1 тарау.Қолданылу саласы
1.Осы «Дипломдық және курстық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауға, рәсімдеуге және қорғауға қойылатын талаптар» әдістемелік нұсқауы (бұдан әрі әдістемелік нұсқау) курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар құрылымының талаптарын және құрылымдық бөлімшелерінің мазмұнын, қорғау және рәсімдеу тәртібін, сонымен қатар, «Антиплагиат» жүйесі негізінде жұмыстын орындалу дербестігін қамтамасыз ету тәртібін айқындауды талап етеді.
Осы әдістемелік нұсқау білім алушылар орындайтын барлық ғылыми жұмыстарға таратылады. Аталмыш құжат университеттің нормативтік-анықтамалық құжаттама құрамына кіреді, орындалу үшін міндетті болып табылады, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КАҚ (бұдан әрі А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ немесе университет) барлық құрылымдық бөлімшелерінде іске асырылады.
2 тарау. Нормативтік сілтемелер
2.Әдістемелік нұсқау келесі құжаттарға сәйкес құрастырылған:
1) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірілігінің 2018 жылғы 31 қазанда № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік білім беру стандарты;
3) «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі;
5) ҚП ДП 003-2020. Құжатталған процедура. Құжаттаманы басқару;
6) ҰС 004-2020.Ұйымдастыру стандарты. Іс құжатын жүргізу.
3 тарау. Белгілеулер мен қысқартулар
3. Бұл әдістемелік нұсқауда келесі қысқартулар қолданылады:
1) А.Байтұрсынов атындағы КАҚ «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті»;
2) ҚР – Қазақстан Республикасы;
3) МС – Мемлекеттік стандарты;
4) МЖББС– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
5) ҚР БжҒМ – Қазастан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
6) МАК – Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы;
7) ҚАБ – Қорғау алдындағы баға;
8) ЖП – Жетекшінің пікірі;
9) ПҚБ – Плагиатқа қарсы баға;
10) ҚҚБ – Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.
4 тарау. Жалпы ережелер
4. Курстық, дипломдық жұмыстар мен дипломдық жобалар - оқу қызметінің маңызды түрі және мамандық профилі немесе пән бағдарламасы бойынша университет студенттерінің өз еркімен таңдап алған және оған жетекшісі ұсынған ғылыми зерттеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |