Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Дәріс №13. Зат және знергия алмасуы. Тамақтану



Pdf көрінісі
бет84/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117
Қалыпты физиология

 
Дәріс №13. Зат және знергия алмасуы. Тамақтану. 
Дәрістің жоспары: 
13.1. Негізгі түсініктер. 
13.2. Зат алмасуы. 
13.3. Организмдегі энергияның алмасуы. 
13.4. Тамақтану. 
13.1. Негізгі түсініктер. 
Зат алмасу деп организмге енген қоректік заттарды жасушалар 
құрамдарын синтездеуге пайдалану мен энергия өндіруге, сонымен қатар 
сыртқы ортаға қалдық өнімдерді шығару үдерістерінің жиынтығын айтады. 
Осыған байланысты зат алмасу негізгі үш кезеңнен тұрады: 1) заттардың
организмге түсуі (асқорыту жүйесімен қамтамасыз етіледі); 2) заттарды ағза 
жасушаларының пайдалануы; 3) тыныс және шығару жүйесі арқылы ыдырау 
өнімдері қалдықтарының сыртқы ортаға шығарылуы. 
Қазіргі уақытта тамақтану деген терминді екі түрлі мағынада 
пайдаланады. Біріншіден, тамақтану – бұл тамақпен организмге кіретін 
қоректік заттар жиынтығы. Қоректік заттар - майлар, ақуыздар, 
көмірсулардың гидролизден кейінгі өнімдері (мономерлері), бұлар 
пластикалық және энергиялық материалдар болып саналады. Сонымен бірге 
қоректік заттардың құрамына, тек пластикалық роль атқаратын, су, 
минералды тұздар мен дәрумендер кіреді. Екіншіден, тамақтану – бұл 
қоректік заттардың ағзаның ішкі ортасына ену тәсілі (энтралдық және 
парентральдық тамақтану). 
Ассимиляция деп коректік заттардың ағзаның ішкі ортасына кіргеннен 
кейін ондағы жасушалар құрамындағы күрделі және арнайы заттардың 


жаңадан түзілуін (синтезделуін) қамтамасыз ететін үдерістердің жиынтығын 
айтады. Асқорыту - ассимиляцияның алғашқы кезеңі ( тағам құрамындағы 
ақуыздар, майлар және көмірсулардың ыдырауы). Асқорыту жүйесіндегі 
ақуыздың соңғы тотығу өнімі - аминқыщқылдары мен нуклеотидтер
қөмірсулардікі – моносахаридтер, майлардікі – май қышқылдары мен 
моноглицериндер болады. Асқорыту жүйесінен ағзаның ішкі ортасына енген 
коректік заттардың бөлігі (шамамен 90%) – қоректік заттардың сіңімділігі 
деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет