7.1. ОЖЖ-нің қызметінің негізгі принциптері. Құрылысы, қызметі, зерттеу әдістері Дәрістің жоспары:
7.1. ОЖЖ-нің қызметінің негізгі принциптері.
7.2. Нейрон. Құрылыс әрекшеліктері, маңызы, түрлері.
7.3. Рефлекстік доға, оның құрамбөліктері, түрлері мен қызметтері.
7.4. Организмнің әрекеттік жүйелері.
7.5. Орталық жүйке жүйесінің үйлестіру (координациялау) қызметтері.
7.6. Тежелу түрлері, ОЖЖ-дегі қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі.
7.7. Орталық жүйке жүйесін (ОЖЖ) зерттеу әдістері.
Организмнің ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын
сақтауға бағытталған физиологиялық әрекеттерді реттеу мен басқару
үдерістері – ОЖЖ-і қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып саналады.
ОЖЖ-і организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын қолайлы етіп, оның
тұтастығын, тұрақтылығын, тіршілік деңгейінің жоғары болуын да
қамтамасыз етеді.
Реттеудің негізгі екі түрі ажыратылады: гуморалдық және жүйкелік.
Гуморалдық басқару үдерісі - организмнің сұйық ортасында болатын
және оның физиологиялық белсенділігін өзгеріске келтіретін химиялық
заттар әсері қарастырылады. Ақпаратты беру көзі химиялық заттар –
утилизондар, зат алмасу өнімдері (көмірқышқыл газы, глюкоза, май
қышқылдары), информондар, ішкі сөлініс бездерінің гормондары, жергілікті
немесе тіндік гормондар.
Жүйкелік үдеріспен басқару - физиологиялық әрекеттердің өзгерістері
жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай
ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.
Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:
1) эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;
2) жедел реттеуді қамтамасыз етеді;
3) әсер ететін нақты (дәл) орны бар;
4) реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;
5) ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.
Организмде жүйкелік және гуморалдық механизмдер нейрогуморалдық
басқарудың біртұтас жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Бұл реттеудің
біріктірілген түрі, мұнда бір мезгілде бір-бірімен тығыз байланыстағы және
бірін-бірі қолдайтын басқарудың екі механизмі пайдаланылады.
Жүйке жүйесі нейрондар немесе жүйке жасушаларының қауымдастығы.
Орналасымы бойынша ажыратылады:
1) орталық бөлімі – бас миы мен жұлын;
2) шеткергі (перифериялық) – бас миы мен жұлынның жүйкелік
жасушаларының өсінділері.
Әрекеттік ерекшеліктіері бойынша ажыратылады:
1) денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;
2) вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар,
бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді;