Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Дарындылықты дамытудың теориялық негіздері



бет23/48
Дата25.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#496460
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Дарындылықты дамытудың теориялық негіздері
Бердікеева Айжан Әлденбайқызы-№167мектептің бастауыш тсынып мұғалімі6Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық,педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге маңызды ой-пікірлер жинақталған.Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде көрініс тапқан.
Ертедегі адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жаратқаны деп есептеген. Платтонның пікірінше,ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес,құдайдың құдіретінен, оның белгіленуінен. Бұл пікірді Демокрит те қолдаған.
Дарындылық жайында айтылған пікірлер өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бұл феноминнің негізінде адамға іс- әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін қабілеттер жатыр. Дарындылықтың танылуына байланысты екі көзқарас бар:1)барлық бала дарынды болып табылады, 2) дарынды балалар өте сирек кездеседі. Бұл мәселе туралы психологтар мынадай тұжырым жасайды: әлеуетті дарындылық іс- әрекеттің бірнеше түрімен айналысатын балаларға тән, ондай балалар аз емес.
ҚР 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік дамыту бағдарламасында «Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамытуға, оның дара қабілеттілігін ашуға бағытталған » делінген.Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адам игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой, әрине. Ендеше талантты да қабілетті, ерекше дарынды жасқа айырықша назар аудару қажет-ақ. Елбасының Қазақстан халқына 2008 1нарызындағы Жолдауында нақты айтылғандай, «Білім беру реформасы –Қазақстанның бәсекелес қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі»
Дарындылдық теориясының негізі кешегі кеңес психологтерінің еңбектерінде де көрініс тапқан. Л.Выготский, В.Крутецкий,Н.Лейтис,
В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болады,адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мазмұндық бөлімі мемлекеттік стандарт пен жаңа бағдарламаларға негізделген оқу үрдісі жаңа оқу технологиялары мен қажетті оқулықтарды шығаруды бірізділік,жүйелілік,тұрақтылық, ұзақ мерзімділік заңдылықтарын сақтау, мұғалімнің педагогикалық жоғары деңгейі және кәсіби білімін ұдайы жетілдіруі барысында жүзеге асады. Бұл жөнінде Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауында түбегейлі мәселе етіп қойып отыр.
Құрылымдық бөліміне психологиялық қызмет, дарындылықты анықтау, олимпиада,ғылыми жоба жарысы, валеологиялық орталық жұмыстары кіреді.Оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық жұмыстар жүргізіп, олардың жоғары парасаттылығына, ой-өрісіне, қабілетіне ерекше көңіл бөлінеді.
Әлеуметтік бөлімде микроәлеуметтік бағытта сынып жетекшісінің жұмысы балаларды шығармашылыққа ынталандыру, дарындылықты дамыту жұмыстарымен бірге балаға жеке тұлғалық өсу картасын жүргізу болып табылады. Ата- аналармен өзара іс- әрекет жүйесін құру, негізгі бағыттарды дұрыс анықтау, әдіс- тәсілдердің тиімді формаларын құрастыру жұмыстары жүргізіледі.
Іс- әрекеттік бөлімде үйірмелердегі, спорттық секциялардағы, шығармашылық таным бірлестіктегі оқудан тыс шаралар жүргізіледі. Денсаулықты жақсарту, ағзаны шынықтыру, кеңес беру.
Басқару бөлімінде Мұғалімдерден құралған шығармашылық топ әрбір оқушыны шығармашылыққа баулуға, оның дара қабілеттерін ашып дамытуға көп көңіл бөледі. Ең негізгі бөлімдердің бірі- нәтижені бағалау бөлімі білім сапасы мен нәтижесінен мониторинг құру арқылы әрдайым қорытынды шығарып отырады. Сонымен модел дарынды балалармен жүргізілген жұмыстың жүйелі бөлігінен тұрады.
Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту- қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе.
Болашақ білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде мынадай қасиеттермен ерекшеленеді.
1.Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі жіне сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.
2.Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.
3.Оқушыға дұрыс бағыт- бағдар беру арқылы оның ғылыми зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.
4.Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір- бірімен байланыстыра алады.
5.Дарындылықты анықтауда әртүрлі психодиагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.
Сонымен дарынды бала ойлау дербестігіне ие, ол жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп, оларды тың шеше біледі.Ал бұл қабілет өз кезіндегі ойланудың белсенділігімен кезіккен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасайды.
Дрынды бала қойылатын проблеманы тұтастай көре біліп оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.
Сондықтан мектеп оқушылырының дарындылығын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.2008 ж.
2) Елбасының Қазақстан халқына жолдауы.2012 ж.
3) Педагогика .Қоянбаев
4) Қазақстан мұғалімі.2009-2010 ж.ж
5) Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2010 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет