сәйкестігін бақылау;
4) өнімдердің, қызметтің және процестердің қауіпсіздігі (ары қарай –қауіпсіздік) – қауіпті фактордың жүзеге асу ықтималдығы мен оның ауыр салдарының дәрежесінің үйлесуін есепке ала, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, ондағы өсімдік және жануарлар әлеміне әкелетін зиянға байланысты қауіпті болдырмау;
5) үйлесімді стандарт – техникалық реттеу аясындағы нормативті техникалық актілермен көрсетілген талаптардың орындауын қамтамасыз ететін стандарт;
6) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі - өз құзыретінің және нормативті құқықтық актілер мен стандарттардың аясында техникалық реттеу аумағындағы жұмыстарды орындайтын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың бірігуі;
7) техника-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіші – жүйеленген кодтар жинағы мен техника-экономикалық ақпараттар объектілерінің топтастырылған топтарының атауларынан тұратын құжат;
8) мемлекеттік стандарт – уәкіл органмен бекітілген және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт;
9) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және стандарттардың мемлекеттік қоры – техникалық реттеудің, стандарттардың және өзге де өз құзыреттерінің аясында қалыптасатын мемлекеттік органдардың аумағындағы нормативті құқықтық актілердің мамандандырылған қорларының жиынтығы;
10) сәйкестікті растау туралы декларация – айналысқа шығарылатын өнімдерді, қызметті көрсетілген талаптарға сәйкес екендігіне жасаушынының (атқарушы) куәландыратын құжаты;
11) сәйкестікті ерікті түрде растау – жасаушының (атқарушының) немесе сатушының бастамасымен стандартқа, өзге құжатқа немесе өтініш беруші талаптарына өнімдердің, қызметтің, процестердің сәйкестігінің расталуын жүзеге асыратын рәсім;
12) өнімнің өміршеңдік циклі – жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, жүзеге асыру, кәдеге жарату және өнімдерді жою процестері;
13) мүдделі жақтар – іс-әрекеттері техникалық реттеу аумағындағы нормативті құқықтық актілерді әзірлеумен байланысты жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың қауымдастықтары, одақтары, сонымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған өзге де тұлғалар;
14) өтініш беруші - өнімдерді, қызметті, процестерді сәйкестікке растау үшін ұсынған жеке және заңды тұлғалар, сонымен бірге аккредиттеу мен аудитке (сәйкестікке растау саласында) өтініш берген заңды тұлғалар;
15) сәйкестік белгісі - өнімдердің, рәсімдер қызметтерінің техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен, стандарттармен және өзге де құжаттармен көрсетілген талаптарға сай болуының расталғандығы жөнінде сатып алушыларға ақпарат ретіне қызмет атқаратын белгі;
16) өнімдерді, қызметті сәйкестендіру – ерекше белгілері бойынша белгілі бір өнімдер мен қызметтердің таңылуын қамтамасыз ететін рәсім;
17) жасаушы (атқарушы) - өндірістік мақсаттарда өнімдерді ары қарай иесіздендіруге немесе өз қолданысы үшін жасайтын жеке немесе заңды тұлға;
18) инспекциялы тексеру – уәкіл органмен анықталған тәртіпте техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен көрсетілген талаптарына сертификатталған өнімдердің, қызметтің, процестердің сай болуын растайтын аккредиттелген органмен жүзеге асырылатын тексеру;
19) сынақ зертханасы (орталық) (ары қарай - зертхана) – стандарттау бойынша нормативті құжаттарда көрсетілген талаптарға сай болу үшін өнімдерді сынақтан өткізетін зертханалар, ондағы мемлекеттік органдардың зертханалары;
20) халықаралық стандарт – стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт;
21) ұлттық стандарт – стандарттау бойынша шет ел мемлекетінің уәкіл органымен қабылданған және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт;
22) стандарттау бойынша нормативті құжат – стандарттау бойынша қызметтердің барлық түрлеріне және олардың нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттарды, принциптерді көрсететін құжат;
23) техникалық реттеу аумағындағы нормативті құқықтық акт - техникалық реттеу аймағындағы құқықтық нормаларды анықтайтын, олардың қызметін өзгертетін, тоқтататын немесе бәсеңдететін осы Заңмен және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған көрсетілген нысандағы жазбаша ресми құжат;
24) аккредиттеу аймағы – сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген және (немесе) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен, стандарттармен немесе шарттармен бекітілген талаптарына объектілердің сай болуын анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды атқаратын зертханалармен бекітілген объектілер тізімі;
25) міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау бойынша органдардың қатысуымен техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен көрсетілген талаптарға өнімдер мен қызметтің сәйкестігін растау нысаны;
26) сәйкестікті міндетті растау - техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен көрсетілген талаптарға өнімдер мен қызметтің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім;
27) сәйкестікті растау бойынша орган – сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін көрсетілген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
28) негіз салушы стандарт – кең қолданысқа ие немесе техникалық реттеудің белгілі бір аймағына арналған жалпы ережелерден тұратын стандарт;
29) сәйкестікті растау - техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің, стандарттардың немесе шарттарда көрсетілген талаптарына объектінің сай болуын көрсететін құжаттандырылған куәлік (сәйкестендіру туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты) ретіндегі рәсім;
30) жеткізуші – өнімдерді, қызметті ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
31) өнім – процестің немесе іс-қимылдың нәтижесі;
32) процесс - өнімнің өміршеңдік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір жүктелген нәтижеге қол жеткізу үшін өзара байланысқан және бірізді іс-қимылдардың (жұмыстардың) жиынтығы;
33) стандарттау бойынша аймақтық ұйым – стандарттау бойынша ұйым, оның жұмысына қатысу стандарттау бойынша сәйкес органдардың тек бір ғана: географиялық немесе экономикалық аймағына ашық;
34) аймақтық стандарт – стандарттау бойынша аймақтық ұйыммен қабылданған және тұтынушылардың кең ауқымына қолжетімді стандарт;
35) техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің тізілімі – техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілер, стандарттар есебінің құжаты;
36) қауіп – салдардың ауыр дәрежесін есепке ала отырып, адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, ондағы өсімдік және жануарлар әлеміне зиян тигізу ықтималдығы;
37) сәйкестік сертификаты - техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен, стандарттар ережелерімен немесе өзге де құжаттармен көрсетілген талаптарға өнімдердің, қызметтің сай болуын куәландыратын құжат;
38) сертификаттау – ол арқылы сертификаттау бойынша орган өнімнің, қызметтің көрсетілген талаптарға сай болуын жазбаша куәландыратын рәсім;
39) стандарт – көп ретті және ерікті түрде қолдану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне уәкіл органмен қарастырылған тәртіпте бекітілген ережелерді, жалпы принциптерді және сипаттарды белгілейтін құжат;
40) ұйым стандарты – ұйыммен бекітілген стандарт;
41) стандарттау – жалпыға ортақ, көп ретті және ерікті түрде қолдану үшін іс-жүзіндегі және әлеуметті міндеттерге қатысты ережелерді анықтау арқылы өнімдерге, қызметке және процестерге қойылатын талаптарды тиімді дәрежеде тәртіпке келтіру үшін бағытталған іс-әрекет;
42) сәйкестікті растау сұлбасы - техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен, стандарттармен немесе шарттармен көрсетілген талаптарға сай болуын (сынақ жүргізу, өндірісті бағалау, сапа менеджмент жүйесін бағалау, нормативті және техникалық құжаттамаларды талдау және өзгелері) анықтау тәсілдері және осы жұмыстардың нақты өту кезеңдерін жазбаша жүргізу;
43) техникалық бөгет - техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілер және стандарттар құрамында бар талаптардың түрлілігі немесе өзгермелі болу салдарынан туындайтын бөгет;
44) стандарттау бойынша техникалық комитет – стандарттарды әзірлеу және стандарттардың бекітілген объектілері немесе қызмет бағыты бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті түрде экономика салаларында құрылатын кеңесші орган;
45) техникалық сарапшы – сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнайы білімі және тәжірибесі бар жеке тұлға;
46) техникалық реттеу – аккредиттеу, сәйкестікке растау бойынша жұмыстарды және санитарлы, фитосанитарлы шаралардан басқа көрсетілген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын қоса алғанда, өнімдерге, қызметке, процестерге қойылатын міндетті және еркін талаптарды анықтау, көрсету, қолдану және атқаруға байланысты қатынасты құқықтық және нормативті түрде реттеу;
47) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу аймағындағы жұмыстарды жүргізуге және бақылануы мен қадағалануын жүзеге асыру және стандарттау, сәйкестікті, аккредиттеуді растау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасын халықаралық және аймақтық ұйымдарда таныстыруға уәкілетті орган;
48) қызмет – тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткізуші мен тұтынушының және жеткізушінің ішкі қызметтерінің өзара әрекеттерінің нәтижелері;
49) сәйкестікті растау нысаны – нәтижелері техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің, стандарттардың немесе шарттардың талаптарына өнімдердің, қызметтің сай болуына дәлел ретінде қарастырылатын іс-әрекеттер жиынтығы;
50) сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудитор – уәкілетті органның көрсетілген тәртібімен аттестатталған маман;
2-бап. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан өзге де нормативті құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер де Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шартта осы Заңның құрамындағы ережелерден өзге де ережелер көрсетілсе, онда халықаралық шарттың ережелерін қолданады.
3-бап. Осы Заңды қолдану саласы
1. Осы Заң өнімдерге, қызметке, өнімдердің өміршеңдік циклдарының процестеріне (ары қарай - процестер), сәйкестікті растау, аккредиттеу және техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтау, көрсету, қолдану және орындау бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді.
2. Өнімдер, қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік органдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін атқаратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қолдану құқығына ие жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
4-бап. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
1) адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта, ондағы өсімдік және жануарлар әлемі үшін өнімдердің, қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) өнімдердің, қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу;
4) саудадағы техникалық бөгеттерді болдырмау;
5) өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Техникалық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:
1) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін біртұтас және тұтас ету;
2) өнімдерге, қызметке, процестерге бірыңғай терминологияны қолдану, талаптарының ережелерін анықтау;
3) техникалық реттеу мақсатына сәйкестігіне және қолжетімділігіне, техникалық реттеу мемлекеттік мүдделерінің және мүдделі жақтардың баланс процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ету;
4) отандық және импортталған өнімдерге, қызметке тең талаптар қою және рәсімдердің анықталған талаптарға сай болуын растау;
5) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді және стандарттарды әзірлеуде ғылымның және техниканың жетістіктерін, халықаралық және аймақтық ұйымдардың стандарттарын басымдылықпен қолдану;
6) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілер талаптарының экономиканың және материалды-техникалық базаның даму деңгейіне және мемлекеттің ғылыми–техникалық даму деңгейіне сай болуы;
7) мемлекеттік құпиялармен өзге де заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерден басқа техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің, стандарттардың және оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімді болуы;
8) стандарттарды қолдану мақсатымен оларды ерікті түрде таңдау;
9) сәйкестікті растау бірыңғай жүйесі мен ережелері;
10) аккредиттеу және сәйкестікті растау бойынша уәкілеттілікті бір ғана органмен атқаруды болдырмау;
11) бір ғана мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау қызметтерінің бірге атқарылмауы;
12) сәйкестікті растайтын органдардың жасаушылардан (атқарушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіз болуы;
13) сәйкестікті растау бойынша жұмыстарда бәсекелестікті шектеуді болдырмау.
5-бап. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымы
Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің құрылымын құраушылар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреттілігінің аймағындағы мемлекетік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу аумағындағы сарапшы кеңестер;
5) саудадағы техникалық бөгеттер, санитарлы және фитосанитарлы шаралар бойынша Ақпараттық орталық (ары қарай – Ақпараттық орталық);
6) стандарттау бойынша техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау бойынша органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу бойынша сарапшы-аудиторлар;
9) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және стандарттардың мемлекеттік қоры.
6-бап. Техникалық реттеу аймағындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Құзыреттілігі
Техникалық реттеу аймағындағы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Құзыреттілігіне жататындар:
1) техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
2) техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік жүйені қалыптастыру; 3) техникалық реттеу аймағындағы құқықтық реформаларды қамтамасыз ету;
4) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;
5) қорғау технологияларын қолдану ережелерін және қорғауға міндетті түрде алынатын құжаттардың және объектілердің тізімін бекіту;
6) техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштерінің сақталуын жасау және жүргізу ережелерін бекіту;
7) өнімдердің, қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделеріне кеңесші органдарды құру;
8) өз құзыреттілігінің аясында техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау, өзгертулер мен (немесе) толықтыруларды енгізу, күшін жою;
9) сәйкестікті растау бойынша органдар мен зертханаларды аккредиттеу тәртібін анықтау;
10) Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының Президентінің актілерімен жүктелген өзге де қызметтерді атқару.
7-бап. Уәкілетті органның Құзыреті
Уәкілетті орган мынадай қызметтерді айқындайды:
Техникалық реттеу аймағында:
1) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға қатысады;
2) техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдарының жеке және заңды тұғалардың қызметтерінің салааралық үйлестірілуін жүзеге асыру;
4) мемлекеттік органдармен бірлесе техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің даму бағдарламасын әзірлейді және олардың орындалуын үйлестіреді ;
5) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен жобалардың техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабындағы 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарға сәйкес болуы үшін талдау ұйымдастырады және сараптау жүргізеді;
6) техникалық реттеу сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен өзара байланысады;
7) Қазақстан Республикасын стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда таныстырады, халықаралық және аймақтық стандарттау бойынша жұмыстарында сәйкестікті растау нәтижелерін өзара қабылдауға қатысады;
8) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінің жүргізілуін ұйымдастырады;
9) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады;
10) Ақпараттық орталықтың қызметін қамтамасыз етеді;
11) стандартты растау, стандарттау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудиторлардың тәртібін анықтайды және аттестатталуын ұйымдастырады, сонымен бірге техникалық реттеу аймағындағы кадрлардың кәсіби даярлығын және қайта дайындауды ұйымдастырады;
12) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың орындалуын жүргізетін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аккредиттеу аттестатын береді және қолданысын алты ай мерзімге дейін тоқтатады, өнімнің, қызметтің жүзеге асырылу сатысында техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тартады.
Аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтатқан себептер жойылмаса, немесе аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімінде техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптар қайталанып бұзылса аккредиттеу аттестаты уәкілетті органның ұсынысы бойынша сот арқылы ғана өз күшін жояды.
Стандарттау саласында:
1) мемлекеттік стандарттар мен жіктегіштердің іс-әрекеттеріне техника-экономикалық ақпараттарды әзірлеу, келісім, есеп жүргізу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және енгізу тәртіптерін анықтайды;
2) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен үйлесімді стандарттардың әзірленуін және талдануын ұйымдастырады;
3) техника-экономикалық ақпараттардың халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттары мен жіктегіштерін, Қазақстан Рспубликасының аумағындағы стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша шет ел мемлекеттерінің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану тәртібін анықтайды;
4) мемлекеттік, халықаралық, аймақтық стандарттардың, шет ел мемлекеттерінің стандарттарының, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу бойынша ережелер мен ұсыныстардың басылымын және ресми басылымдарының таралымын ұйымдастырады, олар туралы ақпараттарды жариялайды;
5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу тәртібін анықтайды;
6) стандарттау бойынша нормативті құжаттардың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылғандығы жөнінде расталуын ұйымдастырады;
Сәйкестікті растау және аккредиттеу саласы:
1) стандарттау бойынша мемлекеттік органдар, техникалық комитеттер және сәйкестікті растау бойынша органдар қатысатын жұмыстарды жүргізу ережелерін бекітеді;
2) заңды тұлғалардың аккредиттелуін жүзеге асырады;
3) сәйкестік сертификатының, сәйкестендіру туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының формаларын анықтайды;
4) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелерін әзірлейді;
5) шағымдарды (аппеляцияларды) қарастыру үшін аппеляциялық комиссияны құрайды;
6) өзге ұйымдармен басылымға шыққан сәйкестікті растау бойынша құжаттардың күшін жою туралы ұсынысты әзірлейді, егер де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сай болса;
7) зертханааралық салыстырмалы сынақтарды (сәйкестендіруді) жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді атқарады.
8-бап. Техникалық реттеу аумағындағы мемлекеттік органдардың Құзыреттілігі
Техникалық реттеу аумағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігінің аясында жүзеге асырылады:
1) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және оған өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сай уәкілетті органға техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді әзірлеу туралы ұсынысты даярлау және енгізу немесе техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар жасау, стандарттау бойынша нормативті құжаттарды жаңғырту және бірыңғайлау;
3) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді және Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын сұрақтар бойынша ұсыныстарды даярлау үшін сарапшы кеңесті құру;
5) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің, стандарттардың және олардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өзге де құжаттардың қорларын жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіпте техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарының орындалуының мемлекеттік бақылануы мен қадағалануы;
7) стандарттарды және өзге де құжаттарды әзірлеу бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды даярлау және жүзеге асыру, оларды халықаралық нормалар мен талаптарға үйлесімді ету;
8) стандарттау бойынша техникалық комитеттерді, сәйкестікті растау органдарын және сәйкестікті растауға міндетті түрде жататын өнімдер мен қызметтің зертханаларын құру бойынша ұсыныстарды даярлау.
9-бап. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу аймағындағы сарапшы кеңестер
1. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу аймағындағы сарапшы кеңестер техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу үшін және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді әзірлеу мен пайдалануға байланысты саладағы мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстарды даярлау үшін құрылады.
2. Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу аймағындағы сарапшы кеңестердің құрамы мен ережелері мемлекеттік органдармен бекітіледі.
Сарапшы кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттің және өзге де мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.
10-бап. Ақпараттық орталық
1. Ақпараттық орталық Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзілік сауда ұйымының, халықаралық ұйымның мүше елдерімен өзара байланыс жасау үшін және мүдделі жақтар мен шет ел мемлекеттеріне олардың сұраулары бойынша төменде көрсетілгендер туралы (жайында) құжаттардың көшірмелері мен ақпараттарын ұсыну мақсатында құрылады және іс-қимыл жасайды :
1) қолданыстағы немесе әзірлену үстіндегі техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері, стандарттары, оларға жасалатын өзгерістері және өнімдердің, қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүшелік етуі немесе қатысуы және стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу бойынша халықаралық екіжақты және көпжақты шарттарға отыруы;
3) әзірлену үстіндегі және қабылданған техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері, стандарттары немесе олар туралы ақпараттардың жобаларын жариялау көздері.
2. Ақпарат уәкілетті органның ресми баспа басылымында және хабарлама түрінде жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде орналасады. Хабарламаның түр-пішіні, толтыру және ұсыну тәртібі уәкілетті органмен анықталынады.
11-бап. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер
1. Стандарттау бойынша жұмыстардың салааралық деңгейде өтуі үшін стандарттау бойынша техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделі жақтардың ұсыныстары бойынша экономика салаларында құрылады.
Стандарттау бойынша техникалық комитеттер құрамына мемлекеттік органдардың және мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.
2. Стандарттау бойынша техникалық комитеттің құзыретіне жатады:
1) бекітілген объектілер мен қызметтің бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамытудағы негізгі бағыттарды анықтау ұсыныстарын даярлау;
2) мемлекеттік стандарттарды және техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштерін, халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды және шет ел мемлекеттерінің техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштерін әзірлеуге және сараптауға қатысу және белгіленген тәртіпте оларға өзгерістер жасау;
3) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді және мемлекеттік стандарттарды әзірлеу бойынша ұсыныстарды даярлау.
3. Стандарттау бойынша техникалық комитеттерді құру, жұмыс жасау, тарату тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
12-бап. Сәйкестікті растау бойынша органдар
1. Сәйкестікті растау бойынша органдар – штатында сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлары және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аккредиттелген, қызметтің бекітілген бағыттары бойынша зертханалары бар меншік нысанына қарамастан өнімдерді, қызметті өңдірушілерден (орындаушылардан), жеткізушілерден және өнімдерді, қызметті тұтынушылардан, мемлекеттік органдардан тәуелсіз ұйымдар.
Сәйкестікті растау бойынша органдар, оның ішінде шет ел органдары Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аккредиттелуге жатады.
Сәйкестікті растау бойынша органдардың филиалдары сәйкестікті растау бойынша органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аккредиттеледі.
2. Сәйкестікті растау бойынша органдардың құқыққа қабілеттілігі олардың аккредиттеу аттестатын алу кезінде туындайды және оның қызмет ету мерзімінің аяқталуына байланысты немесе осы Заңда белгіленген тәртіпте күшінің жойылғандығы мойындалған кезде тоқтайды.
3. Сәйкестікті растау бойынша органдар аккредиттеу аймағының шегінде өтініш берушілермен бірге шарттың шарттарында келесі қызметтерді атқарады:
а) міндетті сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізуге жасаушылардың (атқарушылардың), сатушылардың өтініштерін қарастырады, сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімдерді, қызметті сәйкестендіреді;
б) міндетті сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
в) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін қажетті жұмыстарды жасаушылардың (атқарушылардың), сатушылардың өтініштерін қарастырады, сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімдерді, қызметті сәйкестендіреді;
г) сәйкестік туралы декларацияны тіркейді;
д) міндетті сәйкестікті растаудан өткен өнімдерге, қызметке сәйкестікті растау сұлбасына сәйкес инспекциялы тексеру жүргізеді, олардың белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайында берілген сәйкестік сертификаттарының қызметін немесе уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қызметі өз қызметін тоқтатады немесе өз күшін жояды;
е) берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың тізімін жүргізеді.
4. Сәйкестікті растау бойынша органдар құқылы:
а) жасаушының (атқарушының), сатушының өтініші бойынша аккредиттеу аймағының шегінде объектілердің міндетті және ерікті сәйкестікке расталуы жүргізіледі;
б) шарттың шарттарына сәйкес сәйкестікті растау рәсімдерін жүзеге асыру үшін құзырлы ұйымдарды, сәйкестікті растау бойынша сарапшы –аудиторларды, өнімдердің, қызметтің немесе қызметтің түрлеріне қарай техникалық сарапшыларды тарту;
в) сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды атқару үшін қажетті құжаттарды ұсынуды өтініш берушіден сұрау.
5. Сәйкестікті растау бойынша органдар міндетті:
а) өтініш берушіге сәйкестікті растау ережелері мен шарттары туралы ақпаратқа ешқандай бөгетсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;
б) өтініш берушіге қатысты тең құқықтан айыруды болдырмау;
в)берілген сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялардың тіркелуі жөнінде және сәйкестікті растау саласындағы техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелерімен сәйкес объектілердің сертификатталуынан бас тарту туралы мағлұматтарды ұсыну;
г) өнімдердің, қызметтің шығу тегінің қандай ел екеніне қарамастан, өтініш берушінің саудалық мүддесін құрайтын ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету.
6. Сәйкестікті растау бойынша органдар міндетті сәйкестікті растау ережелерін бұзғандығы үшін және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені үшін, сәйкестік туралы декларацияның заңсыз тіркелгендігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке алынады.
Берілген сәйкестік сертификатының қызметін немесе сәйкестік туралы декларацияны тіркеу қызметінің тоқтатылуы немесе күшінің жойылғандығы туралы Ережелерін қараңыз.
7. Сәйкестікті растау бойынша органдар аккредиттеу аймағындағы консалтингті қызметтерді көрсетуге құқығы жоқ және осы қызметтерді көрсетуші тұлғалармен аффилирленуі болмауы қажет.
13-бап. Зертханалар
1. Зертханалар – меншік нысандарынан тәуелсіз Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдар, өкілдіктер).
2. Сәйкестікті растау мақсатымен сынақтарды жүргізу бойынша зертханалардың құқықтық қабілеті олардың аккредиттеу аттестатын алуы кезінде туындайды және қызмет мерзімінің аяқталуына, оның пікіріне, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте күшінің жойылуына және жарамсыз деп танылуына байланысты құқық қабілеті тоқтатылады.
3. Зертханалардың сәйкестікті растау бойынша органдармен немесе өзге де өтініш берушілермен бірге отырған шарттарында:
а) аккредиттеу аймағының шегінде міндетті немесе ерікті сәйкестікті растау мақсатында объектілерге сынақтар жүргізеді;
б) сынақ нәтижелерінің шүбәсіз болуын қамтамасыз етеді;
в) уәкілетті органның белгілеген тәртібі және нысандары бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдейді және береді;
г) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге қызметтерді жүзеге асырады.
4. Расталуы кезінде объектілердің күмәнді сынақ нәтижелерін ұсынғаны үшін зертханалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
14-бап. Техникалық реттеу аймағындағы жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен міндеттері
1. Техникалық реттеу аймағындағы жеке және заңды тұлғалар:
а) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің немесе мемлекеттік стандарттардың әзірленуі, өзгерістер енгізілуі, күшінің жойылуы бойынша ұсыныстарды даярлайды;
б) осы Заңның 4-бабындағы 1-тарауда қарастырылған мақсаттарындағы қажет жағдайларында стандарттау бойынша сәйкес бөлімшелер мен қызметтерді құрайды.
2. Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдерді, қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың осы Заңға сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкестігінің расталуын қамтамасыз етеді.
15-бап. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және стандарттардың мемлекеттік қоры
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің және стандарттардың мемлекеттік қоры уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың құзыретінің шегінде қалыптасады.
2. Әзірлену үстіндегі және қабылданған Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілер, мемлекеттік, ұлттық, халықаралық, аймақтық стандарттар және техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, ұйымдардың стандарттары және стандарттау бойынша ұсыныстар туралы ақпарат, сонымен бірге мемлекеттік құпиялар және өзге де заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мағлұматтардан басқа көрсетілген құжаттар қолданушылар үшін қолжетімді болулары қажет.
3. Басылымдар шығару және қолданушыларды стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу бойынша стандарттармен, нормативті құжаттармен, стандарттардың каталогтарымен және көрсеткіштерімен қамтамасыз ету және олар туралы ақпараттар беру уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
4. Әрбір стандартты және өзге де стандарттау бойынша нормативті құжатты қабылдау туралы ақпарат және олардың бір данасы құжатты әзірлеген адам арқылы бірыңғай анықтама-библиографиялық мәліметтер жинағын қалыптастыру үшін уәкілетті органға жіберіледі.
16-бап. Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу бойынша сарапшы-аудиторлардың құзыреті
1. Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлар сәйкестікті растау бойынша органның құрамында немесе техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерге сәйкес онымен бірге шарт (келісім-шарт) жасау негізінде нақты өнімдерді, қызметті сәйкестікке растау бойынша жұмыстардың жүргізілуіне қатысады.
Сәйкестікті растау бойынша сарапшы-аудиторлар нақты өнімдерді, қызметті сәйкестікке растауға құқығы жоқ, егер де олар өтініш берушінің мүддесін ұсынатын болса немесе олармен бірге еңбек шартында немесе өзге де шарттық қатынастарда болса.
2. Стандарттау бойынша сарапшы-аудиторлар халықаралық және аймақтық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысуға құқылы.
3. Аккредиттеу бойынша сарапшы-аудиторлар Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте сәйкестікті растау бойынша органдарды және зертханаларды аккредиттеу жұмыстарына қатысады.
4. Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, тоқтату немесе жою бойынша сарапшы-аудиторларға қойылатын санатты талаптар, даярлау тәртібі және аттестаттау уәкілетті органмен белгіленеді.
2-тарау. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілер
17-бап. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарда әзірленеді және қолданылады.
2. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінде белгіленген талаптар міндетті болып табылады, олар Қазақстан Республикасының аумағында тікелей әрекет етеді және сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілеріне өзгертулер және (немесе) толықтыруларды енгізуге байланысты өзгеруі мүмкін.
3. Жануарлармен немесе өсімдіктермен не болмаса олардың өңделген өнімдерімен тасымалданатын аурулардың Қазақстан Республикасына енуінің алдын алуға бағытталған санитарлы және фитосанитарлы шараларды бекіту мен қолданудан басқа техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен анықталған талаптар өнімнің шығарылған елінен және (немесе) шығарылған жерінен тәуелсіз бірдей түрде және тең шамада белгіленеді және қолданылады.
Санитарлы және фитосанитарлы шаралардың қажеттілік, талаптар және рәсімдер критерилері осындай өнімнің барлық процестерінде зиян келтіруінің ғылыми негізделген қауіптілік дәрежесімен негізделеді.
4. Егер де осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарды орындауға әсер ете алған жағдайда ғана техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен анықталған талаптар белгіленеді және қолданылады.
5. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптар кәсіпкерлік қызметке осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарды орындау қажеттілігінен аспайтын бөгеттерді жасамауы керек.
6. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің материалды-техникалық базаны дамыту және ғылыми-техникалық даму деңгейінің мемлекеттік саясатының мүддесімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық шарттарымен сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган осындай нормативті құқықтық актіге қабыл алмау немесе өзгеріс енгізу рәсімдерін бастауға міндетті.
7. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері ауыспалы уақытты белгілейтін және бұл уақыттың ішінде техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің күшіне енуі үшін, нормативті және техникалық құжаттамаларды әзірлеу және (немесе) түзету үшін, сонымен қатар өнімнің шығарылымына қатысты мерзімін және шарттарын қарастыруы қажет. Нормативті құқықтық акт техникалық реттеу аймағында іске асыруды бастау кезіндегі мерзімі мен шарттарын, уақыттың бекітілуіндегі ауыспалы кезеңді, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актті енгізу сұрақтарын есепке алуы, нормативті және техникалық құжаттарды жөндеу мен әзірлеу және де өнімді шығаруға байланысты сұрақтарды қарастыруы қажет. 8. Техникалық реттеу аймағындағы мынадай бағыттар бойынша құқықтық актілер қабылданады:
1) өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздігі;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, имараттарды және оларға қарасты аумақты пайдалану қауіпсіздігі;
3) өрт қауіпсіздігі;
4) биологиялық қауіпсіздігі;
5) электромагнитнитті үйлесімділік;
6) экологиялық қауіпсіздік;
7) ядерлі және радиациялы қауіпсіздік;
8) химиялық қауіпсіздік;
9) электрлік қауіпсіздік;
10) ақпараттық қауіпсіздік ;
11) токсикологиялық қауіпсіздік;
12) өлшем біртұтастығы;
13) тағам өнімдерінің қауіпсіздігі;
14) балалар тамағының қауіпсіздігі;
15) механикалық қауіпсіздік.
18-бап. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің мазмұны
1. Зиян келтіру қаупінің дәрежесін есепке алғанда техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері өнімдердің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін минималды қажетті талаптарды белгілейді.
2. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің құрамы мынадай болуы қажет:
а) оның талаптары таралатын өнімдердің, процестердің толық тізімі;
б) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өнімдердің, процестердің сипаттарына қойылатын талаптар.
Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінде сынамаларды іріктеу ережелерінен және өнімдерді сынау, сәйкестікті растау ережелері мен нысандары (сәйкестікті растау сұлбасы да бар) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе этикеттеуге және оларды орналастыру ережелерінен тұруы мүмкін.
3. Құрылымға қойылатын талаптардың болмауынан және зиян келтіру дәрежесін есепке ала орындалуынан осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттардың орындалуына қол жеткізілмеген жағдайынан басқа, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісі өнімнің құрылымына және орындалуына қойылатын талаптардан тұруы қажет.
4. Шет ел мемлекеттерінің, халықаралық және аймақтық ұйымдардың нормалары мен стандарттары техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеуде толық немесе ішінара негіз ретінде қолданылуы мүмкін, егер де олар осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарға сәйкес келсе.
5. Өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, егер де ол өнімді ұзақ қолдану зиян келтірсе және зиян келтіру қаупінің дәрежесі анықталмайтын факторларға тәуелді болса, онда техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің құрамы өнімдердің және факторлардың зиян келтіру мүмкіндігі жайында тұтынушыларды ақпараттандыруға қатысты талаптардан тұрады.
6. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері зиян келтіру қаупінің дәрежесін есепке ала техникалық реттеу объектілеріне қойылатын арнайы талаптардан тұрады:
а) азаматтардың жеке санаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, мүгедектерді);
б) Қазақстан Республкасының жеке әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолданылатын талаптар, егер де мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшеліктерге байланысты осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарының орындалмауына әкелсе;
в) адам өміріне және денсаулығына, Қазақстан Республикасының және өзге де жақын жатқан мемлекеттердің қоршаған ортасына қауіп туғызатын техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардағы трансшекаралық өндірістік қауіпті объектілерге қойылатын талаптар.
19-бап. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және қабыл алмау ерекшеліктері
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілеріне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізу осы Заңның ережелерін есепке ала белгіленген тәртіпте әзірленеді, қабылданады және қабыл алмауға жатады.
2. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе қабыл алмау бойынша ұсыныстар мемлекеттік органдармен дайындалады, олардың құзыретіне уәкілетті органмен ұсынылатын, мүдделі жақтардың стандарттау бойынша техникалық комитеттердің ұсыныстарын есепке ала міндетті ережелер мен нормаларды белгілеу кіреді.
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеу бағдарламаларының жобаларын қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеу бағдарламалары бекітілген күннен бастап бір айдың ішінде жариялануға жатады.
4. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді әзірлеген мемлекеттік орган жобаның әзірленуі, нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және толықтыру немесе қабыл алмау басталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей ресми баспа басылымында және ортақ қолданылатын ақпараттық жүйеде жобаны әзірлеу туралы, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерді өзгерту және (немесе) қабыл алмау жайында белгіленген түрде хабарлама орналастырады.
5. Егер де техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптар сәйкес халықаралық стандарттардың талаптарына сай болмаса немесе сәйкес халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының өнімдерінің импортталу жағдайларына немесе Қазақстан Республикасынан өнімдердің экспортталу жағдайларына әсер етуі мүмкін болса, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің жобасын әзірлеген мемлекеттік орган уәкілетті орган арқылы:
а) әзірленетін техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілеріне таралатын өнімдер тізімі туралы, оның мақсаты және оны әзірлеу қажеттілігі туралы хабарлайды;
б) мүдделі жақтардың және шет ел мемлекетінің сұраулары бойынша әзірленетін техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері туралы мәліметтерді немесе құрамы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін нормаларды көрсететін оның көшірмесін ұсынады.
6. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісінің жобасын әзірлеу туралы хабарлама жарияланғаннан бастап оның жобасын таныстыру үшін мүдделі жақтарға қолжетімді болуы керек.
Жобаның көшірмесін ұсынғаны үшін ақы алынады, оның мөлшері оны дайындау шығындарынан аспау керек және барлық өтініш берушілерге бірыңғай болу керек.
7. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің жобасын әзірлеген мемлекеттік орган:
а) жобаның ашық талқылануын ұйымдастырады;
б) алынған ескертулерді есепке ала жобаны жетілдіріп, оны уәкілетті органның және ортақ қолданылатын ақпараттық жүйенің ресми баспа басылымында орналастырады;
в) мүдделі жақтардың сұраулары бойынша техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісінің жобасына қойылған ескертпелерді ұсынады.
8. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің жобасын ашық талқылау мерзімі (оның әзірленуі туралы хабарламаның жарияланған күнінен бастап, ашық талқылаудың аяқталуы туралы хабарлама жарияланған күніне дейін).
9. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің жобасын ашық талқылаудың аяқталуы туралы хабарлама уәкілетті органның және ортақ қолданылатын ақпараттық жүйенің ресми баспа басылымында жариялануы қажет және жобамен танысу тәсілдері туралы ақпараттан және алынған ескертулердің тізімінен, техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін әзірлеген мемлекеттік органның атауынан, оның пошталық және электронды мекен-жайынан тұруы керек.
10. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің жобасын соңғы рет редакциялау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қабылдау үшін ұсынылады.
11. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін іске асыру немесе қабыл алмау қабылдау күні мен енгізу күндерінің арасында талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды орындауға арналған уақыт аралығы қарастырылуы қажет.
12. Төтенше жағдайлармен туындаған (адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауіпсіздікке әкелетін қауіп) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің қызметін әзірлеу, қабылдау және енгізу қажеттілігі кезінде техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері ашық талқыға салынбай қабылданады.
Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық акті туралы хабарлама уәкілетті органның және ортақ қолданылатын ақпараттық жүйенің ресми баспа басылымында жариялануы қажет, сонымен қатар Дүниежүзілік Хатшылықтың сауда ұйымына бағытталуы керек.
3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер.
20-бап. Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативті құжаттары
Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативті құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) техника-экономикалық ақпараттардың аймақтық стандарттары және жіктегіштері, стандарттау бойынша ережелері мен ұсыныстары;
3) Қазақстан Республикасының техника-экономикалық ақпараттарының мемлекеттік стандарттары және жіктегіштері;
4) ұйым стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша ұсыныстары;
6) ұлттық стандарттар, ұйым стандарттары, техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, шет ел мемлекеттерінің стандарттау бойынша ережелері, нормалары және ұсыныстары.
21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары
1. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісім жасау, қабылдау, есеп жүргізу, өзгерту және қабыл алмау тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
2. Мемлекеттік стандарттар бөлімшелерге бөлінеді:
а) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің жалпы ұйымдастыру -әдістемелік ережелерін белгілейтін негіз салушы стандарттар;
б) өнімдердің, қызметтің біртекті топтарына және қажет жағдайда нақты өнімдер мен қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімдердің, қызметтің стандарттары;
в) процестердің стандарттары;
г) өнімдерді, қызметті, процестерді бақылау әдістерінің стандарттары.
3. Негіз салушы мемлекеттік стандарттар уәкілетті органның кәсіпорындарымен әзірленеді.
4. Шет ел мемлекеттерінің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын толық немесе ішінара әзірлеу кезінде, егер де осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарды орындауға қол жеткізу үшін осы стандарттар тиімсіз немесе сәйкес емес болған жағдайлардан өзге негіз ретінде қолданылуы мүмкін.
5. Мемлекеттік стандарттарда белгіленуі мүмкін талаптар:
1) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін өнімдердің, қызметтің, процестердің қауіпсіздігі бойынша қажетті талаптар;
2) өнімдерді, қызметті топтастыру талаптары;
3) өнімдердің бірыңғайлау, үйлестіру және өзара ауысымдылық көрсеткіштері;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) қызметтік тағайындаудың көрсеткіштері, ондағы өнімнің, қызметтің тұтынушылық қасиеттері мен сипаттары;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және жою ережелері;
7) сапаны және қауіпсіздікті сынау әдістері;
8) ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және тиімді қолдануға қойылатын талаптары;
9) сапа менеджментінің және экологиялық менеджмент жүйелерінің енгізілуін қамтамасыз ететін өндіріс ұйымына қойылатын талаптар;
10) қызметтің белгілі бір аймағы үшін ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы ережелер, сонымен бірге жалпы техникалық нормалар мен ережелер.
6. Мемлекеттік стандарттар өнімдердің, қызметтің қандай жерден шығуына қарамастан ерікті негізде тең шамада қолданылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының техника-экономикалық ақпараттарының мемлекеттік жіктегіштері
1. Классификациялау мен кодтауға экономика саласында қолданылатын және есепке алынатын техника-экономикалық ақпараттар жатады.
2. Техника-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштерін мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес жүргізеді.
3. Өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар техника-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштерінің әзірлемесін, жүргізілуін және жаңғыртылуын жүзеге асырады.
Техника-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштерінің тізілімі уәкілетті органмен жүргізіледі.
4. Техника-экономикалық ақпараттардың Қазақстан Республикасында классификациялау және кодтау жүйелерінің жұмысын құру мен бақылау бойынша жұмыстарын үйлестіру.
23-бап. Қазақстан Республикасындағы стандарттау бойынша ұйымдардың стандарттары мен ұсыныстары
1. Ұйымдардың стандарттары осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттарды орындау үшін ұйымдардың өзімен әзірленеді және бекітіледі.
Ұйымдардың стандарттарын әзірлеу, бекіту, есептеу, өзгерту, қабыл алмау, тіркеу, белгілеу, басылымға беру тәртібі осы Заңның 4-бабының ережелерін есепке ала отырып, оларды өзі бекітетін ұйымдармен белгілейді.
Ұйымдардың стандарттары қолдану үшін ерікті сипатқа ие және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптарға қарама-қайшылық болмауы керек.
2. Ұсыныстар стандарттау, өлшемнің біртұтастығын қамтамасыз ету, сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысты еркін қолдануға ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қосады.
Құруға, рәсімдеуге, мазмұнға, ұсыныстар мазмұнына, оларды әзірлеу тәртібіне, келісіміне, бекітілуіне, тіркелуі мен қолданылуына қойылатын талаптар оларды бекітуші ұйымдармен белгіленеді.
24-бап. Халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарды және стандарттау бойынша шет ел мемлекеттерінің нормативті құжаттарын қолдану
1. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және аймақтық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, жетекшілік және ұсыныстар ережелері, ұлттық стандарттар, ұйымдар стандарттары және осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде қарастырылған мақсаттардың орындалуына жауап беретін шет ел мемлекеттерінің стандарттау бойынша техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, нормалар мен ұсыныстардың ережелері қолданылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде шет ел мемлекеттерінің халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттар:
а) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүшелік етуі;
б) Қазақстан Республикасының және шет ел мемлекеттерінің арасында стандарттау аймағындағы ынтымақтастық туралы екіжақты (көпжақты) шарттардың (келісімдердің) болуы.
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылмайтын халықаралық және аймақтық ұйымдардың стандарттарын қолдану келісім-шарттардағы және шарттардағы көрсетілген стандарттарға нұсқау жасалса ғана жүзеге асырылады.
4. Халықаралық және аймақтық стандарттарын, техника-экономикалық ақпараттардың жіктегіштерін, ережелері мен ұсыныстарын, сонымен қатар шет ел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану уәкілетті органымен белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жататын халықаралық және аймақтық стандарттар Қазақстан Республикасында әсер ететін техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға және олармен бірге үйлесімді стандарттарға қарама-қайшы болмауы керек және олардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен бірге келісімде болады.
6. Стандарттау бойынша халықаралық және аймақтық стандарттар және нормативті құжаттар Қазақстан Республикасында бірдей түрде қолданылады және мемлекеттік стандарттармен және Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативті құжаттарымен тең дәрежеде қолданылады.
7. Шет ел мемлекеттерінің ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдану құқығын ұсынатын олардың түпнұсқасына ие ұйымдармен бірге шарттардың (рұқсаттардың) негізінде қолданылады.
25-бап. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау
1. Стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары Мемлекеттік органдардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттердің ұсыныстарының негізінде және Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы басымды бағыттарын есепке ала отырып, уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
2. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптары Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалары ескеріледі.
3. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстардың бекітілген жоспарлары мен бағдарламалары ресми баспа басылымдарында және жалпы қолдану ақпараттық жүйесінде жарияланады.
4. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
4-тарау. Сәйкестікті растау
26-бап. Белгіленген талаптарға өнімдердің және процестердің сәйкестігін растау
1. Сәйкестікті растау объектілеріне өнімдер мен процестер жатады.
2. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына өнімдерді сәйкестікке растау жүргізіледі:
а) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында өнімді жасаушымен (орындаушымен);
б) сертификаттауды жүргізу түрінде өнімді тұтынушылармен сәйкестікті растау бойынша органмен оның тапсырмасы бойынша;
в) сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру түрінде сәйкестікті растау бойынша органмен.
3. Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды жүргізу техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің шеңберінде жүзеге асырылады.
4. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі сәйкестікті растау саласындағы бірыңғай саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді және сәйкестікті растаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін белгілейді, сарапшы-аудиторларды даярлауды және аттестаттауды, жүйенің тізімін және сәйкестікті растау мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптардың жүргізілуін белгілейді.
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы сәйкестікті растау міндетті және ерікті сипатқа ие.
27-бап. Міндетті сәйкестікті растау
1. Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнім техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен анықталады.
2. Міндетті сәйкестікті растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
а) жасаушы-кәсіпорынмен (орындаушымен) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау;
б) міндетті сәйкестікті растауды жүргізу.
3. Өнімді міндетті сәйкестікке растау техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес және сәйкестікті растау сұлбалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Сәйкестікті растау сұлбалары сәйкестікті белгілеу тәсілдерінен тұрады (сынақтар, өндіріс бағасы, сапа менеджментінің жүйесінің бағасы, техникалық құжаттама талдауы, инспекциялы тексеру) және сәйкестікті растау бойынша органдармен және (немесе) міндетті сертификаттауды жүргізу кезінде немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдағанда өнімдері жасаушылармен (орындаушылармен) қабылданады.
Өнімдерді міндетті сәйкестікті растау кезінде техникалық сарапшылар қатысуы мүмкін.
5. Міндетті сәйкестікті растаудың объектілеріне қолданыста болған, сонымен қатар гуманитарлы көмектің желісімен әкелінетін өнім жатпайды, егер де өзгелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленбесе.
28-бап. Сәйкестікті растау саласындағы жасаушылардың (атқарушылардың), өнімді сатушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Жасаушылар (атқарушылар), өнімді сатушылар құқылы:
1) алынған өнім үшін қарастырылған техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптар бойынша сәйкестікті растау формасы мен сұлбасын таңдау;
2) аккредиттеу аймағы өтініш берілетін өнімге таралатын сәйкестікті растау бойынша кез келген органға бару;
3) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің сәйкестік белгісін сәйкестікті растау саласында міндетті сәйкестікті растаудан өткен өнімге қолданады, егер де бұл таңдалған сәйкестікті растау сұлбасында қарастырылса;
4) сәйкестікті растау бойынша органдардың және аккредиттелген зертханалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық әрекеттеріне байланысты шағымдармен уәкілетті органға жүгіну;
5) өз құқығын және заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну.
2. Сәйкестікті растау саласындағы жасаушылар (атқарушылар), өнімді сатушылар міндетті:
1) өнімдердің техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
2) өнімнің сәйкестікке расталуын жүргізуді қамтамасыз ету;
3) сәйкестікті растау өткен өнімнің инспекциялы тексерілуін өткізу үшін жағдайлар жасау, егер де бұл сәйкестікті растаудың таңдалған сұлбасымен қарастырылса;
4) сәйкестікті растаудан кейін ғана өнімді жүзеге асыру;
5) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде мүдделі жақтарға қажетті ақпаратты, сәйкестік сертификатын (сәйкестік сертификатының көшірмесін), өнімнің сәйкестік туралы декларациясын (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі) ұсыну;
6) ілеспе құжаттамасында сәйкестік сертификаты туралы немесе сәйкестік туралы декларация мәліметтерін көрсету;
7) егер де сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қызмет мерзімі аяқталса немесе сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қызметі тоқтатылса, күші жойылса немесе аяқталса, өнімнің орындалуы тоқтатылады немесе аяқталады;
8) техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнім өндірісінің техникалық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы сәйкестікті растау бойынша органға хабарлау;
9) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдердің өндірісін сәйкестікті растау нәтижелері бойынша тоқтату.
29-бап. Сәйкестік сертификаты
1. Өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растаудың таңдалған сұлбасына сәйкес барлық рәсімдердің оң нәтижелі орындалған жағдайында сәйкестікті растау бойынша органмен беріледі.
2. Сәйкестік сертификатында көрсетілуі мүмкін:
1) өтініш берушінің, өнімді жасаушының (орындаушының), сәйкестік серификатын берген органның атауы мен мекен-жайы;
2) өнімді сәйкестендіретін сертификатталған өнімнің атауы;
3) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілердің атауы, олардың талаптарына сәйкес сертификаттау жүргізілген;
4) жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшем жасау туралы ақпараттар;
5) сәйкестікті растау бойынша органға өтініш беруші мен техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкестігінің дәлелі ретінде ұсынылған құжаттар туралы;
6) сертификаттың жарамдылық мерзімі.
3. Сәйкестік сертификаты бланкіде рәсімделеді, формасы мен толтыру тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау бойынша органда сәйкестік сертификаты тіркеледі.
4. Сериялы шығатын өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті растау сұлбасымен белгіленген мерзімде беріледі.
Сәйкестік сертификатының қызметі Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.
30-бап. Сәйкестік белгісі
1. Сәйкестік белгісі сәйкестікті растау рәсімдерінен өткен өнімді таңбалау үшін арналады.
2. Сәйкестік белгісінің суреті, оған қойылатын техникалық талаптар және таңбалау тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
3. Сәйкестік сертификатын алған жасаушы (орындаушы), сатушы өздеріне ыңғайлы кез келген тәсілдермен сәйкестікті растау саласындағы техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің белгіленген ережелеріне сай сәйкестік белгісін қолдануға құқылы.
4. Міндетті сәйкестікті растауға жататын және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың сәйкестікке расталуынан өтпеген өнімге сәйкестік белгісін беруге жол берілмейді.
31-бап. Сәйкестік туралы декларация
1. Егер техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен қарастырылса, сонымен бірге міндетті сәйкестікті растауға жатпайтын кез келген өнімге қатысты еркін тәртіпте қарастырылса, онда сәйкестік туралы декларация міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімнің жасаушысымен (орындаушысымен) рәсімделеді.
2. Сәйкестік туралы декларацияны Қазақстан Республикасында заңды тұлғалар ретінде тіркелген жасаушылар (орындаушылар) қабылдап алуға құқылы.
3. Сәйкестік туралы декларацияның құрамында:
1) өтініш берушінің атауы және орналасқан мекен-жайы;
2) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, сәйкестікті растау объектісі туралы ақпарат;
3) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің атауы (ол актілердің талаптарына сай болуына қарай өнім расталады);
4) мақсатты тағайындамаға сәйкес өнімді пайдалану кезінде өнімнің қауіпсіздігі туралы өтініш берушінің өтініші және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша шаралардың өтініш берушімен қабылдануы;
5) сапа менеджментінің жүйесінің сертификатында, сонымен қатар техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкестігін растау үшін негіз болып табылатын құжаттарында жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы мағлұматтар;
6) сәйкестік туралы декларация қызметінің жарамдылық мерзімі;
7) сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен қарастырылған өзге де мағлұматтар болуы қажет.
Сәйкестік туралы декларацияның формасы, декларацияны рәсімдеу және тіркеу тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
4. Сәйкестік туралы декларация өнімді жасаушымен (орындаушымен) белгіленген мерзімде қабылданады, ол бір жылдан көп уақытты алмайтын өнімді шығаратын жобаланған мерзімнен шығады.
5. Өнімнің сәйкестік туралы декларациясы сәйкестікті растау бойынша органда тіркелуге жатады, оның аккредиттеу аймағы сол өнімдердің түрлерін қосады.
6. Сәйкестікті растау сласындағы техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің ережелерімен белгіленген тәртіпте рәсімделген және тіркелген сәйкестік туралы декларация.
7. Сәйкестікті декларациялау мынадай жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін:
1) өз дәлелдерінің негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен;
2) сәйкестікті растау бойынша органның қатысуымен алынған дәлелдердің негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен.
Сәйкестікті растау үшін дәлел ретінде қолданылатын материалдардың тізімі сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілермен анықталынады.
Дәлел ретінде техникалық құжаттама, өз зерттеулерінің (сынақтарының) және өлшеулерінің нәтижелері және (немесе) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкестігін растау үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттары дәлел ретінде қолданылады.
Өз дәлелдерінің және сәйкестікті растау бойынша органның қатысуымен алынған дәлелдердің негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде өтініш беруші өз таңдауы бойынша дәлелдеріне қосымша ретінде зертханаларда жүргізілген зерттеу (сынақ) және өлшеу хаттамаларын қолдануға, сапа менеджмент сертификатын ұсынуға құқылы.
Егер де алынған өнімге техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінде сәйкестікті растаудың өзге нысаны қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде, сапа менеджментінің жүйесінің сертификаты өнімнің сәйкестік туралы декларациясын қабылдау кезінде дәлелдер құрамында қолданылуы мүмкін.
8. Сәйкестік туралы декларация қызметінің мерзімі аяқталған кезден бастап үш жыл ішінде сәйкестік туралы декларацияның бірінші данасы және сәйкестікті растау үшін дәлел ретінде қолданылатын материалдар өтініш берушіде сақталады, ал сәйкестік туралы декларацияның екінші данасы оны тіркеген сәйкестікті растау бойынша органда сақталады.
32-бап. Міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдер нарығына үндеу жасауға қажетті шарттар
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімнің сәйкестігі міндетті сәйкестікті растауға жататын (сертификаттауға немесе деклрациялауға) өнімдер нарығына үндеу жасауға қажетті шарттары болып табылады.
2. Сәйкестікті растаудан өтпеген, міндетті сәйкестікті растауға жататын өнімдерді іске асыруға жол берілмейді.
Міндетті сәйкестікті растауға жататын және Қазақстан Республикасында өтпеген өнімдерді жарнамалауға жол берілмейді.
3. Міндетті сәйкестікті растауға жататын импортталған өнімдерді жеткізуге жасалған шарттарда сәйкестікті растау бойынша міндет қарастырылуы қажет.
4. Міндетті сәйкестікті растауға жататын импортталған өнімдерді жеткізуге жасалған және сауда үшін арналған шарттарда өнімнің, елдің және жасаушы-кәсіпорынның (орындаушының) атауын, сақталу мерзімін (жарамдылығын, пайдаланылуын), сақтау жағдайларын, қолдану тәсілдерін (егер де көрсетілген ақпарат техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісімен регламенттелсе) қосатын, өнімдерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттандыратын өнімнің ілеспесі қарастырылуы қажет.
33-бап. Шет ел мемлекеттерінің сәйкестікті растау нәтижелерін мойындауы
1. Шет ел мемлекеттерінің сәйкестік сертификаттары, өнімдерді сынау хаттамалары, сәйкестік белгісі халықаралық шарттарға сәйкес мойындалады.
2. Шет ел мемлекеттерінің сәйкестік сертификаттарын, өнімдерді сынау хаттамаларын, сәйкестік белгісін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарын мойындау тәртібі уәкілетті органмен анықталады.
34-бап. Өнімдерді, қызметті, процестерді ерікті түрде сәйкестікке растау
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптары таралатын өнімдерді, қызметті, процестерді ерікті түрде сәйкестікке растау өтініш берушінің бастамасымен және талабымен өткізіледі.
Егер техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісімен белгіленген болса, онда ерікті түрде сәйкестікті растау міндетті сәйкестікті растауды алмастырмайды.
2. Ерікті сәйкестікті растау шарттың негізінде сәйкестікті растау бойынша органмен жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын жасаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды өнімдерді, қызметті ерікті сәйкестікті растауға міндеттейтін нормативті құқықтық актіні қабылдауға құқығы жоқ.
5-тарау. Сәйкестікті растау бойынша органдарды және зертханаларды аккредиттеу
35-бап. Аккредиттеу
1. Сәйкестікті растау бойынша органдарын және зертханаларын аккредиттеу техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.
2. Аккредиттеу субъектілері:
1) сәйкестікті растау бойынша органдар;
2) зертханалар болып табылады.
3. Субъектілерді аккредиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
36-бап. Аккредиттеу аттестаты
1. Аккредиттеу аттестаты сәйкестікті растау бойынша нақты жұмыстарды орындауға аккредиттелген субъектінің өкілеттілігін ресми мойындау дерегін куәландыратын құжат болып табылады.
Уәкілетті органмен берілген аккредиттеу аттестаты Қазақстан Республикасының барлық аумағына жарамды.
Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеуге жатады.
Аккредиттеу аттестатының формасы уәкілетті органмен белгіленеді.
2. Аккредиттеу аттестаттарымен бірге бір уақытта міндетті қосымша ретінде, өтініш берілген қызмет саласындағы жұмыстардың нақты түрлері көрсетілетін аккредиттеу аймағын белгілейтін құжат беріледі.
3. Егер жарамдылық мерзімі аяқталса, онда аккредиттеу аттестатының жарамдылығы тоқтайды.
Аккредиттеу аттестаты күшін жояды, егер де:
1) аккредиттеудің белгіленген аймағында сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындауға оның құзырлығына күмән келтіретін инспекциялы тексеру кезінде аккредиттелген субъектінің қызметінде бұзушылықтар анықталғанда;
2) Аккредиттеу аттестатын алу кезінде субъектімен жалған ақпарат ұсынылса.
4. Аккредиттеу бойынша шет ел органдарымен берілген аккредиттеу аттестаты немесе оған балама құжаттар жасалған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті органмен мойындалады.
6-тарау. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды орындаудағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
37-бап. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды орындаудағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік органдар
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың орындалуының мемлекеттік бақылануы мен қадағалануы (ары қарай – мемлекеттік бақылау мен қадағалау) уәкілетті органмен, оның аумақтық органдарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдармен және олардың лауазымды тұлғаларымен жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, олардың лауазымды тұлғалары өнімдердің іске асырылу сатысына қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте олардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша шараларды өткізеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай болмайтын өнімдердің іске асырылуының жолын кесуге және жол бермеуге әсер ететін шараларды қабылдайды.
38-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері
Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың орындалуының мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері өнімдер, процестер, сәйкестікті растау бойынша органдар және техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актісінің қызметі таралатын зертханалар.
39-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға:
1) Мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас инспекторы – уәкілетті органның жетекшісі;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бас инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган жетекшісінің орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша облыстар мен қалалардың басты мемлекеттік инспекторлары – аумақтық органдардың жетекшілері;
4) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша облыстар мен қалалардың басты мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары – аумақтық органдардың жетекшілерінің орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері;
5) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторлар – аумақтық органдардың барлық санаттарындағы мамандар жатады.
2. Осы баптың 1-пунктінің 3), 5) тармақшаларында айтылған мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіпте, өз құзыретінің шегінде аттестатталуы қажет.
40-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың құқықтары
1. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар құқылы:
1) осы Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін тексеруді тағайындау және қызметтік куәлік туралы жазбаша өкімді ұсыну кезінде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу үшін қажет құжаттар мен мағлұматтарды жеке және заңды тұлғалардан алу;
3) бюджеттік қаржы есебінен шығындалған өнімдердің бағасын және сынақтарды (талдаулар, өлшеулер) жүргізу шығындарының бағасын қосқанда мемлекеттік бақылау мен қадағалау үшін өнімдердің сынамалары мен үлгілерін іріктеуді өткізу;
4) өнімді іске асыру сатысында өнімдерді дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан сәйкестік туралы декларацияны немесе техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатын ұсынуды талап ету керек;
5) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптардың бұзылуын болдырмау туралы жазбаша өкімді беру немесе келесі жағдайларда бұзушылықтар сипатымен анықталған мерзімде өнімдерді іске асыруға тыйым салу:
- өнімдердің техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;
- міндетті сәйкестікті растауға, сәйкестік сертификаттарына (сәйкестік сертификаттарының көшірмесі), сәйкестік туралы декларацияға (сәйкестік туралы декларацияның көшірмесі) жататын өнімдеріне болмауы;
- құқығы жоқ болса да, өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау;
6) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға өнімдердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларацияның және сәйкестік сертификатын тіркеу қызметін тоқтату және (немесе) қабыл алмау;
7) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді іске асыратын тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тарту;
8) өнімді іске асыруға және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртібінде тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда өнімдерді жою бойынша комиссияға қатысу;
9) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілеріне дайын өнімдердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өнімдердің өміршеңдік циклінің кез келген сатыларында сәйкес келмеу себебін тексеруді ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгіну.
2. Жазбаша өкімге қол қою құқығы бас мемлекеттік инспекторға тиесілі.
Жазбаша өкімнің түрпішіні және оларды беру тәртібі уәкілетті органмен белгіленеді.
3. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен берілген жазбаша өкім барлық жеке және заңды тұлғалар мен орындалуға міндетті.
41-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының міндеттері
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары міндетті:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша шаралардың барысында техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану бойынша түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу, іс жүзіндегі техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілері туралы жасаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды хабарландыру;
2) заңмен қорғалатын саудалық және өзге де құпияны сақтау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау;
4) жүргізілген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерінің негізінде анықталған бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау.
42-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының атқарған қызметтеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының атқарған қызметтеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуы мүмкін.
43-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларын қорғау шаралары
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар немесе олардың туыстары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құқылы, егер де мұндай жағдайлар олардың лауазымды міндеттерін орындаумен байланысты болса.
7-тарау. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу аймағындағы заңнамасын сақтамағаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
44-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі
1. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша шараларды жүргізу кезінде өз қызметтік міндеттерін орындамаған немесе орынсыз орындамаған жағдайларында және қарама-қайшы іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктер) жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкес жауапкершілікке тартылады.
2. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау бойынша шараларды жүзеге асыратындарына, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты қабылданған шаралар туралы мемлекеттік органдар бір ай ішінде құқығы және заң тұрғысынан мүдделері бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларды хабардар етуге міндетті.
45-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу аймағындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
1. Жеке және заңды тұлғалар (жасаушы, орындаушы, сатушы) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу аймағындағы заңнамасына сәйкес жауапкершікке тартылады:
1) нарықта жүзеге асырылатын өнімдердің, қызметтің қауіпсіздігі үшін;
2) техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарды орындамағаны үшін;
3) жазбаша өкімді және осы заңның 40-бабында қарастырылған мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органның шешімін орындамағаны үшін.
2. Өнімдердің, қызметтің техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына сай келмегендігінің нәтижесінде азаматтың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне немесе заңды тұлғаның мүлігіне келген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
8-тарау. Қорытынды және аралық ережелер
46-бап. Аралық ережелер
1. Техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерін іске енгізуге дейін осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының 14-бабының және 15-баптың 1-пунктінің күші сақталады.
Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының 15-бабының 1-пунктінде қарастырылған актілердің және құжаттардың ережелері осы Заңның 4-бабының 1-пунктінде бекітілген мақсаттарға сәйкес келетін бөлімінде ғана міндетті орындалуға жатады.
Өнімнің, қызметтің техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына сәйкес болу мүмкіндігін қарастыратын техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің өнімге және олармен үйлесімді стандарттардың күшіне енуінен бастап осы өнімнің техникалық реттелуінің мемлекеттік тіркелуі белгіленген тәртіпте қабылданбауға жатады.
2. Сәйкестікті растау саласындағы техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің күшіне енуіне дейін сәйкестікті растау бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» Заңының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасында қолданылатын стандарттау бойынша техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің нормативті құжаттары, оларға қосарланушылары немесе оларға сәйкес келмейтіндері күшіне ену барысында қабылданбауға жатады.
4. Сәйкестікті растау бойынша органдармен және зертханалармен белгіленген тәртіпте берілген аккредиттеу бойынша құжаттар осы Заңның күшіне енуіне дейін, сонымен қатар осы Заңның күшіне енуіне дейін берілген сертификаттар ондағы көрсетілген мерзімнің аяқталуына дейін жарамды деп саналады.
5. Сәйкес техникалық реттеу аймағындағы нормативті құқықтық актілерінің күшіне енуіне дейін нақты объектілерге қатысты техникалық реттеу осы Заңға қарама-қайшы болмайтын бөлімінде нормативті құқықтық актіге сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
47-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң оны ресми жариялаған күннен бастап алты айдан кейін қолданысқа енеді.
2. Қазақстан Республикасының келесі заңдарының күші жойылған деп тану керек:
1) 16 шілдеден 1999 ж. Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 1999 ж., N 20, 724-бет; 2003 ж., N 12, 82-бет);
2) 16 шілдеден 1999 ж. Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» Заңы (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 1999 ж., N 20, 725-бет; 2001 ж., N 1, 7-бет; N 15-16, 231-бет; N 23, 321-бет; 2003 ж., N 12, 82-бет).
3. Осы Заңның 46-бабында қарастырылған жағдайлардан өзге осы баптың 2-пунктінде көрсетілген Қазақстан Республикасының Заңы өз күшін жояды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
Н. НАЗАРБАЕВ
|
9 қараша 2004ж.
Қосымша Б
Достарыңызбен бөлісу: |