Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Дәріс №15. Талдағыштар физиологиясы



Pdf көрінісі
бет99/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117
Қалыпты физиология

Дәріс №15. Талдағыштар физиологиясы. 
Талдағыштар. Сезім мүшелері 
Дәрістің жоспары: 
15.1. Сезім жүйесінің жалпы сипаттамасы. 
15.2. Талдағыштарды зерттеу әдістері.
15.3. Талдағыштың бөлімдері: шеткі, аралық және орталық.
15.4. Қабылдағыштардың жіктелуі. 
15.5. Қабылдағыштардың әрекеттік қасиеттері (ерекшеліктері).
 
15.1. Сезім жүйесінің жалпы сипаттамасы 
Әртүрлі сыртқы және ішкі әсерлерді қабылдау және ол ақпараттарды өңдеу 
арнайы сезімтал жүйелері – талдағыштар арқылы жүзеге асырылады.
Талдағыштар немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш
(рецепторлардан), аралық және орталық жүйке жасушаларынан, оларды 
байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі 
бөлігі. Сезім жүйесінде қабыланған ақпараттар қозу толқындарына айналып, 


үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарына жетіп ажыратылады.
Бұл жерде ең жоғарғы анализ және синтез жасалынады.
Талдағыштар туралы ілімді әлемге әйгілі орыс физиологы И.П.Павлов
ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: 
рецепторлық (шеткі бөлімі), өткізгіш жолдары (аралық бөлім), соңында 
афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы 
(орталық бөлімі). 
Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М.Сеченовтың айтуы 
бойынша, талдағыш дегеніміз – мидың сезіну жүйесі. Өйткені әрбір 
психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туындайды. 
Сыртқы дүниені тану әрдайым сезуден басталады. Ал сезу түйсікті 
қалыптастырады, сезу мен түйсік арқасында түсінік пайда болады. Сөйтіп, 
сезу, түйсік, түсінік таным удерістерінің алғашқы кезеңдері. Олар нақтылы 
ойлауды қалыптастырады. 
Талдағыштарды зерттеу әдістері. 
Талдағыштардың қызметтерін зерттеу үшін әртүрлі тәжірибелік және 
клиникалық 
әдістер 
жиі 
қоладанылады. 
Олар 
морфологиялық, 
физиологиялық, биохимиялық, психофизиологиялық, электрофизиологиялық
және тағы басқа әдістерден тұрады. Әрбір жеке талдағыштар туралы 
тәжірибелік сабақтарда оларды зерттеу әдістерімен толығынан таныс 
боласыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет