«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады»



бет48/53
Дата12.04.2023
өлшемі259.23 Kb.
#472154
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
«М алімдер- о амны е білімді, е отаншыл, білгілері із келсе

VI тарау
1
Жаңадан келген мұғалім оқушылармен тез тіл табысып кетті. Бірақ оны күлімдеп қарсы алып, көзін тез тайдырып, қоңырау соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді.
Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз ғана сұрақ бар еді: "Қазіргі мұғалім сенің ойыңша қандай болуы керек?"
Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?

2


(А. С. Макаренко шығармаларының 5-томынан алынды) Петренко заводқа кешігіп қалған. Кешкісін бұл туралы рапорт алдым. Петренко отрядының командирын шақырып алып:
- Сендерде заводқа кешігіп бару бар ма? - дедім.
- Иә, Петренко кешігіп қалды, - деді ол. Одан әрі екеуміз:
- Бұл қайтып қайталанбасын.
- Құп болады, енді қайталанбайды, - деп келіскенмен Петренко тағы кешіккен. Енді отрядты түгел жинап алып ескерттім. Олар енді кешігу болмайды деп келісті. Мен оларға: "кете берулеріңе болады" - дедім.
1. Неге ескерту айыптының өзіне жасалмай әуелі командирге, кейін отрядқа жасалды?
2. Бұл әдістің ықпал күші кайда? Оның мәнін ашып беріңіздер.

3


Әрбір адам денесінің бітімі сымбатты, жан дүниесінің сергек болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың да рөлі зор.
Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге қазақша күрес т.б. ұлттық ойындарының түрлері ұсыныстарға сіздің пікіріңіз, оны немен дәлелдейсіз? Мектептерде жүзеге асырудың қандай тәжірибелерін білесіз?
Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз.
Дене тәрбиесіне байланысты қандай проблемалар туындап отыр.

4


Екі баланың аналары өзара сөйлесіп отыр.
- Сіздің Серігіңіз суретті қандай жақсы салады, ал менің Даниярымның салғаны тек шимай-шатпақ. Қанша таза, ұқыпты салуды ескертсем де, бәрі бір нашар салады.
- Ал, сіз, балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?
- Мен, баламды сурет салуға жиі отырғызамын. Бірақ сурет салуға қабілеті мүлдем жоқ па деймін.
Сұрақ: Даниярдың анасының пікірі дұрыс па? Балалардың бейнелеу өнеріне деген ықылас-ынтасын тудыру үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?

5


Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз. Әжелерің, аталарың, әке шешелерің кайда жұмыс жасайды ?
- Менің әкем милиционер.
- Өте жақсы.
- Менің апам тігінші.
- Өте жақсы.
- Ал, менің мамам - мұғалім.
- Балалар, Айманның мамасының мамандығы өте ауыр, өте қажет, қызықты және сыйлы мамандық.
- Айман "Олай емес. Папам айтады: ол ең қиын мамандық, себебі маманың бос уақытын кұрытып, папамның жүйкесін тоздырып, мені
бақылаусыз қалдырады".
- Мұғалім: ?

6


Еңбек сабағы оқушылардың бәрі тегіс жұмыс жасауда. Тек жалғыз Самат жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?

7 Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз


8


Үзіліс кезінде Серік коридордан әдемі қалам тауып алып, үн-түнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?
9
Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас әйел келіп отырды. Келесі аялдамадан қарт әже трамвайға зорға мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін болар деген оймен балаға қарап еді, ол терезеге қарап, әжейге көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.
Бала неліктен қызарды?
Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.

10


4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең етті, себебі ол мұғалімді немесе қасындағы жолдастарын алдап көрген емес.
1.Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы мүмкін.
2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.

11


Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.
Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?

12


4-сыныптың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты мамандар тобы пайда болды. Олар: "эрудиттер", "спортсмендер", "артистер", "жұмысшылар", "шопандар", "мұғалімдер".
Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты пайда болған деп ойлайсыз?
Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп есептейсіз?

13


- Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?
- Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.
- Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені "бүлдіргенсің ғой?
- Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді хор репитициясына апарады.
- Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің?
- Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. Не дейсің, қуып апарғаны қалай?
- Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз.
- Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да, залға тура алып келіп өлең айтқызды.
- Ал енді мұның несі жаман?
- Мені зорлап ән айтуға мэжбүр етті, ал мен өлең айтуды сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары қалай ескеріп отыр?
Сіздің пікіріңіз қандай?

14


4-а класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Класс мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.
Ал, 4-6 класында, осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен сырт қалды.
Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді. Класс «қиын класс» деп аталды.
Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшілерінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?
15
Музыкалық білімі бар анасы баласын алты жастан рояльды ойнауға үйретті. Бастапқыда баланың музыкаға деген қызығушылығы басым болды. Сегіз жасынан бастап музыка мектебіне қабылданды. Осындай мүмкіндігіне қарамастан оның музыкаға деген ынтасы бірте-бірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны көндіруге тырысты, оқуға мәжбүр етті, жазалады. Анасы дұрыс істеді ме?
16
Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.

17


Мектеп аралық жарыс жүріп жатыр еді. Әділ қазылар алқасы сіздің сыныбыңыздың командасына орынсыз ескерту жасады. Команда мүшелері сізге әділдікке шақырыңыз дегендей қарады. Сұрақ
Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге? Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін қолданған болар едіңіз?

18


"Алақай! Мама, мен "бес" алдым! Мұғалім бүгін бізге не айтқанын білесің бе?" - деп бірінші кластың оқушысы өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай мамасына айтып жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз " Алақай, мама, мен бүгін "бес" алдым!" - деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз".
Кластан класқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен?
Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесінен мысал келтіріп, салыстырыңыз.

19


Мұғалім: "Жанар, Маратқа бір дәптер бер, сенде көп екен". Жанар: "Бермеймін. Мамам айтты, оларды табу өте қиын". Мұғалім: ?

20


6 жасар Жәнібек білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. Сұрақ: Жәнібекте қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?

21


4-кластың екі оқушысының мінезіне бақылау жасау мынаны көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерді атқарғанда көрінсе, екіншісінің ұстамдылығы еңбекте де, ойында да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді.
Қайсысында ұстамдылық темперамент қасиеттерімен басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?

22


Сара апай туралы жақсы пікірлер естіп жүрдім. 4-кластағы сабағын көруге келдім. Сабақ үстіндегі тәртіп, балалардың белсенділігі таң қалдырды.
Сабақтан соң, оқушылардан "Сара апайды жақсы көресіңдер ме?" -деп сұрадым.
"Жоқ, біз одан қорқамыз. Сәл қимылдасаң, ата-анаңды шақырады. Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз".
Сұрақ: Мұғалім мен балалардың қарым-қатынасын қалай бағалайсыз?

23


Педагогикалық негізгі ұғымдардың тізбесін жасаңыз.
24
Саябақтағы жұмыс қызып жатты. Жұмыс бәріне де жетерлік еді. Апалы-сіңілілер жеңдерін түріп, шүберек орамал алып, іске кірісті. Еділ мырзасынып, сен неғып тұрсың? Үйдің төбесін жууға көмектес, - деді оған немере апасы.
- Жумаймын оны, біздің шаруамыз емес. Ал егер ауыр бір нәрсені әкел десең, әңгіме басқа... Үйді жинастыру әрқашан әйел адамның шаруасы болып келген, - деп қостап қойды немере інісі Қапаш.
- Қызық екен еден жуу, үй жинау біздің ісіміз болсын. Өткен аптада стол әкелу, шкафтарды қозғау сияқты біз атқарған іс те қыздардың жұмысы делік. Сонда сендер "ерлердің" ісімен қашан айналыспақсыңдар.
Көбіне істі "ерлердікі" және "әйелдердікі" деп бөліп жату -өзінің барып тұрған жалқаулығын бүркемелеу болып шықпай ма? Пікірлеріңізді өнегелі өмір тәжірибесімен дәлелдеңіз.
25
Мектептің педагогикалық кеңесінде оқу-тәрбие процесінің қорытындысы талқыланды. "Педагогикалық жұмыстың нәтижесі" деп нені есептейміз? - деген сұрақ қойылды.
География пәнінің мұғалімі. "Мен оқушыларыма ризамын. Пән бойынша екілік жоқ" -деді. Тарих пәнінің мұғалімі. "Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі тәрбиелі сияқты. Бірақ үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына мазасызданамын" - деді.
Сұрақ: Осы айтылған пікірлерден оқу тәрбие жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие принциптерін шешіп отырғандарын көруге бола ма?

26


Дұрыс жауап табуға көмектесу.
"Мұғалім болып жаратылу керек".
"Мұғалім болып туудың қажеті жоқ, табиғи дарынсыз да мұғалім болуға болады. Егер жақсы оқытса, үйренеді".
Мен де табиғи дарын да, педагогикалық техникада да жоқ. Мен тек балаларды өте жақсы көремін.

27


Бастауыш сынып оқушыларынан жиі: "Әсел, дұрыс жазбай отыр, оған Деурен дұрысын айтқан жоқ", немесе "Марат дәптерін бүлдіріп тастады" - деген дауыстарды естиміз.
Сұрақ:
1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын қалай түсінуге болады?
2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі қажет?

28


Сіз 4-сыныпқа жетекші болып белгілендіңіз. Оқушыларыңыздың тәрбиелеу жағдайларымен танысу мақсатын көздеген от басына алғашкы баруыңызды қалай елестетесіз?

29


Балалар " Дүкен" ойынын ойнап жатыр. Сатушының алдына кезекке тұрғандар жинала бастады. Кезекте тұрған балалардыңмінез-құлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып, басына жаулық тартып, қолында таяғы, белін бүкірейтіп алған. Кезекке ешкімді алдынан жібергісі келмей тұрған. Сағындық: "Кәрісің бе?" деп сұрады. "Әрине, әже деген кәрі болады" - деп жауап берді Ажар. Жарайды, әже онда менің алдыма келіп тұрыңыз, әрине қарттарды алдымен жіберу керек" - деді Мұрат араға килігіп." Жарайсың, Мұрат!" - деп тәрбиеші оны мақтады.
Осы келтірілген мысалдар балаларда қандай адамгершілік саналары тәрбиеленеді?

30


Педагогикалық кеңесте 3-ші сынып оқушысының (А) тоқсандық "2" -ге шыққаны туралы мәселе қаралды. Ол әдетте жайдары оқушы. Мұғалім: Ол абстрактылы ойлай алмайды, әлі күнге есепті қолын парта астына жасырып, саусақпен санап шығарады. Оған бәрін мысалмен, суретпен, кескінмен ұғындыру керек. Онсыз ештеңе істей алмайды.
Екінші мұғалім: Бұл оқушының көрнекі - бейнелі ойлайтындығы айқын байқалады. Мұндай оқушыларда абстрактылы ой кешеуілдеп жетіледі. Ол оқушы есепті өзіндік тәсілмен шығарады. Сонда оған екі қою ақылға сия ма?
Екілік оның абстрактылы ойлауын дамыта ма?
Сіздің пікіріңіз (позицияңыз)?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет