Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



бет7/65
Дата06.02.2022
өлшемі334 Kb.
#455134
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
микробиология зертх.сабақтар

Препараттарды дайындау.

Зат және жамылғы шыныларын өңдеу. Микроскопиялық препаратты дайындау алдында зат және жамылғы шынылар өңдеуден өткізіліп, майынан тазартылуы қажет. Су тамшысының шыны бетінде біркелкі таралуы оның жақсы майсыздандырылғының дәлелі. Қолданылмаған шыныларды әуелі суда жуып, сонан соң оларды Никифор ерітіндісінде ұстайды. Препараттарды дайындар алдында шыныларды жалынның үстінде ұстап, қыздырып алады. Жаңа шыныларды 1%-дық натрий гидрокарбонатының (соданың) ерітіндісінде 10 минут қайнатып, нейтралданған дистилденген сумен шаяды. Қолданылып жүрген шынылар концентрленген күкірт қышқылының ерітіндісінде немесе оның 5% калий дихроматы қосылған ерітіндісімен өңделеді (ерітіндіні дайындау тәртібі: 6 г калий дихроматына 100 мл дистилденген су және 100 мл күкірт қышқылын қосып шайқаған соң бір күнге қалдырады. Ерітінді күңгірт қызғылт сары түске боялады. Хромды қоспа өте күшті тотықтырғыш болғандықтан органикалық заттармен ластанған жерлерді жақсы кетіреді).

Шыныларды аталмыш ерітіндіде 1-2 сағат ұстап, сумен жуып, 5%-дық натрий гидрокарбонатының ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Одан кейін дистилденген сумен шайған соң кептіргіш шкафта немесе бөлме температурасында кептіреді. Өңделген зат шыныларын тығыз тығыны бар банкаларға құрғақ түрінде немесе Никифор ерітіндісінде сақтайды. Шыныларды пинцетпен алған жөн, өйткені қолдың майлы дақтары шыныны жарамсыз күйге келтіреді.



Жағындыны дайындау. Жағындылар (препараттар) зат шынысының бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер пипеткасы көмегімен дайындалады. Материал ретінде тығыз және сұйық қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдер шайындысы, сүт, ірің, қан және т.б. үлгілер қолданылады.

Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырады. Сосын тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдердің дақылдары бар шыны түтіктің тығынын жалынның үстінде қолдың шынашағымен абайлап ашып, ілмекті шыны түтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның себілмеген жеріне тигізу арқылы суытады да, онымен микробтар массасын іліп алып, шыны түтікті жауып, штативке қояды. Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық ерітінді тамызылған зат шынысының бетіне жұқалап жағады. Тығыз қоректік орталарда өсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді немесе су тамызады.

Пастер пипеткасының көмегімен сұйық заттардан және сұйық қоректік ортада өсіп жатқан микроорганизмдерден жағынды дайындайды. Жалынның үстінде стерильді пипетканың дәнекерлеген ұшын сындырып, микроб суспензиясынан үлгі алады да, зат шынысының бетіне жағынды жасап болған соң пипетканы дезифекциялық ерітіндісі бар сауытқа салады. Жағындыны ауада немесе жалын бетіндекептіру арқылы бекітеді. Жағынды тым қыздырылса, клеткалардың құрылысы өзгерістерге ұшырайды, ал егер бекітілу жеткіліксіз болса, онда жағынды кейінгі өңдеулерде шайылып кетеді.

Қан жағындысын, қарапайымдылар мен спирохеттердің клеткаларының нәзік құрылымдарын және т.б. зерттеуде қыздыру арқылы бекіту әдісі қолданылмайды. Мұндай кездерде препараттарды сұйықтықтармен бекітеді. Бекіткішті (фиксаторды) жағындының үстіне құяды немесе препаратты бекіткіш сұйықтығы бар ыдысқа белгілі бір уақытқа батырғаннан соң ауада кептіреді.

Микробиологияда мынандай келесі бекіткіш сұйықтықтар қолданылады:


  • Этил спирті 10-15 минут

  • Метил спирті (метанол) 2-3 минут

  • Ацетон 5 минут

  • Этил спирті мен этилді эфирдң қоспалары 10-15 минут

  • Жағындыны сонымен қатар осмий қышқылы мен формалиннің буында да бекітуге болады (бірнеше секунд ішінде).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет