Microsoft Word кулманов даулетхан дипломдық ЖҰмыс docx


Мəліметтер қорына жалпы шолу



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата20.05.2022
өлшемі1.07 Mb.
#458438
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
2021 БАК Құлманов Дәулетхан Полатұлы

3.3 Мəліметтер қорына жалпы шолу 
 
Қандайда қосымша құру кезінде таңдалған пəндік аймақ бойынша 
мəліметтер базасы құру қажет. Мəліметтер базасы- қандай да бір структураға 
қатысты мəліметтерді сақтау баяндау үшін қарастыратын белгілі бір 
ережелерге сəйкес біріктірілген мəліметтер жиынтығы. Басқаша айтқанда, 
мəліметтер қоры- ақпаратты сақтауға аарналған құрылым.
Қарапайым мысалдар: банктен кредит алушылар кестесі, ұшақтар 
қозғалысы кестесін, кəсіпорын туралы мəліметтерді , студенттердің оқуға 
түсу туралы қорытындылары жəне тағы басқаны атауға болады. Əдетте, 
мəліметтер базасы қандай да бір мəселенің шешімін табуға арналған файлдар 
кестесі немесе кесте түрінде ұсынылады. 
Мəліметтер қорының концепциясы деректер қорын басқару жүйесінің 
концепциясымен тығыз байланысты. Деректер қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ)- 
дегеніміз жаңа мəліметтер базасының құрылымын құруға, оны толтыруға, бар 
ақпараттарды визуалдауға арналған бағдарламалық құралдар жиынтығы. 
Мəліметтер қорының негізгі элементі- кесте. Мəліметтер қорының 
кестелерінің бағандары өрістер, ал жолдары жазбалар деп аталады. Деректер 
қорының кестесін құру барысында ең алдымен оның құрылымын анықтау 
қажет. Келесі кезекте- кестеге жазба енгізу,оны реттеп өзгерту. Бірақ кесте 
жолдары бос болса да құрылған болып саналады. 


14 
Мəліметтер базасында көрсетілген барлық мəліметтердің құрылымы бұл 
маңызды элемент болуы керек, өйткені ол пəндік аймақты көрсетеді. Барлық 
мəліметтер қасиеттерінің құрылымы арасында қисынды байланыс болады.
Мəліметтерді тиімді өңдеу үшін бастапқы бірнеше схема аз бөліктерге 
бөлінген. Əрбір бөлік түпнұсқа схеманың белгілі бір мағынасы бар қамтиды. 
Осы бөліктердегі жекелеген ішкі схемалар арасындағы байланыс үшін сол 
өрістерді пайдалану қажет.
Кестелердегі өрістер оның құрылымын жəне ұяшықтарға жазлыған 
деректердің топтық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Мəліметтер 
қорының негізгі қасиеттері: 

Өріс атауы – таңдалған өріске сілтеме жасау үшін қолданылады. 

Өріс типі - сол өрісте болуы мүмкін мəліметтер типін анықтайды 
(мəтін, сандық, даталар жəне т.б.). 

Өріс өлшемі - өріске сəйкес келетін деректердің максималды 
ұзындығын анықтайды. 

Өріс форматы - бұл ұяшықтардағы деректерді форматтау əдісі. 
Кестелер мен сұраныстар бір-бірімен схема арқылы байланысады.
ДҚБЖ əзірлеу технологиясы бірнеше кезеңдерді қамтиды, оның ішінде 
негізгілері: 

Мəліметтер қорының құрылымын жобалау; 

Кестелер арасындағы байланысты жобалау; 

Əр кестенің жеке құрылымын жасау; 

Кестелерге мəліметтерді енгізу; 

Сұранысты өңдеу; 

Кестелер мен сұраныстар арасындағы қатынастарды жүзеге 
асыратын мəліметтер схемаларын əзірлеу; 

Мəліметтер 
базасын 
басқаруға 
арналған 
программалық 
модульдерді дайындау; 

Құжаттарды шығаруға арналған есептерді дайындау. 
Бұрынғы кезеңдердің дəлділігі қатал емес. Негізінде ДҚБЖ əзірлеушісі 
жобаны нақтылай отырып, сол кезеңдерге орала алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет