Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
98
«Абай институтының хабаршысы» журналына авторлардың мақала жариялау
ережелері
1. Мақала авторы, автор туралы ақпарат, ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясы, ақы төлеу
туралы түбіртек көшірмесі пошта арқылы редакция мекенжайына арнайы хатпен жіберіледі немесе қолма қол
ұсынылады. Əр бетте мақала авторының растайтын қолы қойылып, сонғы бетіне кадр бөлімінің мөрі басылады.
Сондай-ақ мақаланың электронды нұсқасы
Abai_instkaznu@mail.ru
мекенжайы бойынша қабылданады.
2. Мақалаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, барлығы 100 сөзден аспайтын түйін-резюме-abstract
және кілт сөздер берілуі тиіс.
3. Мақала А-4
форматта WORD редакторында, «Times New Roman» қаріптерінде (шрифт) терілуі тиіс,
қаріп өлшемі – 12, жол аралығы (интервал) – 1.
4. Сол жағынан 20 мм, жоғары, төменгі және оң жағынан – 20 мм қалдырылып жазылады.
5.
Материал көлемі суреттер мен библиографияны қосқанда 4-8 беттен аспауы керек.
6.
Мақала тақырыбы бас әріппен, бір қатардан соң автор(лар) туралы толық мәлімет, яғни 1) аты-жөні;
2)
ғылыми дәрежесі; 3) ғылыми атағы; 4) мансабы; 5) қызмет орны; 6) ізденушінің оқу орны; 7) магистрант,
докторант мамандығының шифры мен атауы; 8) мекен-жайы; 9) байланыс телефоны; 10)
электронды поштасы
толық жазылады Бірлесіп жазылған мақалаға авторлардың қолдары қойылғаннан кейін негізгі мәтін бір қатар
тасталып жазылады.
8.
Магистрант, докторанттар үшін оқу орнынан мөр басылған анықтама қағазы талап етіледі.
9. Ғылым докторының мақалаға берілген рецензиясына (ғылым кандидаттары
мен ғылыми атағы жоқ
адамдар үшін) кадр бөлімінің мөрі басылып, рецензия берушінің қолы қойылады.
10. Сілтеме жасалған əдебиеттер мен дереккөздер тік жақшада рет саны бойынша беттері көрсетіліп,
тізімі мақаланың соңында беріледі (мысалы [1,7]).Барлық цитаталарға да сілтеме берілуі тиіс. Баспада жарық
көрмеген жұмыстарға библиографиялық сілтеме жасалмайды. Авторлар цитата мазмұнын толық сақтауына,
əдебиеттер тізімінің растығына жауап береді.
11. Библиографиялық тізім алфавит бойынша жазылады. Пайдаланған əдебиеттер тізімі мақала соңында
беріледі жəне мақаланың жалпы көлеміне кіреді. Олардың рəсімделуі арнайы
библиографиялық ережелер
бойынша мемлекеттік стандарт (ГОСТ) 7.1 – 2003 «Библиографиялық жазба. Библиографическое описание.
Жалпы ережелер мен құрастыру тəжірибесі» бойынша жасалады. Пайдаланған əдібиеттер тізімін берген кезде
мына мəліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
·
кітаптар үшін – автордың аты-жөні, кітаптың толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері,
жылы, том немесе шығарылымы жəне жалпы бет саны;
·
мерзімдік басылымдағы мақалалар үшін – автордың аты-жөні, мақала аты, журналдың (жинақ) толық
аты, жылы (жинақ үшін баспа аты), том, номері (шығарылым), мақаланың бірінші жəне сонғы беті;
·
мерзімдік емес басылымдағы (кітаптардағы) мақалалар үшін – автордың аты-жөні,
мақала аты,
кітаптың (жинақтың) толық атауы, шығарылған баспасы мен шығарылған жері, жылы, мақаланың бірінші жəне
сонғы беті;
·
конференцияларда жасалған (семинар, симпозиум) баяндамалар мен тезистер үшін – автордың аты-
жөні, баяндама атауы, жинақ немесе конференция
материалдарының толық атауы, конференция орны мен
өткен мерзімі, том, номері (шығарылым), тезис пен баяндама мəтінінің бірінші жəне сонғы беті;
·
диссертациялар үшін – автордың аты-жөні, мамандықтың толық аты мен шифры, қорғаған уақыты мен
жері.
Достарыңызбен бөлісу: