рецепторлық потенциалды тудырады, әрі қарай ол әрекет потенциалына (ӘП)
айналып таралады.
Дәм талдағышының өткізгіш бөлімі дәм
баданасынан шығатын сезгіш
жүйке талшықтарынан басталады, афференттік серпіністер тіл,
жұтқыншақ
және кезеген (n.vagus) жүйкесінің құрамында cопақша мидың жалқы
будасына (ІІ нейрон) келеді. ІІ нейронның аксоны медиалды ілмектің
құрамында
таламусқа жетеді, онда ІІІ нейрон орналасады, оның аксондары
сепіністерді ми қыртысына жеткізеді (ІVнейрон).
Дәм талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының денесезу
(соматосенсорлық) аймағында, артқы орталық
қатпардың төменгі бөлігінде
орналасады. Бұл аймақтың көптеген нейрондары көп сезімді (полисенсорлы),
яғни олар дәмді сезуден басқа механикалық, температуралық және
ноцицептивтік әсерлерге де жауап қайтарады.
16.8. Иіс талдағышы.
Иіс сезу жүйесі ауалы ортадағы иісті заттардың
бар екендігін анықтауға
мүмкіндік береді. Оның қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде
орналасқан. Адамдарда иіс сезгіштердің жалпы саны 10-20 млн-ға жетеді.
Иістердің жіктелуі. Қазіргі кездегі парфюмерлердің айтуы бойынша 7
топ негізгі иістер ажыратылады: 1) камфора иісі; 2) жұпар иісі; 3) гүл иісі; 4)
жалбызды; 5) эфирлі; 6) ащы (күйдіргіш); 7) сасық (шіріткіш) иіс. Қазіргі
уақытта алуан түрлі иістерді сезу үшін
арнайы бейімделген
қабылдағыштардың да саны өте көп екендігіне ешқандай күман жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: