Microsoft Word кулманов даулетхан дипломдық ЖҰмыс docx


В ҚОСЫШАСЫ .................................................................................................. 32



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата20.05.2022
өлшемі1.07 Mb.
#458438
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
2021 БАК Құлманов Дәулетхан Полатұлы

В ҚОСЫШАСЫ .................................................................................................. 32 
 


КІРІСПЕ 
Қазіргі кезді электронды ақпарат заманы деп атасақта болады деп 
ойлаймын, өйткені қазіргі таңда технологиялар қоғам өмірінің барлық 
салаларына терең еніп, адамдардың уақытты өлшемді қолдана отырып, адам 
өміріне өте қарқында енуімен куəгерміз.Əсіресе 2020 жылдан басталган 
пандемия заманында,барлық жер карантинға жабылып,онлайн жұмыс 
атқаруы,ақпараттық заман болуына жаңа серпім берді. 
Бүгінгі күнде еңбектеген баладан, еңкейген кəріге дейін, əр қайсысында 
гаджеттеріне тəуелді, деп айтуға да болады. Күнделікті өмірде ұялы 
телефонды, компьютерді немесе планшетті пайдаланбайтын адам жоқ.Тіпті 
қарапайым сағатымызда электронды болып,тек сағат қарауға емес,басқа да 
мүмкіншіліктерге толы заман болды.Бұл ақпараттың көбеюіне əкеліп соғып 
жатқан себепті,гаджеттегі жадыны үнемдеуге тура акеліп соғып жатыр. 
Бұл технологиялардың көпшілігі адам өміріндегі қызметтерді 
оңтайландыруға, білім алуға жəне уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңда барлық іс-шара, кездесулер онлайн түрде болып жатқандықтан, 
ұялы телефонымызда көп файлдар сақтау ыңғайлы. Алайда, ол файлдар 
жадыда көп орын алып, құрылғының жұмысына кері əсерін тигізуі мүмкін. 
Сол үшін ұялы телефондарды қайталанатын файлдардан тазалайтын қосымша 
бүгінгі күні сұранысқа ие.
Күнделікті өмірде смартфон кездейсоқ фотосуреттер мен бейнелерді 
түсірудің жəне құжаттар жасаудың танымал құралы болып табылады. Бірақ 
көп ұзамай біздің құрылғылар қажет емес селфилермен, құжаттармен, 
видеолармен толып, жұмыс істеуі баяулайды. Телефондағы қайталанатын 
файлдар көп орын алады жəне оларды жою керек. Бұл «Duрlicate master» 
бағдарламасы сізге қайталанатын файлдарды анықтау үшін телефонды жедел 
қарап шығуға көмектеседі жəне телефонның жадын, жылдамдығы мен 
өнімділігін арттыру үшін оларды тексеруге жəне жоюға мүмкіндік береді. 
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға,осы қосымшаны 
жасауға итермелеген,өзімнің медиа- файлдармен,фотосуреттермен жиі жұмыс 
жасауым жəне құрығының жадынсын жиі босатып тұру қажеттілігімен көп 
соқтығысуым себеп болды. 
Жұмыстың əр бөлімінде тақырыптың өзектілігі жəне қазіргі уакыттағы 
қолдану барысы көрсетілген. Нəтижесінде мен өзіме жəне кез келген саладағы 
жандарға көмектесетін Мобилдік- қосымшанысын жазып шықтым. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет