Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


ФБастауыш сынып ата-аналарына: Әке және шеше! Ата және әже!



бет7/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

ФБастауыш сынып ата-аналарына: Әке және шеше! Ата және әже!

Есте сақтаңыз!
- Баланың жан дүниесі күндіз –түні жұмыс істеп тұрады. Біз оған не нәрсені ұқтыра білсек, ол барлығын жүрегімен қабылдайды.
- Сіздің қойған талабыңызды барлық сезіммен, үмітімен орындауға тырысады.
- Балаңызды мүмкіндігінше тыңдай біліңіз.
- Одан қарым-қатынасты үзбеңіз.
- Өз балаңызға үлгі болатындай істермен айналысыңыз.
- Қандай жаста болмасын, өз балаңызды аймалаңыз, өзіңізге жақын ұстаңыз, сүйіңіз, аялаңыз.
- Балаңызға жаңа өмір, мейірім құшағын, жылылық, қуаныш сыйлай біліңіз.
- Мектепке кетіп бара жатқанда балаңызбен қоштасып, оны аймалаңыз.Сонда мектептен келгенде сізбен өз қуаныштары туралы бөліседі.
- Демалыс күндері өз балаларыңызбен келесі аптаның жоспарын құрыңыз.
- Шырақ жанында бала өз ата-анасымен отырса, оның өзі бір әсер қалдырады.
- Ұйықтар алдында балаңызға ертегілер айтып беріңіз.
- Өз туған күнінде күтпеген жағдайлар жасалса, бала үшін ол да бақыт болып саналады.
- Мерекеде өз мамаңмен бірге әдемі торт пісір.
- Анаңмен және әкеңмен бірге олардың қолын ұстап жегің келген тағамдарыңды сұра.
Міне, осы сөздерді естігенде бала бойында мынадай пікір қалыптасады:
Мен бақыттымын, мен бәріненде жақсымын!
Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күман туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие-алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы.
Жанұя бала үшін өмір мектебі,онда мейірімділік,шындық, адалдық, еңбексүйгіштік тағы басқа адамгершілік қасиеттер дамиды және қалыптасады. Жанұяда қоғамның келешек азаматы өседі. Осы мақсатты көздеп,ата-аналармен жыл бойы тығыз қарым-қатынаста болып,әрбір жиналыста тәрбиенің тармақтары жайлы сұхбат жүргізгізіліп отырамыз.Ата-аналарға арналған анкета жүргізіліп,оларға толық жауап алынды.Әр ата-аналарының әр бір сұраққа берген жауабын оқып, танысып балалардың жанұядағы қарым-қатынасының дұрыс екендігіне,үйде әр қайсысының атқаратын міндеті барлығына,олардың жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста тәрбиесі дұрыс бағытта екендігінде.
Ата-ананың балаларына көңіл бөлетіндігіне көз жеткізіп мынадай қортындыға келдім.

60% 30%
10%










Ата-аналардың 10%-қанағаттанарлық көңіл бөледі, 60%- жақсы береді, ал 30%- үлгілі тәрбие береді. Ата-аналар жиналысында баяндамалар оқылып және психологиялық тренинг жаттығулары жүргізілді.
Мысалы: «Сары ауру» бұл баяндаманы ата-ана әрі бала дәрігері (педиатыр) Садибекова Анар жүргізіп, балаларға «Тән сырқаты және оның алдын алу жолдары» туралы түсінік берді.
«Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемінен танимын» деген екен қариялар.Ата-аналармен бірлесе отырып көптеген анкеталар толтырдық.
1.Бала оқына семья басшылығы.
2.Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі.
3.Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері.
4.Баланы-бастан.
5.Сіз қандай ата-анасыз? атты баяндамалар жасалды.
Тәуелсіз ел тірегі- білімді ұрпақ. Әрбір тәрбиелеп отырған азаматтарымыздың ұлттық санасын оятып, жоғарғы деңгейге жеткізсек, сонда ғана біз әрі алғыр,әрішапшаң, өз заманымыздың ақыл-ойын толық меңгерген нағыз текті ұрпақты тәрбиеледік деп мақтанышпен айта аламыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1. « Мен адаммын» Б .Игенбаева
2. «Открытая школа» журналы, 2007ж , №5,№6
3. « Өзін-өзі тану» оқулығы, 1 сынып.
4. «Өзіндік таным» журналдар жинағы.
Адамгершілік сабақтары. Игенбаева Б.Қ. Алматы-2000ж.
5. Ата-аналарға арналған хрестоматия. «Бөбек»ҰҒПББСО Алматы-2006


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет