Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы



бет8/8
Дата08.07.2016
өлшемі412.5 Kb.
#185275
1   2   3   4   5   6   7   8

81. Теңiз және өзен флоты

      163. Жүзуші құрамына кіретін, жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      үнемі су айлағы портында (қызметтік жүріп-тұру, қала маңы және қала ішілік қатынастарды қоспағанда) жұмыс істейтін қызметтік-көмекші флот кемелері мен порттық флот кемесінің машина командасы:
      сұйық отынмен жұмыс істейтін кеменің от жағушысы;
      барлық атаудағы машинистер;
      механик (бас, аға), (көмекші);
      барлық атаудағы моторшы.
      Қызметшілер:
      электромеханик (аға), оның көмекшісі;
      164. Жағадағы құрамға кіретін жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:
      жарушы;
      доктарда кемелерді сырлау және қырнаумен айналысатын бояушы;
      трюм моторшысы.

82. Азаматтық авиация

      165. Қозғалыс қарқыны аса жоғары немесе күрделі әуежайлар, аэротораптар аймағында, аэродромдық-диспетчерлiк аудандық, көмекшi орталықтар мен олардың секторларында, жергілікті диспетчер пункттерінде әуе қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асырумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер (диспетчерлер, нұсқаушылар, аға диспетчерлер, ұшуды басқарушылар).


      166. Жылына кемiнде 500 сағат шартты ұшу жағдайындағы (штурман, ұшқыш, нұсқаушы-жолсерiк, жолсерiк, бортрадист, бортоператор, бортинженер) азаматтық әуе кемесі ұшқыштар экипажының мүшелері.

15. Метиз өндірісі

83. Сым және калибрлі металл өндірісі

      167. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      темір купоросын өндірумен айналысатын барлық атаудағы аппаратшы;
      сым созумен айналысатын негізгі өндіріс учаскелерінің бригадирі;
      сым созушы;
      калибрлі металды созумен айналысатын сым созушы;
      абразивті дөңгелектерді сынаушы;
      шыңдап қыздырушы;
      шебер (аға);
      уыттау, термотүзеу және созумен айналысатын кран машинисі (краншы);
      арқан ораумен айналысатын машинист;
      металды жуушы-кептіруші;
      сым мен трос ораушы;
      контактты (нығыздаушы) дәнекерлеу машинасының дәнекерлеушісі;
      ыстық жұмыс және еңбек жағдайлары зиянды учаскелерде жұмыс істейтін слесарь-жөндеуші;
      абразивті дөңгелектерді құрғақ тәсілмен тегістеумен айналысатын тегістеуші.

84. Дәнекерлеуге арналған ауырсылақты және сапалы электродтар
мен флюс өндірісі

      168. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      брикетші;
      сылақтың құрамбөліктерін уатушы;
      шебер (аға);
      сылақ престерінің пресшісі;
      пештегі қыздырушы;
      силикат кесектерін пісіріп балқытушы;
      ыстық жұмыс учаскелерінде істейтін слесарь-жөндеуші;
      электродтарды сұрыптаушы;
      сылақты құрастырушы;
      сылақ және флюс құрамбөліктерін кептіруші;
      электродтарды кептіруші;
      флюсші;
      электродшы;
      ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін электр құрал-жабдықтарын жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын электромонтер.

16. Жеңiл өнеркәсiп

85. Тоқыма өнеркәсiбi

      169. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыста iстейтiн жұмысшылар:


      аппреттеу аппаратшысы;
      каустификация аппаратшысы;
      зерлеу аппаратшысы;
      қосу аппаратшысы (қара анилинді бояулармен жұмыс кезінде);
      қанықтыру аппаратшысы;
      матаны термоөңдеу аппаратшысы;
      хлорлау және станнирлеу аппаратшысы;
      аппрет қайнатушы;
      діңше күреуші;
      жасанды тері жасаумен тікелей айналысатын тоқыма, кенеп бұйымдарын тоқушы;
      химиялық қоспа мен бояу жасаушы;
      матаны булаушы;
      жүн бұйымдарын булаушы;
      қышқылдатушы;
      бояушы;
      бояу дайындау кезінде пайдаланылған ушаттарды, щеткаларды, жәшіктер мен ыдыстарды жуумен айналысатын жуу машинасының машинисі;
      техникалық шұғаны өңдеу өндірісінде істейтін беттестіру жабдықтарының операторы;
      түту жабдығының (агрегат, машина) барлық атаудағы операторы;
      инемен тескіш жабдықтың операторы;
      иірілген жіп пен матаны күйдірумен айналысатын (табиғи жібек жіптен басқа) күйдіру жабдығының операторы;
      жасанды теріні өңдеумен тікелей айналысатын қырқу жабдығының операторы;
      жасанды тері жасаумен тікелей айналысатын түткіш-тоқыма жабдығының операторы;
      ақтаушы;
      пісіруші;
      жасанды теріні өңдеумен тікелей айналысатын түк өңдеуші;
      Жылтыратушы;
      ақтау жабдығына, жетілдіру-булау, бояу, бояу пісіру жабдығына, карбондау және техникалық шұғаны өңдеу өндірісіне қызмет көрсетумен және баптаумен айналысатын шебердің көмекшісі;
      техникалық шұға жуушы;
      желімделген тоқылмаған материалдар өндірісінде істейтін жұмысшы;
      біліктерді хромдау және мыстаумен айналысатын жұмысшы;
      қалдықтарды өңдеуші;
      талшықтарды араластырушы;
      шұға түсіруші;
      баспа машинаның кептіргішінде істейтін кептіруші (толтырушы);
      техникалық шұғаны өңдеу өндірісінде және камералық кептіргіштерде жұмыс істейтін кептіруші;
      білік өрнектеуші;
      дымқыл тауар мен жіпті қолмен салып-іріктеуші;
      шұлық-ұйық және қолғап бұйымдарын қалыптаумен айналысатын тоқыма бұйымдарын қалыптаушы;
      тарау аппараттарын тазалап ұштаушы.

86. Мақта мата және мақта өндiрiсi

      170. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      мамық пен қалдықтарды күреуші;
      барабандарды сүзгілеуші (қолмен);
      қопсыту-түту агрегаттарында және киім мақтасын шығару кезінде иісті газбен иіріп шикізат қоспасын жасауда, мақта фабрикаларында істейтін жұмысшы.

87. Зығыр және кендір жіп өндірісі

      171. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      қалдықтарды күреуші;
      қанықтыру жабдығының операторы;
      талшық өңдеуші (зығыр өндірісі);
      түту жабдығы мен зығыр-түткіш машиналарына қызмет көрсетумен және дымқыл түтумен айналысатын шебердің көмекшісі;
      қалдықтарды престеуші;
      талшық дайындаушы;
      қанықтыру құрамын дайындаушы;
      дымқыл иірумен айналысатын иіруші;
      түту жабдығы мен зығыр-түткіш машиналарда істейтін жұмысшы;
      дымқыл қалдықтарды жинаушы;
      дымқыл иірумен айналысатын сызбалаушы.

88. Жүн өндірісі

      172. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      карбонизаторшы;
      қалдық пен жуылмаған жүнді түтумен айналысатын қопсыту-түту машинасының операторы.

89. Жібек және жібек орау өндірісі

      173. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      қалдықтарды пісіруге арналған химиялық құрамды қайнатушы;
      жібек құртын булаушы;
      жібек құртын ораушы;
      дөңгелек түткіш машина операторы;
      жібек құрты қалдығын пісіруші;
      жібек құрты қалдығын жаныштаумен айналысатын жаныштаушы;
      шикізатты жуушы;
      жібек құрты қалдықтарын өңдеуші;
      шикізатты өңдеуші;
      жібек құрты мен оның қалдықтарын кесумен айналысатын материалдар мен бұйымдарды кесуші;
      қалдықтарды кептіруші;
      жібек құрты қалдықтарын ылғалдандырумен айналысатын шикізат ылғалдандырушы.

90. Жуылмаған және зауыттық жүн, қыл және түкті алғашқы өңдеу

      174. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      сулы-химиялық өңдеу аппаратшысы;
      сепарациялау және флотация аппаратшысы;
      тері-үлбір шикізатын консервілеуші;
      түту және араластыру машиналарының машинисі;
      шелдеуші;
      жуылмаған жүнді жуумен айналысатын жүн жуушы;
      қыл мен түк жуушы;
      жуылмаған жүнмен жұмыс істейтін төсеуші;
      теріні түк сыпырушы қоспамен өңдеуші;
      қопсыту-түту машиналарының операторы;
      дайын өнім мен қалдықтарды престеуші;
      қалдықтарды ұсақтаушы;
      дымқыл қалдықтарды жинаушы;
      жуылмаған қыл мен түктерді түрлері бойынша алғашқы сұрыптаумен айналысатын жартылай дайын өнім мен материалдарды, бұйымдарды сұрыптаушы;
      жуылмаған жүнді сұрыптаушы.

91. Былғары мен үлбір өндірісі, былғары-үлбір шикізатын алғашқы
өңдеу

      175. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      сулы-химиялық өңдеу аппаратшысы;
      еріту аппаратшысы;
      илеу (былғары және тері шикізат өндірісі) аппаратшысы;
      илеу (үлбір өндірісі) аппаратшысы;
      күлдеу аппаратшысы;
      былғары жартылай дайын өнімдері мен үлбір терілерді жұмсарту аппаратшысы;
      майсыздандыру аппаратшысы;
      күлсіздендіру және жұмсарту аппаратшысы;
      дөңгелету аппаратшысы;
      илеу сығындысын дайындау аппаратшысы;
      лак дайындау аппаратшысы;
      шелдеу желімін дайындау аппаратшысы;
      шелдеу, жүн, қыл мен түкті жуу аппаратшысы;
      аппретуршы;
      тон қиқымдарын пісіруші;
      былғары-үлбір шикізаты мен тұз-теріні төсеуші;
      терінің майын салушы;
      былғары-үлбір шикізаты мен материалдарын (былғары және қой терісі мен жүні шикізаты) өлшеуші;
      терлік пен техникалық теріні қыздырушы;
      түстерді үйлестіруші;
      былғары-үлбір шикізатын консервілеуші;
      шикізаттық-бояу шикізатты дайындау және алғашқы өңдеу цехтарында (учаскелерінде), шикізат, бояу, формалин цехтарында (учаскелерінде) істейтін өндірісіндегі үлбір шикізаты мен жартылай дайын өнімді бақылаушы;
      суландыру-күлдеу, илеу-бояу-майсыздандыру цехтарында (учаскелерінде) істейтін шикізат пен жартылай дайын өнімдерді бақылаушы;
      тері бояушы;
      қой терісі мен жүнді бояушы;
      теріні лактаушы;
      суландыру-күлдеу, шикізаттық, шикізатты дайындау және алғашқы өңдеу, илеу-бояу-майсыздандыру және формалин цехтарында (учаскелерінде) істейтін өндірістік учаске шебері;
      екіге ажыратушы машинаның машинисі;
      суландыру-күлдеу, илеу-бояу-майсыздандыру цехтарында (учаскелерінде) істейтін кран машинисі (краншы);
      сығу жабдығының машинисі (былғары өндірісі және былғары-үлбір шикізатын алғашқы өңдеу);
      жуу машинасының машинисі;
      безендіру машинасының машинисі;
      шелдеуші;
      шел мен түкті жуушы;
      былғары-үлбір шикізатын өңдеуші;
      үлбір терілерін өңдеуші;
      теріні түк сыпырғыш қоспамен өңдеуші;
      суландыру-күлдеу, илеу-бояу-майсыздандыру цехтарында (учаскелерінде) дымқыл жартылай дайын өнімді қолмен кесумен айналысатын материал кесуші;
      шикізатты қатарлаушы;
      үйіту жабдығының операторы;
      былғары өндірісінде істейтін тазалау құрылысының операторы;
      теріні бөлу, урзольді және анилинді боялған үлбірді өңдеу және үлбірлі теріге люстрлеу ерітіндісін жағумен айналысатын үлбірлі теріні өңдеуші;
      сығушы;
      суландыру-күлдеу, илеу-бояу және майсыздандыру цехтарында (учаскелерінде), былғары-үлбір шикізатын дайындау және алғаш өңдеу цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімді, химиялық материалды және өндіріс қалдықтарын тасушы;
      шикізаттық, илеу-бояу және формалин цехтарда (учаскелерде), былғары-үлбір шикізатын дайындау және алғаш өңдеу цехтарында шикізатты, жартылай дайын өнімді, химиялық материалды және өндіріс қалдықтарын тасушы;
      үлбірлі тері мен бұйымдардың пішімін жөндеуші;
      теріні престеуші;
      былғары-үлбір шикізатын қабылдау және тапсырумен айналысатын материалдарды, жартылай дайын өніммен дайын бұйымдарды қабылдаушы;
      аяқ киім өндірісінде үлбірді формалин және уротропинмен, сондай-ақ резеңкені күкірт қышқылымен өңдеумен айналысатын жұмысшы;
      теріні безендіруші;
      былғары (қой терісінен) шикізатын пішуші;
      шикізатты (қой терісінен) орамын ашушы;
      тері мен қой терісін жақтауға керуші;
      үлбірлі теріні (урзольмен және анилинмен боялған және боялмаған үлбірлі теріні) тараушы;
      суландыру-күлдеу, шикізаттық, шикізатты дайындау және алғашқы өңдеу, илеу-бояу-майсыздандыру және формалин цехтарында (учаскелерінде) және былғары-үлбір шикізатын алғашқы өңдеу цехтарында (учаскелерінде) істейтін слесарь-жөндеуші, оның ішінде кезекші;
      былғары шикізатын сұрыптаушы;
      аппретура, эмульсия және лактарды құрастырушы;
      химиялық ерітінділерді құрастырушы;
      былғары-үлбір шикізатын және жартылай дайын өнімді сүргілеуші;
      қолмен ілетін камералық кептіргіштерде тері, үлбір, жүн және түкті кептірумен айналысатын шикізат, жартылай дайын өнім мен бұйымдарды кептіруші;
      теріні люстрлеуден және оны формалин мен уротропинмен өңдеуден кейінгі өңдеумен айналысатын үлбірлі теріні термиялық өңдеуші;
      суландыру-күлдеу, шикізаттық, шикізатты дайындау және алғашқы өңдеу, илеу-бояу-майсыздандыру және формалин цехтарында (учаскелерінде) және былғары-үлдір шикізатын алғашқы өңдеу цехтарында (учаскелерінде) шикізат, жартылай дайын өнім, химиялық материалдар мен өндіріс қалдықтарын тасымалдаумен айналысатын тасымалдаушы;
      суландыру-күлдеу, шикізаттық, шикізатты дайындау және алғашқы өңдеу, илеу-бояу-майсыздандыру және формалин цехтарындағы (учаскелеріндегі) өндірістік орын жайларды тазалаумен айналысатын тазалаушы;
      былғары-үлбір шикізатын салумен айналысатын салып-ораушы;
      шикі терінің бетін тазалаушы;
      үлбірлі теріні бензинмен тазалаушы;
      чан, баркас, барабан, тұндырғыш және кәрізді (құрылысты тазалауды қоса алғанда) тазалаумен айналысатын тазалаушы;
      теріні тегістеумен айналысатын бұйымдарды, жартылай дайын өнімдерді және материалдарды тегістеуші;
      үлбірлі теріні эпилирлеуші.

92. Синтетикалық малма өндірісі

      176. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      қатты өнім алу үшін булау аппаратының аппаратшысы;
      аппаратшы-конденсаторшы;
      аппаратшы-бейтараптандырушы;
      аппаратшы-сульфирлеуші;
      аппаратшы-сульфиттеуші;
      аппаратқа химиялық шикізатты тиеуші;
      қышқылдатушы;
      шебер;
      нафталин мен фенолды балқытушы;
      тасымалдаушы;
      булау аппараттарын тазалаушы.

93. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі салаларына арналған химиялық
өнім және одан жасалған бұйымдар өндірісі

      177. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      мөлшерлеу аппаратшысы;
      күйдіру аппаратшысы;
      полимеризациялау аппаратшысы;
      араластыру аппаратшысы;
      кептіру аппаратшысы;
      нитробояу және органикалық ерітінділермен жұмыс істейтін бояуларды үйлестіруші;
      бояу езуші;
      желімденген тоқылмаған материалдар өндірісінде істейтін қызметкер;
      химиялық қорғану өндірісінде істейтін қызметкер;
      аяқ киім өндірісінде желім мен резеңке қоспаларын өндірумен айналысатын қызметкер;
      ыстық вулканизация және пластмасса құю әдісімен аяқ киім құрастыру және құрастырушы бөлшектерді жасаумен айналысатын аяқ киім құрастырушысы;
      аппретура, эмульсия және лактарды құрастырушы;
      химиялық ерітіндіні құрастырушы.

94. Байпақ-киіз басу өндірісі

      178. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      қолмен алып-салумен айналысатын булау аппаратшысы;
      киіз басушы;
      ыстық киіздеу машиналарында алдын ала тығыздаумен айналысатын байпақ-киіз бұйымдарының негізін жасаушы;
      карбонизаторшы;
      қышқылдаушы;
      бояушы;
      аяқ киім саптаушы;
      қолмен киіз булаумен айналысатын жуу жабдығының операторы;
      жуылмаған жүнді түтумен айналысатын қопсыту-түту машиналарының операторы;
      түктерді алумен айналысатын байпақ-киіз бұйымдарын өңдеуші;
      теріні басытқылаушы;
      киіз аяқ киімнің табанын вулкандаумен айналысатын жұмысшы: резеңке қоспаларды қақтаушы; резеңке және полимерлі бөлшектер мен бұйымдарды желімдеуші; пресші-вулканизаторшы;
      жазбалау, көп білікті және ыстық киіздеу машинасында істейтін жұмысшы;
      қол жұмыстарында істейтін киіз бұйымдарын жазбалаушы;
      тарту машиналарын жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын слесарь-жөндеуші;
      талшықтарды араластырушы;
      механизацияланбаған камералар мен отпен кептіргіштерде кептірумен айналысатын кептіруші;
      аяқ киімді қалыптан алушы;
      түту аппаратын тазалап-ұштаушы.

95. Қайталама тоқыма шикізатын алғашқы қайта өңдеу

      179. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн жұмысшылар:


      қопсыту-түту машинасының операторы;
      дайын өнімдер мен қалдықтарды престеуші;
      шикізатты өңдеуші;
      қайталама тоқыма шикізатын сұрыптаумен айналысатын шикізатты, материалдар мен бұйымдарды сұрыптаушы.

17. Жалпы кәсіптер

      180. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:


      аккумуляторшы;
      әктi сумен сөндіру аппаратшысы;
      химиялық реагенттерді дайындау аппаратшысы;
      химия су-тазалау электр станцияларының аппаратшысы;
      құрамында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар бар құраммен бөлшектер және бұйымдарды қанықтырумен айналысатын бакелитші (қанықтырушы);
      жұмсақ бактарды жасау және жөндеумен және шина жөндеу кәсіпорындарында істейтін резеңке қоспасын қақтаушы;
      суасты жұмыстарында істейтiн сүңгуiр және өзге де жұмысшы кәсiптерi;
      вулканизаторшы;
      ацетилен станцияларында жұмыс iстейтiн газгенераторшы;
      кемелер резервуарлары, бактары, цистерналары мен отсектерiнiң iшiнде жұмыс iстейтiн газбен кесушi;
      кемелер резервуарларының, бактарының, цистерналары мен отсектерiнiң iшiнде жұмыс iстейтiн газбен дәнекерлеуші;
      әк сөндіруші;
      ацетилен қондырғысының генераторшысы;
      гидроқұмқұюшы;
      ультрадыбыспен бақылау жөніндегі дефектоскопист;
      қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттарды қолданып жұмыс iстейтiн компаундтарды толтырушы;
      оқшаулаушы;
      каогулянтшы;
      барлық атаудағы кессоншы;
      өндірістегі технологиялық пештiң от жағушы;
      балғалар мен престердегі ұста;
      құрамында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар бар лактармен жұмыс істейтін электр оқшаулағыш бұйымдар мен материалдарды лактаушы;
      пластмасса құюшы;
      ыстық тәсілмен қалайылаушы;
      қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар қолданылатын жұмыстардағы сыршы;
      қосалқы станциялардың май толтырылған жабдықтарын жөндеу жөніндегі шебер (аға);
      қазандық машинисі (от жағушы);
      жағадағы сорғы станциясының машинисі;
      қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттармен жұмыс iстейтiн компрессорлық қондырғы машинисi;
      қазан машинисі;
      жуу машиналарының машинисі;
      қабатқа жұмыс агенттерін жеткізу жөніндегі сорғы станциясының машинисі;
      бу турбиналарының машинисі;
      газ компрессорларына қызмет көрсетумен айналысатын технологиялық компрессордың машинисi (әуеден басқа);
      топырақты тоңазыту жөніндегі тоңазытқыш қондырғы машинисi;
      аммиак-тозаңдатқыш қондырғыларға қызмет көрсететiн тоңазытқыш қондырғының машинисi;
      қазандарды басқаратын орталық жылу қалқанының машинисі;
      турбиналарды басқаратын орталық жылу қалқанының машинисі;
      энергоблок машинисі;
      күл жою жөніндегі машинист-аралаушы;
      қазандық жабдықтары жөніндегі машинист-аралаушы;
      турбина жабдықтары жөніндегі машинист-аралаушы;
      мысшы;
      металлизатор;
      жуушы;
      автоматтандырылған отын беру моторшысы;
      жұмсақ бактар жасайтын және шина жөндеу кәсiпорындарында жұмыс iстейтiн бөлшектердi майлаушы;
      баллондарды толтырушы;
      әк күйдіруші;
      гидрокүлжою және күлүйінді трассаларды аралаушы;
      алмасты гауһар етіп қырлаушы;
      эмальдi күйдiрумен айналысатын конвейер пешiнiң операторы;
      тұндырғыштардағы оператор;
      құмбүріккішпен тазалау қондырғысының операторы;
      хлоратор қондырғысының операторы;
      қорғасындаушы;
      қорғасын құрамды, сондай-ақ бұйымдар құрамында қауiптiлiгi 1-2-сыныпты зиянды заттар немесе канцерегондер бар дәнекермен ыстық тәсiлмен дәнекерлеумен және қалайылаумен айналысатын дәнекерлеушi мен қалайылаушы;
      винипласт дәнекерлеушi;
      қорғасынды (қорғасын дәнекерлеуші) дәнекерлеуші;
      пластмасса бұйымдарын престеушi;
      престеушi-вулканизаторшы;
      қауіптілігі 3-сыныптағы заттардан төмен емес зиянды заттарды қолдана отырып жұмыс істейтін ағаш үгіндісі материалдары мен ағаштан жасалған бұйымдарды қанықтырушы;
      қазантурбина цехының қызметкері;
      құрамында сынап (тiкелей металл сынабымен жұмыс iстейтін) бар құралдар мен бұйымдар өндiрiсiнде және ашық металл сынаппен жұмыс iстеу кезiнде құралдар мен аппараттарды жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкер;
      резервуарлар, бактар, цистерналар, кеме танктерi бөлмелерiнiң iшiн мұнай өнiмдерi мен химиялық заттардан тазалаумен айналысатын қызметкер;
      құрамында 5 %-дан және одан жоғары бос екі тотықты кремний бар тақтатастар және көмірді қатарлауды басу, қалыптастыру, тиеу, түсіру жұмыстарымен тікелей айналысатын қызметкер;
      қауіптілігі 1-2-топтағы микроорганизмдермен тiкелей жұмыстарды орындайтын қызметкер;
      оларға қарсы профилактика және емдеуде тиімді құрал әзірленбеген, 1-топтағы микроорганизмдермен тiкелей жұмыс iстейтiн қызметкер;
      жол жағдайларында бронетанк техникасының жылжуын сынақтан өткізумен тікелей айналысатын қызметкер;
      ыстық шаңнан жабдықты тазалау және жинау, жіберу, тиеу, тасымалдаумен айналысатын шаң ұстайтын қондырғылардағы жұмысшы;
      қорғасынды материалдары бар қыш декол өндірісінде тікелей жұмыс істейтін жұмысшы мен шебер;
      бұл жұмысты орындау сәулеленуден қорғайтын жеке қорғану құралдарын қолдануды міндетті түрде талап ететін, сәулеленудің ультрақысқа, ультражоғарыжиілік, аса жоғарыжиілік көздерімен тұрақты жұмыс істейтін жұмысшы мен қызметшілер;
      мұнай өнімдері мен химиялық заттардан кеме резервуарлары, бактары, цистерналары, отсектерi мен танктерiнің ішін тазалаумен айналысатын жұмысшы;
      кремний органикалық қосындылар өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн учаске жұмысшысы, шебер (аға);
      ракеталар мен ғарыш нысандарына жылы оқшаулағыш жапқыштарды (қоспалар, қанықтырғыштар, қалыптар мен престегіш бұйымдар жасауда) дайындау және жағумен тікелей айналысатын жұмысшы;
      асбоцемент пен асбоселиттен жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен тұрақты айналысатын жұмысшы;
      шыны талшық және шыны пластиктен жасалған бұйымдарды механикалық өңдеумен тұрақты айналысатын жұмысшы;
      пайдаланылған майды регенераторлаушы;
      вулкандаумен айналысатын резеңке бұйымдарын жөндеуші;
      жинаушы-тойтарушы (тойтарушы);
      целлулоидті көзілдірікті желімдеуші-бояушы;
      жер асты кәріз желілерінде тұрақты жұмыс істейтін авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесарі және шебер;
      қауіптілігі 3-сыныптан кем емес зиянды заттарды төгу, бөліп құюмен айналысатын ағызушы-бөліп құюшы;
      қазандық жабдықтарының аға машинисі;
      турбина жабдықтарының аға машинисі;
      ілмектеуші;
      термист;
      қауіптілігі 1-2-сыныпты зиянды заттар немесе канцерогендер бар ерітінділерде металды өңдеумен айналысатын өрнектеуші;
      металды, құйма бұйымдарды және бөлшектердi құрғақ кварцты құммен тазартушы;
      құрамында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар бар флюстерді қолдана отырып, жартылай автоматты машиналарда, сондай-ақ автоматты машиналарда кесу және қолмен пісірумен айналысатын электргазымен дәнекерлеуші;
      қорғасындалған кәбілдер мен полиэтиленді және полихлорфинилді қаптамамен қапталған кәбілдерді дәнекерлеу жұмыстарымен тұрақты айналысатын кәбілді желілер электромонтажшысы;
      қорғасындалған кәбілдер мен полиэтиленді және полихлорфинилді қаптамамен қапталған кәбілдерді дәнекерлеу жұмыстарымен тұрақты айналысатын кәбілді желілерді жөндеу және монтаждау электромонтері;
      құрамында қауіптілігі 3-сыныптан төмен емес зиянды заттар бар флюстерді қолдана отырып, жартылай автоматты машиналарда, сондай-ақ автоматты машиналарда көмір қышқыл газды ортада пісірумен айналысатын автоматты және жартылай автоматты машиналардағы электр дәнекерлеуші;
      резервуарлар, бактар, цистерналар мен кеме бөліктері ішінде жартылай автоматикалық машиналардағы автоматты, жартылай автоматты машиналардағы электр дәнекерлеуші;
      қолмен пісіретін электр дәнекерлеуші;
      электростанциялардағы электр жабдықтарды (кіші станциядағы май толтырылған жабдықтарды) жөндеу электрослесарі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет