глюкозаға айналуына кедергі жасайды, аминқышқылынан ақуыздың синтезін
қолдап, жасушаға
қарай тасымалын кұшейтеді; көмірсулар алмасу
өнімдерінен жоғары май қышқылдарын өндірумен майлар алмасуды реттеуге
қатысады, май тіндерінен майдың шығуын тежейді.
Инсулиннің белсенділігі тәжірибелік (лабораториялық) және клиникалық
бірліктермен белгіленеді. Лабораториялық бірлік деген – массасы 2 кг
қоянның (кроликтің) қанындағы глюкозаны 2,22 ммоль/л дейін азайтатын
гормонның мөлшері. Әсер ету бірлігіне (ЕД), немесе халықаралық бірлікке
(ИЕ) 0,04082 мг кристалды инсулиннің белсенділігі қабылданған.
Клиникалық бірлік – лабораториялық бірліктің 1/3 бөлігін құрайды.
Инсулиннің түзілуі мен сөлінісінің реттелу
негізіне қандағы глюкозаның
қалыпты мөлшері жатады. Глюкозаның қандағы мөлшері көтерілгенде
(
гипергликемия) инсулиннің түзілуі мен қанға шығуы жоғарылайды, ал
глюкозаның мөлшері азайғанда (
гипогликемия), инсулиннің де мөлшері
төмендейді. Бұл жағдай әрдайым гипоталамустың паравентрикулярлық
ядроларының бақылауында болады.
Қандағы глюкозаның мөлшері
көбейгенде паравентрикулярлық нейрондар белсенділігі көтеріледі де, қозу
серпіністері сопақша мидан кезбе жүйкесімен ұйқы безіне жетіп, инсулиннің
түзілісі мен сөлінісін күшейтеді. Гипогликемия кезінде кері өзгерістер
болады: гипоталамус ядроларының белсендігі төмендеп,
инсулиннің бөлінуі
тежеледі. Соматостатин инсулиннің өндірілуін тежейді.
Қандағы инсулиннің мөлшері
инсулиназа ферментінің белсенділігіне
тәуелді, ол инсулинді бұзатын фермент. Парасимпатикалық жүйке жүйесі
инсулиннің өндірілуін күшейтеді, ал симпатикалық – тежейді.
Достарыңызбен бөлісу: