Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 3 «А» сынып



бет1/4
Дата22.05.2023
өлшемі1.38 Mb.
#474098
  1   2   3   4
сыныптан тыс


Сыныптан тыс: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» 3 «А» сынып 18.11.2022 ж
Мақсаты:
а)Оқушыларды белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айта білуге, жасырылған жұмбақтың шешімін таба білуге үйрету,
Ә) Мақал айту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, сана-сезімін, танымдық қабілетін, білімділігін, сөз сараптауларын дамыту.
Б) Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата-баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе әріптер, кеспе сөздер, смайликтер. Сабақтың түрі: сайыс сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу. Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық «Күз » әнімен қыздар шығады ортаға
І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Біз бүгін бастауыш сыныптарда өткізіліп жатқан «Бастауыш-білім негізі» атты онкүндігімізде 3 «А» сынып оқушыларымен ата-аналар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»атты тақырыпта интеллектуалдық сайысын бастаймыз. Ендеше ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Көк түсті-қыран тобы,қызыл түсті-сұңқар тобы, ақ түсті-барыс тобы, қара түсті-жалын тобы, күлгін түсті-алтын жапырақ тобы, сары түсті-білгіштер тобын ортаға шақырамыз. Бүгін біздің мектебімізде өтетін «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойынына хош келдіңіздер. Мұғалім: Құрметті қонақтар сіздерді әділ қазылармен танысытырып өтейін
Әділ – қазылар:
1. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі: Шокаева Айсулу Төлегеновна
2. Бастауыш сынып мұғалімі: Алиманова Шынар Бескибаевна 3. Бастауыш сынып мұғалімі: Баймаганбетова Орумбасар Сулейменовна
Сайыстың барысы: 1.Өздерін таныстыру, ұраны, төсбелгісі, топтың аты.
1.Суреттермен жұмыс.
- Сайыскелерге 5 сурет көрсетіледі. Сол суреттерге қарап мақал-мәтел айтады.
1-сурет. Кітап. Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
2-сурет. Ана. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
3-сурет. Қол. Көз – қорқақ, қол – батыр.
4-сурет. Отан. Отан үшін отқа түс күймейсің.
5-сурет. Тіл. Ең ащы да тіл, ең тұщы да тіл.
6-сурет Бала. Балалы үй базар,баласыз үй мазар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет