1.Тәжірибе-қол жеткізілген нәтиже
2.Пішіндеу-жанама тәжірибе
3.Әлеуметтік сенім
4.Физиологиялық фактор
353.Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін оқу жоспарымен оқыту әдістемесін жасау(жеке оқыту)96. Бағалау арқылыоқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұрады: 1)оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
2) оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
3) Бағалау нәтижелерін ескере отырып,оқытуды өзгерту;
4) Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалау мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау ,бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
5)Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі.
354. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелелерінің бес санатын анықтауға мүмкіндік берді:
1. Білім алу – білімнің сандық ұлғаюы. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады ( негізгі міндет- «көп білу»).
2. Білім алу есте сақтау ретінде.Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
3. Білім алу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістерінің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Білім алу- мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
5. Білім алу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде.Нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып- білу.
Достарыңызбен бөлісу: |