Микроорганизмдер физиологиясы



бет2/2
Дата05.10.2022
өлшемі21.8 Kb.
#461998
1   2
Ìèêðîîðãàíèçìäåð ôèçèîëîãèÿñû

Темір- тыныс алу ферменттерінің құрамына кіреді.
Магний-«грам оң» бактериялардың сыртында шоғырланған магний рибонуклеатының құрамына кіреді.
Клетка ішінде аз мөлшерде кездесетін микроэлементтер – микробтардың өсіп,дамуы үшін өте қажет. Оларға кобальт, марганец, мыс, хром, цинк, молибден, т.б. жатады. Олар кейбір ферменттердің белсенділігін арттыруға және синтездеуге қатысады. Микроб клеткасының ішіндегі аталған химиялық элементтердің саны- микробтың түріне, қоректік ортаның құрамына, зат алмасу сипатына және сырқы ортаның тіршілік ету жағдайына байланысты болады.
Бактериялардың қоректенуі

Микроорганизмдер өсу үшін қоректік заттар қажет.


Қоректік заттар мен энергия көзі ретінде әртүрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, микроэлементтер мен өсу факторын қолданады.
Микробтардың қоректену процесінің өз ерекшелігі бар:
-қоректік заттарды олар бүкіл сырт денесімен қабылдап алады
-метаболизм процесі өте тез жүреді
-өздері мекендеген ортаның өзгерісіне тез бейімделеді.
Микроорганизмдердің қоректену жағдайы тіршілік ету ортасына тікелей байланысты болады.
Қоректену типтері – көміртегі мен азотты қорыту сапасымен анықталады. Ал басқа органогендер көзі – сутегі мен оттегіден тұратын-су болып саналады. Қоректік заттар еруі үшін, клеткаға енуі үшін- су қажет.
Көміртегін қорытуда микроорганизмдер екіге бөлінеді:
Автотрофтар –(грек сөзінен- autos-өзім,trophe-қоректену),бейорганикалық заттармен қоректенеді, олардан органикалық заттарды синтездейді. Көміртегі көзі ретінде- көмірқышқылын және басқа да көміртегінің бейорганикалық қосындыларын пайдаланады.
Оларға топырақ бактериялары жатады.(нитрлеуші күкіртбактериялары)
Гетеротрофтар –(грек сөзінен- heteros-басқа,trophe-қоректену), дайын органикалық заттармен қоректенеді. Олар көміртегін көмірсулардан (көбіне глюкозадан), көп атоды спирттерден, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдарынан т.б. алады.
Гетеротрофтарға көптеген микробтар жатады, олар – сапрофиттер, паразиттер.
Сапрофиттер-–(грек сөзінен- sapros-шіріген,phitos-өсімдік),дайын органикалық қосылыстарды өлік организмдерден алады. Өлі органикалық қалдықтардың ыдырауына қатысады.Мысалы,шіріту бактериялары т.б.
Паразиттер -–(грек сөзінен- parasites-арамтамақ), өсімдіктің, жануарлар, адамның тірі жасушаларының органикалық заттарының арқасында өмір сүреді.
Оларға –вирустар, риккетсиялар,кейбір қарапайымдар т.б. жатады.
Микробтар азотты қорыту қабілетіне қарай екі топқа бөлінеді:
1.Аминоавтотрофтар- ақуызды синтездеуге ауаның молекулярлы азотын пайдаланады.(азотбактериялары т.б.)
2Аминогетеротрофтар- азотты органикалық қосылыстардан (аминқышқылдары, протеидтер),алады (патогенді микробтар және көптеген сапрофиттер жатады).
Фототрофтар- биосинтетикалық реакцияға күннің энергиясын пайдаланады.
Хемотрофтар-энергияны органикалық және бейорганикалық заттардың қышқылдануының әсерінен алады.
Автотрофтар мен гетеротрофтар арасында қатан шекера жоқ (орын алмастыра алады).
Жаңа теминология бойынша:
-гетеротрофтарды-органотрофтар
-автотрофтарды-литотрофтар (грек сөзінен litos- тас ), яғни мұндай микроорганизмдер таза минералды ортада да өсе береді деген сөз.
Өсу факторлары.
Өсіп, көбеюі үшін микробтар өздері синтездей (шығара) алмайтын, дайын күйінде пайдаланатын заттарды қажет етеді. Ондай заттарды- өсу факторы деп атайды. Олар аз мөлшерде қажет. Ол заттарға витаминдер, аминқышқылдары (ақуызды синтездеуге), пурин және пиримидин негіздері –(нуклеин қышқылдарын құруға ) және т.б.
Көптеген өсу факторлары ферменттер құрамына кіріп, биохимиялық процестерде катализатор рөлін атқарады.

Қоректік заттарды тасымалдау.


Микроб клеткасының цитоплазмасына қоректік заттар кішкене молекулалар және еріген түрінде ене алады.
Күрделі органикалық заттар –(ақуыз,полисахаридтер т.б.) микроб клеткасы бөліп шығаратын ферменттердің әсеріне ұшырап, содан соң ғана қолдануға жарамды болады.
Қоректік заттардың жасушаға енуі және метаболизм өнімдерінің жасушадан шығуы цитоплазмалық мембрана арқылы жүреді.
Қоректік заттардың жасушаға енуінің бірнеше тәсілі бар:
1.Пассивті диффузия- бұл кезде ортаның концентрациясы жасуша ішіндегі заттардың концентрациясынан жоғары болады. Заттар өз бетімен мембрана қалыңдығынан өтеді, микроб жасушасының қабықшасының екі жағындағы заттар концентрациясы тепе-теңдікке келеді.
2.Жеңілдетілген диффузия- қоректік заттардың тасымалдаушы- молекулалар, пермеазалардың көмегімен өтуі.
3.Белсенді транспорт-мұнда да пермеазаның көмегі қажет, бірақ энергия бөлінуді қажет ете қоректік заттың концентрациясы ортаның концентрациясынан жоғары болғанда ғана өтуге қабілетті болады.
4.Химиялық топтардың транслокациясы.
Тасымалдаушы заттың механизміне қарағанда бұл белседі транспортқа ұқсас.
Заттардың жасушадан шығуы – пермеазаны көмегімен өтеді.

Қоректік орталар


Микроорганизмдерді жасанды жағдайда өсіріп өңдіру үшін микробиологиялық зерттеу барысында жасанды қоректік орта дайындалады. Қоректік ортаға зерттелетін материалды алғашқы рет егуге микробтың культуральдық қасиетін анықтауға таза дақылды бөліп алуға, биохимиялық қасиетін анықтауға негізделген.


Қоректік ортаның жіктелуі


1.Табиғи қоректік орта- қант, сүт,қан, сарысу картоп, ет, жұмыртқа т.б.


2.Жасанды қоректік орта-медицина өнеркәсібінде химиялық синтез арқылы жасалған құрғақ ұнтақ.
3.Консистенциясына байланысты тығыз, қоймалжын, сұйық болады.Тығыз ортаға 1-2% агар-агар қосады.Қоймалжың ортаға 0,3% агар- агар қосады.
4.Қосындыларына байланысты-қарапайым, күрделі
5.Тағайындалу ерекшелігіне байланысты-арнаулы, элективті, дифференциалды-диагностикалық, универсалды.
6.Консерленген орта (консервант) микроб өнімін сақтауға және тасымалдауға арнаулы орта.

Қоректік ортаға қойылатын талаптар


1.Орта-қоректі, құнарлы болуы тиіс, яғни микроб жасушасының тіршілігіне қажетті барлық зат болу керек (ақуыз, майлар, көмірсулар, дәрүмендер, аминқышқылы, микроэлементтер, минералды тұздар)
2.Қоректік ортада сутегінің иондары тұрақты бекітілген түрде болуы керек.
3.Қоректі ортаның осмостық қысымы микроб жасушасының ішіндегі осмостық қысымға тең болуы керек.
4.Орта-залалсыз болуы тиіс.
5.Ортаға кіретін қосындылар тұрақты болуы қажет.
6.Қоректі орта ылғалды болуы керек.
Орталарды дайындау сатылары

1.Өлшеу
2.Пісіру


3.рН ын анықтау
4.Сүзгіштен өткізу
5.Бөлшектеп құю (Петри табақшасына 10-15 мл, пробиркаларға 3-5 кейде 7-10 мл)
6.Залалсыздандыру –рецепт бойынша жүргізіледі (көмірсулары бар орта автоклавта 0,5 атмосферлық қысымда 112 С, сарысу қосылған орта-ағынды буға 3 ткүн қатар 30 минуттан температурасы 80 С.
7.Тексеру(термостатқа 37 С қа 48 сағатқа қойылады, егер ортада бірде –бір микроб өспесе, ол залалсыз.
8.Шыны флаконға пробиркаларды (ауызы тығындылған қоректік ортларды 4 С 3 апта бойы сақтауға болады. Петри табақшасына құйылған ортаны 4 С температурада 1 аптадай сақтауға болады.
Культуралық қасиетті анықтау

Культуралық қасиет дегеніміз- микробтардың қоректік ортада өсу ерекшелігіне берілетін сипаттама. Бұл қасиет микробтың тұрақты қасиеттеріне жатады. Тығыз қоректік ортадағы микробтың культуралық қасеті пайда болған колониядан анықталады.


Колония дегеніміз бір икроб жасушасынан өсіп өнуден пайда болған дара жатқан микроб жиынтығы. Колонияларға сипаттама:
1.Көлемі
2.пішіні
3.Шеті
4.Түсі
5.Беті
6.Құрылысы
7.Тығыздығы
8.Мөлдірлігі
9.Тігінен кесілген көрінісі

Сұйық қоректік ортадағы микроб өнімінің культуралық қасиеттерінің сипаттамасы, ортаның өзгеруіне тұнбаның түзілуіне бетіндегі жайылманың болуына басқа пайда болған ерекшеліктеріне негізделенеді.


Таза культура бөліп алу әдістері


Таза культура дегеніміз-өнім берген микробтың бір ғана түрі. Тығыз ортадағы дара орын колония таза культура деп есептеледі. Жұмыстың мақсатына байланысты таза культураны бөліп алу әдістері:


1.Микроб өнімін көбейту мақсатымен бөліп алып, егу әдістері
2.Табақшадағы дара орналасқан колониядан агарға егу
3.Табақшадағы дара колонияның сұйық ортаға егу
4.Дара колониядан 2 ші табақшадағы ортаға, секторларға егу
5.Қиғаш агардан қиғаш агарға егу
Егу әдістері
Егу процесі-бактериологиялық зерттеудің ең маңызды сатысы болып саналады. Егудің әртүрлі тәсілдері бар. Ол әдістерді қолдану тәсілі:

-зерттеудің мақсатына


-материалдың түріне
-қоректік ортаның түріне байланысты болады.

Есте сақтайтын жағдайлар:


1.Бөғде микробтың енуіне жол бермеу


2.Шапшаң және ұқыпты жұмыс істеу
3.Егу процесі кезінде алаңдауға, әнгімелесуге болмайды.

Есіңде болсын! Жұқпалы материалмен жұмыс барысында жеке бас гигиенасын орындауға ұмытпау қажет.


Есіңе сақта! Егу процесі аяқталғаннан соң,шыны шпатель-зарарсыздандыратын ерітіндіге салу керек, ал темір шпатель спирт шамына залалсыздандыру қажет.
Егілген табақшаларды белгілеп, бетін төмен қаратып, термостатқа қояды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет