көзқимылдатқыш жүйке ядросына, мишыққа,
торлы құрылым ядроларына,
таламус пен гипоталамусқа (ІІІ-нейрон), одан әрі тікелей үлкен ми
қыртысына жеткізеді.
Тепе-теңдік талдағышының қыртыстық бөлімі (І-ші вестибулярлық
аймақ) нейрондары ми қыртысының самай және төбе бөлімдерінде
шашыраңқы –артқы
орталық қатпарда, жоғарғы самай қатпарында, жоғарғы
төбе бөлімшесінде және Бродманның 20, 21 алаңдарында орналасады.
Мидың қозғалыс қыртысынның төменгі жағында ІІ-ші вестибулярлық аймақ
табылған, оған ақпараттар тікелей емес (вестибуло-церебелло-таламус)
жолдармен жетеді.
Тепе-теңдік талдағышының әсерленістерінің
ішіндегі ең маңыздылары
кіреберіс-жұлын, кіреберіс-вегетативтік және
кіреберіс-көзқимылдатқыш
реакциялары болып табылады.
Кіреберіс-жұлын әсерленістері кіреберіс-торлы құрылым мен қызыл дақ-
жұлын жолдары арқылы жұлын сегменттерінің деңгейіндегі нейрондар
серпіністерін өзгертуді қамтамасыз етеді. Осылай тепе-теңдік сақтауға керек
рефлекстік реакциялар мен бұлшықет тонусының жылжымалы өрістеуін іске
асырады.
Кіреберіс-вегетативтік әсерленістер қалыпты жағдайда бұлшықеттердегі
дәл осы уақытқа қажетті зат алмасу деңгейін қамтамасыз етеді.
Сонымен
қатар бұл әсерленістерге жүрек-қантамырлар жүйесі, қарын-ішек жолы және
басқа ағзалар қатысады. Әсіресе ағзаға күшті және ұзақ жүктемелер әсер
еткен кезде
қозғалыс ауруы деген патологиялық көріністер пайда болады
(
теңіз ауруы). Оның сипатты белгілері жүрек соғуының жеделдеуі
(тахикардия) немесе баяулауы (брадикардия), адам өңінің қашуы, қан-
тамырларының
тарылуы немесе кеңеюі, қарын қозғалысының күшеюі, бас
айналуы, суық тер шығуы, лоқсу және құсу әсерленісі түрінде байқалады.
Қозғалыс ауруының алдын алу арнайы жаттығулармен (айналу, әткеншек,
алтыбақан тебу т.б.) және дәрі-дәрмек қолдану арқылы орындалады.
Кіреберіс-көзқимылдатқыш рефлекстері. Бұл адамды үдемелі
және тез
айналдырғанда, көздің қарама-қарсы жаққа баяу ырғақты қозғалысынан
кейін, кері қарай ауыстырылатын секірмелі көз ойнақшуы (нистагм)
байқалатын әсерленістер. Айналмалы көз нистагмінің сипаттамасы және
оның пайда болуы – тепе-теңдік жүйе қалпының негізгі көрсеткіштері. Бұл
авиациялық, теңіздік және ғарыштық медицинада,
сонымен қатар клиника
мен тәжірибеде кеңінен қолданылады.
Тепе-теңдік талдағышы қалыпты жағдайларда кеңістікті бағдарлау, көру
және тепе-теңдік сезімтал жүйелерінің бірлескен қызметін қамтамасыз етеді.
Тепе-теңдік аппаратының қызметі зақымданған адам дене қалпын сақтау
қабілетінен айырылады. Вестибулярлық аппаратты машықтандыруда
спортпен шұғылданудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: