Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет12/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 

өлең фактісі де ескерілген – Қ.М.). «Қазақ 
поэзиясында ең көп қолданылатын өлең 
өлшемдері – жеті буынды, жеті-сегіз буынды, 
он бір буынды. Алты буынды өлең, онан да 
қысқарақ төрт буынды өлең сиректеу кез-
деседі. Он төрт, он бес буынды өлеңдердің 
тармағы құрама болып келеді. Яғни жеті 
буынды екі тармақтан, не жеті, сегіз буынды 
екі тармақтан құралған болады. Бірақ қазақ 
поэзиясында ертеден жеті буынды, жеті-сегіз 
буынды, он бір буынды екі-үш-ақ түрлі өлшем 
болыпты деп қомсына қарауға ешбір негіз жоқ. 
Жалғыз қазақ поэзиясында ғана емес, тіпті 
дүние жүзі халықтарының əдебиетінде де 
көбірек орын тепкен өлшемдер жеті-сегіз 
буыннан он бір буынға дейінгі өлшемдер 
болғанын көреміз» [3, 132].
Зəки Ахметовтің тармақтағы буын саны, 
өлшем ырғағы, олардың мəні туралы айтқан 
байламдарының Абайдағы өлең құрылысын
өлең түрін, жанрлық сипатты ашуда ұдайы 
ескеріліп отыруы – Абай өлеңдерін 7-8 
буынды, 11 буынды болып келгеніне орай 
жадағай-жалпы бағалай салуға жібермейтін, 
өлеңтанудың күрделі қисындары жатқан 
шумақтағы тармақ санына, ұйқас түріне қарай 
да жіктеуді, жанрын айырып, түрін табуды 
жинақыландыра түсетін тың бағыттардың 
тынысын кеңітуге таптырмас теориялық 
тұғыр.
Абай 
өлеңінің 
түріне, 
құрылысына 
қатысты мəселеде Абайды өзіне шейінгі, өз 
тұсындағы өлең түрінің барлығын дерлік 
пайдаланған деген (Ғаббас Тоғжанов, т.б. жеке 
пікірлер – Қ.М.) тоқтамның да астар-айтпағын 
ескеріп отырған жөн. Мəселен, Абайда 11 
буынды өлшемнің соңғы бунағы 3 буынға құ-
рылған бірде бір өлең жоқ екендігіне арнайы 
қарап шығып, көз жеткіздік. Осындағы гəп 
Зəки Ахметов қазақ өлең құрылысына қатысты 
айтатын мына бір нақты байламға қатысты 
сияқты: «Асылы, қазақ поэзиясында тармақ-
тың неше бунаққа жəне қандай бунаққа бөлі-
нетінінде зор мəн бар. Бұл пікірді мысалмен 
дəлелдейік. Он бір буынды өлшемнің соңғы 
бунағы үш буынды болып келген түрі (4 буын 
+ 4 буын + 3 буын) революцияға дейінгі 
дəуірде аз тарап келгені белгілі. Оның себебі 
мұндай өлең ауыз əдебиетіндегі əдет бойынша 
əуендетіп, əндетіңкіреп айтқанда өлең ырғағы 
біркелкі естілетіндіктен» [3, 133].
Абайдың өлең құрылысын зерттеуде 
тармақ, шумақ, буын, бунақ, ұйқаспен үйлес-
тіре отырып жанр заңдылығы, өлеңдік үлгінің 
тарихи-əлеуметтік алғышарты, тіл айшығы
дара тəсілдер, əдеби дамудың тұтас бір дəуір-
дегі дəстүрлі негіздері мен жаңа бағыттары 
тұрғысында ой қорытуға да кеңістік ашылады. 
ХІХ ғасырда əдеби əдіс, бағыт, стиль 
арасында аса қызу, аса айқын тартыстар болып 
өтті. Ол əрбір шығармашылық тұлға-ның 
өзіндік көркемдік əлемінде де жүріп жатты. 
Абай-дың ақындық тұғырын мықтап шың-
даған əрбір көркемдік фактінің мəні абай-
танудың олжасынан ілгері озып жатыр. Абай 
өлеңінің арқауындағы айқын азаматтық, адам-
шылық, қоғамдық-əлеуметтік сарын, желілер 
нақтылы өлең түрінде көркем-дік, рухани 
кеңістік көгіне көтерілді. Осы мəнде тармағы, 
шумағы, буын, бунағы, ұйқасы мен ырғағы – 
ішке бүккен сыры көп Абай ақындығының аса 
айқын айғағы, құнын көтеріп, бағасын асырар 
құрылымдық негізі. 
ƏДЕБИЕТ 
1. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. – Алматы, 1991. – 494 
б. 
2. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін... 
/Құрастырып, алғы сөзін жазған ф.ғ.д., профессор Қ. 
Ергөбек. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 344 б. 
3. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: 
Мектеп, 1973. – 212 б. 
4. Тоғжанов Ғ. Абай. – Алматы-Қазан, 1935. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет