Оқытушының біліктілігі талаптарының ең маңыздысы жоғары және орта кәсіби-педагогикалық білімінің болуы. Біліктілік сипаттаманы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді және ол педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің мазмұнының негізі болып табылады. Осы көрсетілген ережелерге сәйкес студент өзінің жеке авторлық бағдарламасын жасайды, оған өзінің кәсіптік қалыптасуы барысындағы өзінің түзетулерін енгізеді. Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен ерік жігеріне және мінезіне, әдеттеріне және ақыл ойының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліну керек. Психология мен басқа да ғылымдардың бүгінгі күнгі жетістіктері осы жұмыстарды жоғары біліктілікпен құруға мүмкіндік береді. Біз болашақ мұғалмдердің өздерінің педагогикалық кәсібиліктерін қалыптастырудағы өздігінен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жүргізудегі жұмыстарының кейбір мәселелеріне ғана тоқталып өттік. Олар студенттерге өздері туралы ойлануға, өзінің педагогикалық білімі туралы ойлануға оны тәжірибеге айналдырудағы нақты варианттарды ескеруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |