Лекция 1. Тақырыбы: Этика
1-Этика жəне
мораль анықтамасы
«Этика» сөзі латын тіліндегі «ethos» деген сөзден шығып, бастапқыда «жануардың үңгірі,
құстың ұясы, аңның апаны» сынды мағынада пайдалынған сөз. Бір сөзбен айтсақ, тірі жанның өзіне тиесілі өмір сүру мекені дегенді білдірген. Уақыт өте келе «бірнеше тіршілік етуші адамдар
тобының орналасқан орны, мекен-жайы» дегенді де білдіретін болды. Сол сияқты «этос» ұғымы да бірте-бірте алғашқы мағынасынан алшақтап, ортақтаса өмір сүрушілердің мекен-жайын ғана емес сонымен қатар бірге өмір сүру барысында олардың бойындағы
қалыптасқан мінез-құлық, іс-əрекет ұқсастықтарын білдіруші əдет-ғұрып деген мағыналарға ие болды. Сонымен бұл терминнің «шығу төркінінен» адамдардың орналасу аймағына,
тіршілік салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты əртүрлі мінез-құлық ережелері, олардың өз ортасына лайықты жүріс-тұрысы, таныс-тіршілігі қалыптасқандығын байқаған халық даналығын көреміз.
«Этика» терминін философия аясына тұнғыш енгізген əрі осы тақырыпта қаламын сілте жанған философ Аристотель еді. Аристотель «этика» деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтады. Аристотель этикалық ізгіліктер құрамына:
жомарттық, батылдық,
шыншылдық, ал дианоэтикалық ізгіліктерге: ақыл, парасатты жатқызады.
Мəдениет тарапынан ежелгі грек мəдениетінің көне римдіктерге тигізген ықпалынан зор екендігін білеміз. Əсіресе философия саласына келгенде ол əсерді айқын байқауға болады. Римдіктер философияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын этиканы өз тілдерінде «мораль» сөзі арқылы аударады. Көне латын тілінде «mores» (салт-дəстүр, əдет-ғұрып) деген мағынаны білдіретін сөз. Содан римдік философтар тікелей грек философтардың жолын қуып жаңадан ұғым туындатады. Ендеше мораль терминің латын тіліндегі этиканың синонимі деуге болады.
Бірақ біз этика ғылымының даму жолында этиканың да моральдің де бірдей қолданысқа түсіп екі түрлі мазмұндық сипаттамаға ие болғандығын көреміз. Қазірде этика деп белгілі бір теория түрін, философиялық ғылымды айтатын болсақ, мораль деп қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші қағидалар бірлестігін нақтылаймыз. Басқаша айтар болсақ мораль деп этиканы зерттеу пəнін түсінеміз.
Қай халықтын тілін алып қрасаңыз онда жоғарыда аталған ұғымдарға өзіндік балама табылады. Қазақ тіліне келер болсақ этика қазіргі таңда əдептану
деп аударылса, өзбек тілінде «адаптану», түркілер тіпті жалпы араб – мұсылман мəдени аймағы «аһлақ» ұғымын қолдануда. Қазақ тіліндегі транскрипциясына байланысты кейде «ақылақ» деп те айтылуда. Ал бұл ұғым араб тілінде пайда болған ұғым.
Осындай терминологиялық анықтамалардан кейін ұғымардың мазмұндық ара қатынасына келетін болсақ онда этиканың философиялық ілім ретінде теориялық деңгейінің биік екендігін, ал моральдың сол ілімінің пəні, зерттейтін объектісі екендігін тұжырымдаймыз.
Сонымен
нақты өмірдегі адамгершілік, құлықты, сол адамгершілік, құлықты қалыптастырушы принциптер жиынтығы-моральды зерттейтін философиялық ғылымды біз «этика» деп атаймыз.
Этиканың
құрылымына келетін болсақ, ол үш бөліктен тұрады: