Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет14/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
11 
алмайды; ақ жүрек дегеніміз «Ұждан» (Əммə 
жанға махаббат, шапағат, ғаділет), қазақша 
тəмəм адам баласын бауырындай көріп, жаны 
ашып, əділет қуу. Осы айтылғандай, ақ жүрек 
көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. 
Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзге-
лерге зиянсыз жолмен табу-ақ жүрек (ұждан) 
ісі. Оны істеп отырған кім бар?» - деп жазады. 
Ал ақ жүректің сапасын ойшыл өз шығар-
машылығында былай береді: «Мейірімділік, 
махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүрек-
тен шығады.» Шəкəрім «Ұлтшылдық туралы» 
мақаласын да ары қарай мынандай ой айтады: 
«Жəне Мəнен бауырымыз: «Партиялардың 
бəрінің көздеген мақсаты дұрыс», - дейді. Қата 
қылса да, енді дұрыс демесе, ақиқат біреу-ақ 
емес пе? Менің ойымша, осы ХХ ғасырдың өнер 
елдерінің – білімі қылған ісінен, біле тұра 
нəпсісіне құлдығы зор сықылды. Қорытқанда, 
«ақ жүрек» қайтсек табылады? Қайткенде соны 
таба аламыз? Бар мақсат енді сонда болу керек 
қой». Шəкəрімнің қағидалық ойлары қазіргі 
кезде «ұлт мəселесі» төңірегінде пікір айтып, 
«ұлтым менің» деп жүргендерге ой салып, жөн-
ге келтірері ақиқат. Абайға сүйеніп айтсақ: 
«Əуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек; 
екінші – сол нəрсені естігенде я көргенде 
ғибратлəну керек, көңілденіп, тұшынып, ынта-
мен ұғу керек; үшінші – сол нəрсені ішінен бір-
неше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту 
керек». Міне, адам мəселесіне қатысты Абай-
дың осы тұжырымын ұлт мəселесін зерделеуде 
пайдаланғанымыз абзал болар. 
Ұлт ұғымы қадірлі де қасиетті ұғым. Ұлт 
ұғымы туралы сөз айтылғанда, жүректегі ма-
хаббат сезімің оянып, ұлтыңа деген ыстық ықы-
ласың мен тамаша ақ ниетің сезілмесе, құр ай-
қайымыз бен жалаң да жадау əрекетіміздің 
зиянын тигізіп алатынымыз анық. Оны ұлт ұс-
таздарының қағидалары айқындап тұр. 
«Ұлттық өзімшілдік» дегенімізді ұлттың 
өркендеуіне кесіп-пішіп, таңып, солай болуға 
тиісті десек, ғұлама Шəкəрімнің: «Менің ойым-
ша, əлі күнге шейін, асса ұлт, қалса өзім-
шілдіктен оза алған жоқ»,- деген пікірі қазіргі 
кезеңдегі қазақ қоғамындағы психологиялық 
хал-ахуалды да аңғартып тұрған сияқты. 
Шəкəрім адамның рухани жетілуіне «өзім-
шілдіктің» зиянын шығармашылық-тарында же-
ріне жеткізе дəлелдеп, суреттеген. Ары қарай 
былай дейді: «Ұлтының кемшілігін толтыру, ар-
тықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу-ақ жүрек 
(ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар?» Өз-
гелерге зиянсыз жолмен ұлт өркеніне игілікті 
істер істеу үшін «ақ жүректі» болуы игі іс, ал 
енді осы көзқарасқа «ұлт мəселесін» сөз еткені-
мізде 
ойшыл 
Шəкəрімнің 
пікіріне 
ден 
қойғанымыз дұрыс болар. Себебі, өзгенің мүд-
десіне қайшы əрекеттен өзімшілдік туындатып, 
зияныңды басқаға тигізіп, зардап əкелудің түбі 
өзіңе, өз ұлтыңа жаманшылық жасау. Міне, сон-
дықтан Шəкəрім «ақ жүрек» мəселесіне былай 
анықтама береді: ақ жүрек дегеніміз «Ұждан» 
(Əмма жанға махаббат, шапағат, ғаділет), 
қазақша тəмəм адам баласын бауырындай көріп, 
жаны ашып, əділет қуу. Осы айтылғандай, ақ 
жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе ал-
майды». Ендеше, ұлт мəселесін сөз еткенімізде 
өз бойымызда жоғарыдағы пікірге сай қасиет 
бар ма деген сұрақ төңірегінде жұмыс жаса-
ғанымыз абзал болар. Осындайда Абай қара-
сөзіндегі: Егер есті адамның қатарында болғың 
келсе, аптасына бір рет немесе жұмасына, айы-
на бір рет есеп алудың» тиімділігі зор. Яғни өз-
өзіңнен есеп алу, өзіңді тануыңа көмектесері 
сөзсіз. Адамы дұрыс қоғамның ісі, мəдениеті де 
,ақыл - ойы да, əлеуметтік жағдайы, хал-ахуалы 
да дұрыс болатыны анық.
Ұлт мүддесіне қатысты мəселеде ойлы пікір 
айту үшін де «мың ойланып, толғанып, барып» 
ой сүзгісінен өткізіп, байыппен қарап, Абай мен 
Шəкəрім айтқан қағидаттарға ден қойғанымыз 
жөн болар. Себебі, ұлт ойшылдары өз ұлтының 
кемшін тұстары мен жетістіктерін əбден сын 
елегінен өткізіп барып, мəселені анық та айқын 
алдыға қойған. Кемшіліктерімізді жөндеу ар-
қылы, жетістіктерге жете алатынымызды, өзі-
мізді тəрбиелеудің маңыздылығы ұлтымыздың 
өркендеуіне жол ашатыны жайын-да нақты 
ойларын өз туындыларында көрсеткен. Ендігі 
біздің басты міндетіміз олардың тіректі 
ойларын, өз ұлтымыздың мүддесіне қызмет 
жасау үшін айналымға енгізіп, қоғамдық сана-
ның алыптар армандаған кемел деңгейде 
жаңғыра түсуін жүзеге асыруымыз қажет. Ұлт-
шылдықты өзімшілдік тұрғысынан түсінсек, 
сөзсіз ұлт өркеніне кедергі келтіретініміз анық. 
Қазіргі кезеңде қоғамымызды жегі құрттай 
кеулеп жатқан рушылдық дерті надандық, өзім-
шілдік сынды Абай мен Шəкəрімнің зығыр-
данын қайнатқан кеселді қасиеттердің туындап 
отырғаны айғақ. Əрине, шыққан тегіңді біліп, 
туған жеріңді аялау, бұл - ардақты да қасиетті 
іс. Ол əрбір қазақ баласына тəн қасиет болуға 
тиісті.
Алайда осы жан дүниеңдегі тамаша сезі-
міңді, дүнияуи істер тұрғысында жүзеге асы-
рудың залалы қоғамды жайлап, елдің өркен-
деуіне кесірін тиізіп отырғаны шындық. Жер-
шілдік пен рушылдық тек қана жекенің пенделік 
ісін қамтамасыз етуге қызмет жасап отырғаны - 
ұлттың дамуына кедергі келтіретін бірден-бір 
фактор. Осы кесапатты жекенің немесе белгілі 
бір мүдделі топтардың қажетін өтеуі үшін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет