Дəл векторизация жасау үшін растрды нақты карта масшта- бынан 15-20 есеге үлкейту керек. Мысалы, карта масштабы 1см – 5 км болса, онда растр 1см - 0,2-0,4 км болуы керек.
Снэппинг Снэппинг – бір нысанның түйінін келесіге байлау нүктесі функциясы. Сызық түйінін, сызық пен символды, сызық пен ай- мақты, сызық қиылыстарын байлау үшін қолданылады. Снэппингті қолданбаса, нысандар дəл жалғаспауы мүмкін, нысандар комбина- циясының дəлдігі жоғалады. Нысан бөлігін қиғанда не жойғанда қателік болуы мүмкін.
Функцияны орнату үшін «En» ағылшын регистрінде «S» пер- несін басу қажет. Экранның астында «SNEP» сөзі пайда болады. Курсорды түйінге алып келген жағдайда үлкен пунктирлі крест пайда болады.
Автотрассировка Автортрассировка – векторланған полисызықтар мен полигон- дарды қолдана отырып, нысандардың векторизациялануын күшей- туге көмектесетін функция. Автотрассировка жасау үшін «S» пернесін басып снэппингті шақырып, курсорды полигон немесе полисызықтың кесілген шекарасының бастапқы түйініне алып келіңіз жəне «SHIFT» немесе «CTRL» баса отырып, курсорды белгілеген кесілген жердің соңғы түйініне алып келіңіз. Жүргізілген сызық жарықтанады.
Ескерту: векторизациялауды жеңілдету үшін векторлық нысанға ұқсас растрлық нысанның түсінен қатты ерекшеленетін түс таңдау қажет. Мысалы, өзеннің векторлық сызығындағы қара көк түс жəне растрдағы өзеннің қара көк түсі түстері бойынша бірігіп кетеді. Қателеспеу үшін басқа түс таңдау қажет (мысалы, қызыл, сары, күлгін). Сонан соң нысанның стилі мен түсін карта безендіру ережесіне сай өзгерту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |