Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Баланы мектепке оқытуда психологиялық даярлықты қалыптастыру



бет20/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Баланы мектепке оқытуда психологиялық даярлықты қалыптастыру
Байменова Жамила Асылханқызы-№167мектеп жанындағы шағын орталық меңгерушісі, Қызылорда облысы, Жаңақорған аудыны, Жаңарық ауылы
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.Кез келген мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты- балаларды мектепке оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.Бала мектепте жақсы оқуы үшін,оған белгілі білік пен дағдылар қажет (аоғашқыда саналы орындаудықажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды.).Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурет салу және т.б.)және кез-келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар.Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады,бірақ олардың алғышарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.Оқушының жетекші іс-әрекеті –оқу іс-әрекеті.
Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды.Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді.Бұл өз негізінде ,1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап-вертикальді,горизонтальді,қиғаш сызықтарды , симметрияның осі ,заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады.Балабақшадағы сурет , жапсыру , мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу , матемтика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді.Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау , қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады.Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырыладыіОлардың басты мақсаты- балаларда жазу мен санауды үйретудің алғышарттарын қалыптастыру .Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды . Жазуға үйрету тек мақстты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.
Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті .Жазу-психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс , сондықтан да жазу дағдысын мгеру үдерісінің көп-компонентті психофизиологиялық құрылымы бар.Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдр жсау керек , сол себепті баланы жазуға үйретудің , жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.Үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы –мектепке дейінгі білім беру мәселесіне бүгінгі таңда жан-жақты көңіл бөлінуде.Қазіргі кезде халық назарын аударып отырған басты мәселе –мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие –білім беру жұмыстарының мазмұнын, міндетін жаңарту, ұлттық негізде құру. Сондықтан балаларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру – өзекті мәселелердің бірі.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге тлаптанады.Балардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш ,еліктегіш , әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады .Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың , құбылыстардың сырын білуге құмартады.Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады.Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені , олардың түсінігінше , ересектердің білмейтіні болмайды.Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін , ықыласын сыпаттайды.Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн .Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін В.С.Мухина бойынша мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мінез-құлық мотивациясы: мінез-құлықтың саналы регуляциясы күшейеді, мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және материалды қажеттіліктер сферасы кеңейеді, қарым-қатынастқа деген қажеттілік , жетіске жету , басқарушылыққа қажеттілік сияқты әлеуметтік қажеттіліктер нығая түседі.Көп білу, басқалардан жоғары болу ,өзі жасай алу сияқты қарапайым қажеттіліктер пайда болады:Т.Рибонның айтуынша , баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды.
Мектептегі дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педегогтар мен тәрбиешілер , ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде , әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңл бөлуі қажет.Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары К.Д.Ушинский –баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойын , сөз қорының ,санасының жетілуіне әсері мол екенін көрсеткен .Логткалық ойдың , пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына , батыл пікір , нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.Сондай-ақ , кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе ,ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс,-деп көрсетеді.Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды ,сурет салғанды жақсы көреді, еремектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді.Мектепке дейінгі шақың әсіресе , алғашқы үш жылы психологияда «қауіпті» кезең аталып , өзіне зерттеушілердің үлкен знйінін аударуда.П.Бадалян «...осы уақытта сәби арнайы уйрету мен тәрбие көрмесе , кейін ол өте қиынға түсін , тіпті кеш болуы да мумкін» деген.Дер кезінде тәрбие мен уйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс. Сонымен мектепке дейінгі жас-ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады.Мұның өзі психологиялық зерттеулердің обьекті ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандылығы ретінде көрсетіледі.Жас баланың өмірді тануы , еңбекке қатынасы , психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Атақты психолог ғалымдары Л.С.Выготский ,Ю.К.Бабанский ,психология кітабы. И.Я.Лернер , А.И.Леонтьев ,А.С.Запорожец , Л.Д.Венгер
Педагогика Қоянбаев
Қазақстан мұғалімі 2009-2010ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет