Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Әрекет потенциалы (ӘП) пайда болуының физико-химиялық



Pdf көрінісі
бет18/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   117
Қалыпты физиология

3.2. Әрекет потенциалы (ӘП) пайда болуының физико-химиялық 
механизмдері. 
Егер жүйке немесе бұлшықет тіндеріне табалдырықты тітіркендірумен 
әсер етсе, мембраналық (тыныштық) потенциал ығысып, оның шамасы тез 
азайады, бірнеше миллисекундта жасуша мембранасының зарядтары 
алмасады (сырты – теріс, іші – оң ). Жасушаның қозуы кезіндегі МП-дың 
осындай қысқа мерзімді өзгерісі – әрекет потенциалы (ӘП) деп аталады. 
Табалдырықты немесе табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштің әсерінен 
жасуша мембранасының өткізгіштігі иондар үшін әртүрлі дәрежеде өзгереді. 
Мысалы, Na
+
иондары үшін 400-500 рет жоғарылайды, градиенті тез өседі, K
+
иондары үшін 10-15 рет қана, ал оның градиенті баяу дамиды. Осының 
нәтижесінде, Na
+
иондары жасуша ішіне кіреді де, K

иондары сыртқа 
шығады, жасуша мембранасы бетінің зарядтары алмасады. Мембрананың 
сыртқы беті теріс, ішкі беті оң зарядталады.


Сонымен, белгілі бір тіндерге табалдырықты тітіркендіру күшімен әсер 
еткенде, жасуша мембранасының (сыртқы және ішкі беттеріне қарай) 
иондарға (Na+, K+, Ca
2+
, CI
-
және т.б.) өткізгіштігі өзгеру нәтижесінде пайда 
болатын және сөнбей таралатын қозуды – әрекет потенциалы деп атайды. 
ӘП ролі: жүйке жасушулары арасында, жүйке орталықтарында және 
жүмысшы мүшелер арасында жүйкелік сигналдарды беруді (өткізуді) 
қамтамасыз ету; бұлшыұқеттердегі электромеханикалық ілескен удерісті 
қамтамасыз ету. ӘП пішіні - суретте көрсетілген.
ӘП –ның параметрлері әр түрлі болады: -80 -130 мВ; жүйке 
талшығындағы ӘП ұзақтығы 1 – 2 мс, қаңқа еті талшықтарында -10 мс дейін, 
ал жүрек етінде – шамамен 300 мс болады. ӘП-ның амплитудасы 
тітіркендіру күшіне тәулсіз, ол әрдайым белгілі жасуша үшін нақты бір 
жағдайда ең жоғары (максималды) деңгейде болады: ӘП «түгел және түк 
емес» заңына тәуелді, ал күш заңына тәуелсіз болады. Егер тітіркендіру күші 
аз болса, ӘП-ы пайда болмайды, ал тітіркендіру күші табалдырықты немесе 
одан жоғары болғанда, ӘП-ы жоғары (максималды) шамаға жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет