Microsoft Word Лекция4-каз doc



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата22.02.2024
өлшемі314.99 Kb.
#492865
  1   2   3   4   5
4 Дәріс ОЖ



Дәріс №4. Тақырыбы: Процессорларды басқару. 
Процессорларды іске қосуды жоспарлау деңгейлері. 
 
Қарапайымдылық үшін бір орталық процессорлы ЭЕМ қарастырамыз, бірақ 
төменде қарастырылатын тұжырымдарды мультипроцессорлы жүйе үшін таратуға 
болады. Бір орталық процессорлы ЭЕМ әр уақыт мезгілінде тек бір процесс орындала 
алады, бірақ бұл кезде бірнеше процесстер дайындық кезеңінде және басқа бірнеше 
процестер – күту кезеңінде тұрады. Сондықтан орындалуға дайын және күтір тұрған 
процестердің тізімі құрылады. Дайын процестердің тізімі артықшылықтары (приоритет), 
сонымен орталық процессорды өз қарамағына алатын келесі процесс, осы тізімнің бірінші 
процессі болып табылады.
Операциялық жүйедегі процесстің өкілі процесті басқару блогы болып табылады. 
Бұндай мәліметтердің құрылымы, процестер туралы маңызды ақпараттардан тұрады, 
сонымен қатар: 
o
Процестің ағымдағы жағдайы; 
o
Процестің бірмәнді идетификаторы; 
o
Процестің артықшылығы; 
o
Процестің жадысының көрсеткіштері; 
o
Процеске бөлінген қорлардың (ресурстардың) көрсеткіштері; 
o
Регистрлердің сақталу аймағы. 
ОЖ орталық процессорды бір процестен басқа процеске ауыстырғанда, ол процесті 
басқару блогында қарастырылған регистрдің сақталу аймағын пайдаланады, ақпаратты 
есте сақтау үшін, ол бұл процесс келесі жағдайда орталық процессорды өз қарамағына 
алғанда әр процесті қайта іске қосу үшін қажетті.
Процесс нақты жұмысты орындау мүмкіндігіне ие, егер оның қарамағына физикалық 
орталық процессор бөлінсе; компьютердің ресурстарына, соның ішінде орталық 
процессор үшін бәсекелесетін бірнеше процестер болған жағдайда, бұндай бөлу күрделі 
мәселе болады, оны операциялық жүйе шешеді. Бұл мәселе “процессорларды іске қосуды 
жоспарлау” деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет