Министерство образования и науки республики казахстан


тарау. Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысын ұйымдастыру



бет8/21
Дата13.10.2022
өлшемі457 Kb.
#462630
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
ӘН 104-2020 Курсттық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар

7 тарау. Мемлекеттік аттестациялық комиссия жұмысын ұйымдастыру
73. Барлық оқу нысанындағы әр мамандық бойынша білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізу үшін мемлекеттік аттестация комиссиясы (әрі қарай МАК) құрылады.
74. Институт директоры МАК төрағасы үміткеріне ұсыныс хат дайындайды, ал университет ректоры ағымдағы жылдың 10 қазанына дейін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ жұмыс істемейтін және бітіруші мамандардың профиліне сәйкес тәжірибе өтілі бар мұғалімдер мен өндірістің тәжірибелі мамандары, оқытушылар, ғалымдар, доценттер, профессорлар қатарынан МАК төрағасы үміткерін өкілетті органға ұсынады.
75. МАК мүшелері құрамына кіреді (төрт адамнан кем емес): институт директоры немесе түлектерді даярлайтын кафедра меңгерушісі. Басқа МАК мүшелері бітіруші мамандардың профиліне сәйкес мамандар, профессорлар, доценттер, жоғары білікті мамандар санынан құралады.
Оқуды бітіруші студенттер саны көп болса, бір мамандық бойынша бірнеше МАК ұйымдастырылады.
Оқуды бітіруші студенттердің саны аз болса, туыстас мамандықтар бойынша біріккен мемлекеттік аттестация комиссиясы ұйымдастырылады.
76. МАК құрамы әр жыл сайын 31 желтоқсанға дейін Басқарма Төрағасының Ректорының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы жұмыс жасайды.
77. Білім алушыларды қорытынды аттестацияға жіберу қорытынды аттестацияның басталғанына дейін екі апта бұрын студенттердің тізімі бойынша институт директорының өкімімен рәсімделіп, тіркеу бөлімімен келісіледі және МАК-сымен ұсынылады.
78. МАК жұмыс кестесін тіркеу бөлімі(кеңсе) құрастырады.
79. МАК жұмыс кестесін, МАК жұмысы басталар дан екі апта бұрын шешіліп, Басқарма Төрағасының Ректорымен бекітіледі.
80. МАК-ға студенттердің аттестация қорытындысы болмас бұрын келесі құжаттар ұсынылады:
1) мемлекеттік емтихан тапсыруға және диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберілгендерді тіркеу бөлімінің келісімімен декан өкімі түрінде білім алушылардың тізімі;
2) тіркеу бөлімінің келісімімен факультет бойынша білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалғаны, барлық пән бойынша бағаның алынғаны, оның көлемі, курстық жобаның (жұмыстың) және тәжірбие түрлерінің тапсырылғандығы туралы деканның анықтамасы;
3) қорғауға жіберілуге кафедра меңгерушінің қолымен диплом жұмысының және дипломдық жобаның бір данасы;
4) диплом жұмысының және дипломдық жобаның «қорғауға жіберілуі» не «қорғауға жіберілмегендігі» туралы қорытынды дәлелі көрсетілетін ғылыми жетекшінің пікірі;
5) диплом жұмысына берілетін пікір жан-жақты сипаттауын, қорғауға ұсынылған жұмыстың және жобаның көрсетілген дәлелді қорытындысы және сол бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйесімен білімін бағалау және «бакалавр» академиялық дәрежесін алуға немесе мамандық бойынша квалификация беруге мүмкіндік көрсетеді.
Пікір мен рецензия дипломдық жұмысқа және дипломдық жобаға салынады.
81. МАК-ға басқа да материалдар ұсынылу мүмкін, ғылыми және практикалық жағынан орындалған жұмыстың құндылығын сипаттайтын ресми емес пікірлер, жобаның және жұмыстың бейіндігі бойынша практикалық қызмет жасайтың мекемелерден жазбаша қорытындылар, анықтамалар немесе ғылыми зерттеу жұмыстың нәтижесін енгізу актілері, макеттер, бұйымдардың, материалдардын, ауыл шаруашылық өнімдерінің үлгілері, минералдардың коллекциялары, гербарийлер және сол сияқты басқалар.
82. Студент жұмысты немесе жобаны бейіндігіне сәйкес бір рецензенттің пікірі және ғылыми жетекшінің оң пікірі болған жағдайда дипломдық жұмысты немесе жобаны қорғай алады.
Егер ғылыми жетекші теріс пікір берілсе, "қорғауға жіберілмейді" деген, студент дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны қорғай алмайды.
Рецензенттің оң немесе теріс пікір корытындысында студент дипломдық жұмысты немесе жобаны қорғауға рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет