«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті


Қазақ мифологиясы және оның жанрлық ізденістері. Тезис жасаңыз



бет5/6
Дата15.12.2023
өлшемі45.53 Kb.
#486770
1   2   3   4   5   6
«Мифопоэтика» пәні бойынша №26 емтихан билеті-emirsaba.org

2. Қазақ мифологиясы және оның жанрлық ізденістері. Тезис жасаңыз.
Мифологияның жанрлық ізденістеріне ең бірінші мифті және оған қатысты мифтік кеңістік, мифтік уақыт, мифтік дәстүр мен мифтік сюжет, мифтік кейіпкерлер жатады. Ал осылардан барып мифология өз арнасында тек мифпен ғана шектесіп, сонымен қатарлас өмір сүрмейді. Біз оны танымдық көкжиектен, атап айтсақ, діни, халықтық наным-сенімнен, этнографиялық-ғұрыптық нышандардан теріп аламыз. Мифологияның объектісі – миф ақыры соңында символ мәнінде келуі мүмкін. Бірақ бұл жерден мифтердің бәрі символға айналып кетеді деген ұғым тумасқа керек. Сол себепті ғалымдардың айтатын бірінші әрқашан да миф, екінші символ жүреді дейтіні сондықтан. Көріп отырғанымыздай, мифология тек мифтерде ғана көрініс бермей, халықтық болмыс пен ұлттық рух қатар жүретін белгі-бернелерде болады.
Қазақ мифологиясы жасап қалыптасқаннан бері, бүгінгі күні кейбір нәрселер символ түрінде көрініс береді дедік. Символика белгілі бір түсті, кеңістікті, уақытты, былайша айтсақ, тұтас бір жүйені заттандырып, модельге айналдырады.
Қазақ мифологиясы – шеті-қиыры жоқ, түпсіз терең тұңғиыққа бойлаған әлем, кеңістікті дүние. Қазақ мифі типологиялық сипаты жағынан әлем халықтарында, әсіресе, түркі елдерінде кездесетін мифтерге ұқсас. Тәңір, Ұмай, Бабай Түкті Шашты Әзиз, Еміре, қырық шілтен, үббе т.б. кейіпкерлердің әралуан нұсқада түркі халықтарының көпшілігінің мифологиясынан ұшырасуы – Түркі қағанат қалыптаспаған бағзы заманаларда-ақ ортақ танымдық кеңістік болғандығының айғағы. Тәңірлік діннің, тәңірлік танымның таралуы, оның қазақ дүниетанымында кеңінен орын алуы сол түркілік діннің халық арасында нық, берік сақталуында, сенім-нанымдардың тапжылмай ретімен жетуінде. Қазақ мифологиясы - өзіндік диалектикалық-логикалық жүйеге ие синкретті жанр. Халықтық таным мен сана, ойлау мен пайымдау жиынтығы, ұлттық талғам мен зерде тоғысқан арна ел жадына сіңісіп, символикалық не логикалық тәсілге айналады. Мифопоэтикалық ойлау жүйесіне сәйкес, халықтық таным мен болмыс қай өнер түрінде болмасын, бейнеленеді. С.Қондыбайша айтсақ: «Киелі Қазақтың Мәңгі елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып, шаң басып, танылмай жатқан «ішкі елімізде». Міне, мифология – осындай кеңістікті қайтадан танып білуге жол ашып беретін кілттердің ішіндегі негізгісі. Қазіргімізді, өздеріміздің кім екенімізді (яғни, мұсылмандығымызды) естен шығармай, өткен заманның ұмыт болған қабаттарының бетін аршып алуға, естен шыққан Рухты, Киені, Ділді, Танымды еске түсіруге мүмкіндік беретін әдіс те – осы мифология».
Ерте дәуір адамдарының өмір, қоғам, табиғат, дүние туралы түсініктері, көзқарасы, түсіну, таным ерекшелігі сәбилік сана-сезімі ғасырлар бойы ауызекі тарап келген аңыз-әңгімелер мен халық санасына сіңісті болған мифологиялық үлгілерден анық білінеді. Миф ұғымына С.Қондыбай мынадай анықтама береді: «Миф – нақты бір тарихи уақытта, нақты бір географиялық кеңістікте (жертарапта), нақты бір саяси, әлеуметтік, мәдени, шаруашылық жағдайында тірлік етіп жатқан адамзат қоғамының (социумның) өзі өмір сүріп отырған орта (уақыт пен кеңістік) туралы, ғалам туралы, оның қалай пайда болғандығы, адамға ықпал ететін ішкі-сыртқы күштер туралы, өз қоғамының ғаламдағы орны, дәлірек айтқанда, «түсіндім» деген стереотипі».
Адамзаттың өзін қоршаған табиғат объектілері, таным-түсініктері қазіргі ғылымда миф ұғымында қарастырылады. Философиялық мағынада миф – дүниетану. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп. Ғалым С.Қасқабасовтың айтуынша, ол анықтамалардың көпшілігі антика дәуіріндегі дамыған мифологияға арналған және мифтің атқаратын қызметіне (түсіндірмелі, психологиялық, диалектикалық, социологиялық т.б.) оның дінмен, өнермен, философиямен, әр түрлі ырымдармен, ертегімен және әпсана-хикаятпен арақатынасына байланысты негізделген. Қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипатымен оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстары мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар.


Ежелгі (көне) халықтық мифология


Түс көру, ежелгі наным-сенімдер мен алғашқы халықтық түсініктер (шаманизм мәселелері)


Космогониялық мифология


Дүниенің, ғаламның, адамның жаралуы туралы


Ғұрыптық мифология


Қазақ салт-дәстүрлеріндегі ырым-тыйым сөздері, саз, күй, зергерлік мифологизм


Культтық мифология


Анимизм, тотемизм (өнер тотемі), фетишизм, магизмнің негізгі міндеттері


Діни мифология


Халық танымындағы дүниенің, адамның, жалпы ғаламзаттың жаралуы, пайғамбарлар мен дүниелік құбылыстар, рухани мәселелер турасындағы діни наным-сенімге құрылған мифология


Космологиялық мифология


Аспан денелеріне (космонимдер), халықтық күнтізбесіне байланысты


Тұрмыстық төменгі мифология


Мифологиялық хикаялардың халық арасындағы таралымы (үббе, жезтырнақ, албасты, пері т.б.)


Шежірелік мифология


Ұлттың, тайпа немесе рудың шежірелік-мифологиялық сипаты мен топоатаулардың мифопоэтикалық келбеті


Көктүріктер мифологиясы


Көктүріктердің алғашқы тегі, наным-сенімдері, олардың құдайлары мен басты белгілері. Түркі халықтарының жіктелімдік сипаттамасы


Дуалистік мифология


Ғаламды қарама-қайшылыққа толы екі жақты, бірақ бірегей болады деген мифологияның саласы


Философиялық мифология


Қазақ танымындағы өмір, өлім, дүниенің шексіздігі, көшпелі ғаламның мифтік санадағы көрінісі







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет