«Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де»



Дата19.10.2022
өлшемі14.12 Kb.
#462997
М.Әуезов эссе


Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ақтөбе облысының білім басқармасы, облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» атты жазушы өмірі мен шығармашылығына бағытталған аудандық эссе байқауы

Қатысушы: Әбдірахманова Бахытгүл Орынбасарқызы


қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Әлем таныған Әуезов
Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен», менің
қазақ халқы туралы білігімді толықтырды,
мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың
жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен
тәріздімін
Николай Тихонов
Әдебиетте өзіндік орны мен ізі бар тұлға ғана мәңгілік жасайды. Сондай тұлғалардың бірі-М.Әуезов. Ол-өзінің туған халқына ғасырлық туынды сыйлай білген және «қазақ» деген ұлтты әлемге таныта білген заңғар жазушы. Ол қандай ғасырлық туынды? Әрине, ол-Әуезовты әлемге танытқан «Абай жолы» романы. Жоғарыда келтірген орыс жазушысы Николай Тихоновтың сөзі де бұған дәлел бола алады.
Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, әдебиет сыншысы Мұхтар өз заманында көптеген күрмеуі көп дүниежүзілік мәселелерді шешуде, өзге халықтармен рухани ынтымақтастықты дамытуда елеулі үлес қосқан жан. Әуезовтің даналығы мен даралығы, дархандығы қай салада болмасын көрініп, өзгелереге үлгі бола білді. Қазақ әдебиетіне өлшеусіз еңбек сіңірген қаламгер ретінде әрбір қазақ мақтанышпен айта алады. Бір ғана «Абай жолы» шығармасымен әлем әдебиеті алыптарымен теңесіп, қазақ әдебиетінің жұлдызын жақты. Қазақ елінің салт-дәстүрін паш етіп, текті халық болғанын көрсететін ғасырлық туынды жоғары бағаланып, әлемнің классикалық әдебиетінің қатарында аты аталып жүр. Оның дәлелі, романның бүгінгі таңда 116 тілге аударылғандығы. Француз тіліне аударған Луи Арагон: «Менің ойымша, «Абай жолы» эпикалық романы-ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын», -десе, Бержарон: «Әуезовтің үніндей үнмен, Әуезов жырлаған ұлылықпен, керемет махаббатпен жырланған бақытты халықтың шіркін не арманы бар екен!», - деп баға береді. Не деген құрмет білдіру! Ал, біз өзіміздің әлемді тамсантып, таңғалдырып жүрген бай әдебиетіміздің қадір-қасиетін түсініп жүрміз бе! Жоқ! Өкінішке қарай, Әуезовтің «Абай жолын» оқымаған қазақтар да бар. Тіпте, Абай мен Мұхтарды толық тани алмай жүргендер аз емес. З.Қабдолов бір сөзінде: «Толстойды оқымай орысты, Бальзакты оқымай французды, Әуезовті оқымай қазақты білдім деу сондай қиын», - деп жазған еді. Сондықтан әлем таныған әдебиетіміздің бағасын біліп, құрметін арттырайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет