Ата-анамен байланыс жолдары
Әуешова Гүлзира- №239 орта мектептің бастауыш сынып мұғалім, Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,Кеңес ауылы
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.Баланы өмірге бейімдеуге мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық пен мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта,бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімдік табады.
Халық «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілерсің»деп тегін айтпаған.Жас шыбық иілгіш болса,жас адам да сондай жақсы ға да,жаманға да бейім болатыны баршаға аян.
Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді.Сондықтан жақсы,жаман қасиетіміздіің,әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Ұлы ғалым,философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие керек.Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы.Ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі»деген екен.Бұдан шығатын түйін:бала тәрбиесіне ең әуелі,оның ата-анасының еңбекқорлығы,ұстамдылығы,ақыл-ой,сана-сезімі,адамгершілігі әсер етпек.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан-жақты дамуын,дүниежүзілік алдыңғы қтарлы ақыл-ой мен тәжірбиені өскелең өмір талабына жеткізуін,халқымыздың көп жылдар бойы тұншығып келген тілін,мәдениетін,тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді.Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда.Оның басты себебі республика өзінің тәуелсіздігіне ие болған жағдайда экономикалық,эколлогиялық,этномәдени ерекшеліктерінескере отырып,жастарды оқыту мен тәрбиелеу ісін қайта құрудың аса қажеттілігіпайда болды.Оның үстіне өтпелі кезеңдегі нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы,рухани жұтаңшылыққа ұшыраған әрбір отбасының экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесіне көңіл бөлмеуде,ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызады.Бұл 11-13 жасар жеткіншектерді шылым шегуге,ішімдікпен,нашақорлықпен,ұрлық істеуге т.б.қылмыстық әрекеттерге итермелеуде.
Сондықтан жалпы білім беретін мекемелерде оқушыны тұлға етіп жан-жақты тәрбиелеу мақсатында ҚР-ның білім беру мекемелерінің 2006-2011жылдарға арналған тәрбие жұмыстарының кешенді бағдарламасы қолға алынған.Бұл заңды Білім мен ғылым министрлігі ұсынып,оқушыларға БҰҰ-ның бала құқығы,ҚР-ның «Білім туралы»заңын, «ҚР-дағы бала құқығы туралы», «Кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтыңалдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»заңдарын үйретіп ,кеңінен насихаттаукөзделген.адамдар тұлға болып өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді.Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру,тәрбиелеп жетілдіру қажет.Жеке тұлғаның ерекшелігі –ол оның өзіне тән мінез құлығындағы ,іс-әрекетіндегі,көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық біріңғай талаптардың болуына қарамастан қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің көзқарасының болуы. Сонымен бірге адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын бұрынғы игерген білім,білік дағдыларды біртіндеп көмескіленіп,оның орнына жаңа білім,білік дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді.
Тәрбиеленуші өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жастар тәрбиесі-басты мақсат.Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі.Оның парасатты жүріс тұрысы,сөйлеу мәдениеті,ішкі жан дүниесі,киім киісі-бәрі баланың назарынан тыс қалмайды.»деген .Ендеше сол бір жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін де соны тәрбиеге жинақтап,белгілі бір жұмыс жүйесі қалыптасу керек.Сапалы білім алмайтын ,тәрбиеге қонбайтын адам жоқ
Бірақ сол адамды адам етіп тәрбиелеу кімнің қолында деген сұраққа жауап берудің өзі ойландырады.Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда жаңа әлеументтік –экономикалық қатынастармен анықталады.Ол ата-аналар мен мектептің және қоғамның арасындағы нарықтық еңбек қатынаысы жағыдайында қалыптасқан.Нарықтық қарым –қатынас ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне деген жауапкершілік сезімін бір табан бәсеңдетеді.
Бала біздің болашағымыз ,өзімізді жалғастырар ұрпағымыз. «Баланы бастан»дейді халық.Ендеше бала тәрбиесіне ерекше мән беріп,ата-ана,мектеп,қоғам ынтымақтастығын ойлағанымыз жөн. «Ата көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер»демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол.Қазіргі жас балғын бала ертеңгі күніміздің саналы азаматы.Жалпы бала тәрбиесі назардан түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе.Баланың бойындағы жағымсыз әрекеттерді байқағаннан ақ ата-ана ,мектеп тыйым салып,дұрыс жолға бағыттау керек.
Мектеп ,ата-ана, ұстаз болып бірігіп ,сапалы білімді ,саналы тәрбиелі,салауатты ұрпақ тәрбиелеу керектігін айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |