сезім туғызатын дыбыс қаттылығының ең жоғары деңгейі адамның есту
шегінің табалдырығынан басым, 130-149 дБ-ге тең болады.
Егер құлаққа бірқалыпты дыбыс ұзақ уақыт әсер етсе,
құлақтың есту
сезімталдығы төмендейді. Басқаша айтқанда бұл
естудің бейімделісі деп
аталады және ол дыбыстың ұзақтығына, күшіне және жиілігіне байланысты.
Тыныштық
жағдайға
бейімделген
(үйренген)
құлақ
дыбыс
тітіркендірістеріне сезімталдығы өте жоғары болады.
Дыбыстың кеңістіктегі шығу көзін анықтау адамның (жануарлардың)
қос
құлақпен (бинауралдық) есту қабілетіне байланысты. Адамның қос құлақпен
есту сезімталдығы өте жоғары: ол дыбыс көзінің орналасқан жерін бір
бұрыштық градус қатарына сәйкес дәлдікпен анықтай алады. Дыбыс
толқыны оның шығу көзіне жақын құлаққа ерте жетеді және күштірек
естіледі, ал қашығырақ тұрған құлаққа кешігіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: