Microsoft Word Документ Microsoft Word doc


Лекция 12. Тақырыбы: Қазақ халқының əдептілік көзі



бет13/17
Дата19.09.2023
өлшемі50.18 Kb.
#477953
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
этика

Лекция 12. Тақырыбы: Қазақ халқының əдептілік көзі


Əр халықтың əдептілік қағидалары əр түрлі. Сол сияқты қазақ халқының да өзіндік əдептілік ұсыныстары бар. Дегенмен адам табиғаты ортақ болғаннан соң араларында көптеген ұқсастықтар да кездесіп жатады. Бұл да адам тағдырының ортақ екендігін көрсетеді. Қазақ халқы бұрынырақты табиғаттағы барлық заттардың тылсымды күштерге ие екеніне сеніп келеді. Қазақ халқы үшін көк аспаннан құрметті басқа еш нəрсе жоқ еді.
Шегі жоқ көк аспан руханияттың азығы болды. Аспан көк түсті болғандықтан қазақтар тəңіріні «Көк тəңірі» деп атады. Көк тəңірілік сенім қазақ халқының біртұтас болуын, жан-жаққа ыдырамауын орнықтырады.
Бұл сенімнің негізінде адамгершілік жатыр. Қазақ халқының əдептілік көзінің бірі- ислам діні. Қазақ халқы ислам дініне өз еріктерімен кірді. өйткені исламдық көзқарас пен қазақы тіршілік бір-біріне өте сай келеді. Осылайша қазақтық өмір-салт ислам арқылы өз мəдениетін өркендете түсті. Ислам дінін əдептілігіміздің басты қайнары деуімізге бірден- бір себеп-бұл діннің адамзатты түрге, тілге жəне нəсілге бөлмеуінде.
Алланың бір екендігін, пайғамбардың Алла елшісі екенін мойындаған əрбір адам баласы Ислам діні бойынша бір-біріне бауыр.
Жаратқанның бар екендігін жан-жүрегімен сезініп оның көрсеткен жолымен жүруді өздеріне міндет санаған, осылайша адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған көреген халқымыз тұрмыс тіршілігінде Ислам дінімен біте қайнасты.
-Қазақ халқының қоғамдық өмірі
Қоғамдық тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан əдептілік нормалары арқылы реттеліп келеді. Əдептілік нормаларын қоғамнан бөліп алып басқа бір «идеялар дүниесінен» іздеуге болмайды. Оны адамдардың өзі жасайды. Біреулердің мақұлдар екіншілерін теріске шығарады.
Қазақ тəңірлік түсінік пен мұсылмандық қағиданы қатар дамытқан. Қазақ ауылы көшуге де соғысуға да қонақ қабылдауға да ыңғайлы. Қазақ халқының мінезі тек домалақ емес дəстүрден де алады. Дəстүр қандай болса өздері сондай мінезбен шығады.
Қазақ халқы əлеуметтік əділдікті хош көреді. Қазақтың əлеуметтік мəселелерінің барлығы да «қара қазан, сары баланың қанында». Қара қазанның табанынан от, табағынан ет кетпесе, сары баланың тамағы тоқ, көйлегі көк жүрсе-қазақ үшін нағыз əлеуметтік əділет сол.
Сонымен қоса қазақ халқы жерге де көп көңіл бөлген. Жерді қасиет тұтқан. Қауіпті сапарға аттанарда туған жердің бір уыс топырағын ала кету қазақ рəсімінде əлі бар.
Қазақ халқының мінезі дала мінез. Кейде бұлыт сияқты тұнжырап қалады кейде марқарайып таудай биіктейді.
-Əдептілік тағлымы
І-Əдептілік мектебі:
1-Жанұя мектебі. Жанұя адам баласының алтын діңгегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен күшін өмірдегі басқа еш нəрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. өйткені ата-ананың балаға деген тəрбиесінің орнын ешкім, ешнəрсе толтыра алмайды. Отбасы адамға мейірімділікті, имандылықты үйретеді. 2-Еңбек мектебі. Адамды тəрбие ететін мектептің бірі еңбек. Еңбексіз адамның бұл өмірде өмір сүре алмайтыны белгілі. Адам қоғамдағы орнын еңбңе ету арқылы ғана таба алады. Еңбек өмірді, қоғамды ұстап тұрған негізгі тұтқа. 3-Имандылық мектебі. Имандылықтың бастауы сенім. Құдайға сенген адам жаман қылықтардан аулақ болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет