Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет88/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117
Қалыпты физиология

Май (липидтер) алмасуы. Май және май тәрізді қосындылар липидтер 
негізінде бұл бейтарап майлар (үшглицеридтер), фосфолипидтер, холестерин, 
май қышқылдары. Майлар май қышқылы мен глицериннен синтезделеді
кейде амин қышқылдары мен моносахаридтерден де жасалады. 
Май 
әртүрлі қызметтер атқарады: пластикалық, энергетикалық, 
қорғаныштық және қор ретінде. 
1. Пластикалық қызметі – май жасуша протоплазмасының ядросы мен 
мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы), кейбір биологиялық 
белсенді заттардың синтезделуіне қатысады, мысалы,оған гормондар
простагландин, А, D, E витаминдері, тромбопластин және миелин жатады. 
2. Энергетикалық ролі – адам (жануар) ағзасы үшін май негізгі энергия көзі. 
Ересек адамда тәулігіне 60-100 г май (тоң май, сары май мен өсімдік майы) 
керек. 1 г май тотыққанда, 9,3 ккал (38,39 кДж) жылу бөлінеді, сондықтан да 
май көбінесе энергия ретінде жұмсалады. 
3. Қорғаныштық қызметі – дененің кейбір жерлеріне жиналған май бірқатар 
ағзаларды (бүйрек, құрсақтың ішкі беті, тері астындағы май, т.б.) ұрылу-
соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу өткізбейді) қорғайды. Ағзасында 
майы қор болып жиналатын жануарлар (итбалық, кит, ақ аю, т.б.) суыққа 
төзімді келеді. Майлар ішкі ағзалардың механикалық бекітілуін қамтамасыз 
етеді және ретсіз қозғалудан сақтайды. 
4. Майлар ағзадағы знергия мен судың қоры (депосы) болып саналады. 
Майдың қоры, үшглицеридтер түрінде, бауыр жасушаларында және май 
тіндерінде болады. Дені сау адам салмағының 10-20%-ы май қорынан 
тұрады. Сондықтан, тағаммен келген энергия, шығындалған энергиядан 


басым болса, дене салмағы ұлғаяды да семіздік дамиды. Жүкті әйелдің 
ағзасында майдың қоры, ұрықтың туу уақытына дейін сақталуы мен емізуге 
қажет энергия береді.
Майлардың биологиялық құндылығы. Әр түрлі майлардың биологиялық 
құндылығы олардың құрамындағы қаныққан және қанықпаған май 
қышқылдарының ара қатынасына байланысты. Ал бұл ара қатынас тағам 
құрамындағы жануар мен өсімдік майлары мен А, D, E витаминдері 
болуына тәуелді. Тағам құрамындағы ауыстырылмайтын факторлар - линол 
мен линолен қышқылдары, қанықпаған май қышқылдарына жатады, себебі 
олар ағзада синтезделмейді. Май қышқылдары жасуша мембранасының 
өткізгіштігі мен оның ферменттерінің белсенділігін күшейтеді, сонымен 
қатар 
простагландиндердің 
түзілуіне 
материал 
ретінде 
қатысады. 
Ауыстырылатын май қышқылдарына ағзаның өзінде синтезделетін 
қышқылдар: қаныққанға – пальметинді, стеаринді, ал қанықпағанға – 
олеинді, арахидонді май қышқылдары қарайды. 
Организмдегі майдың жетіспеуінен (әсіресе ауыстырылмайтын май 
қышқылдары) тері мен шаштар зардап шегеді, атеросклерозға келтіретін 
гиперхолестеринемия дамиды. Ал ағзаға тағам құрамындағы майдың 
мөлшері көп болуы семіздікке келтіреді. Семіздік жүрек-қан тамырлар 
ауруларына (инфаркт, инсульт, т.б.) себепші факторлардың бірі болып 
саналады.
Май алмасуының реттелуі. Адреналин, норадреналин, тироксин, өсу 
гормоны, глюкагон, глюкокортикоидтар ағзаның май қорынан майдың 
шығарылуын мобилизациялайды. Сондықтан, физикалық ауыртпалық және 
күйзеліс жағдайында, қанға катехоламиндер мен глюкокортикоидтар түсуінің 
нәтижесінде, организмдегі майлардың шығындалуы бірнеше есе күшейеді. 
Бұл үдерістер гипоталамуста орналасқан арнайы орталықтың бақылауында 
болады. Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен гормондар 
арқылы әсер етеді. Симпатикалық әсерлер үшглицеридтердің ситезін тежеп
олардың ыдырауын күшейтеді. Ал парасимпатикалық орталық, керісінше, 
майдың жиналуына келтіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет